Елемесова Исламия Оралбековна дайындады 2023 жылғы "05" қыркүйек Жалпы мәліметтер Курс, топ І курс, бм-22қб сабақтың түрі: дәріс сабақ



Дата15.11.2023
өлшемі24,12 Kb.
#123428
түріСабақ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК
Оқу сабағының жоспары
Ақпараттық қауіпсіздік
Модуль /пән атауы: АКТ
Педагог Елемесова Исламия Оралбековна дайындады
2023 жылғы "05" қыркүйек
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ _І курс, БМ-22қб
Сабақтың түрі: дәріс сабақ
2. Мақсаты, міндеттері
Мақсаты: АКТ теория негіздерімен түсінеді.
3. АКТ теория негіздерімен түсінеді. Қоғамда, білім беру саласында АКТ технологияларын қолдана біледі.
4. Қажетті ресурстар:интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі материалдар.
5. Сабақтың барысы:
Студенттерді түгендеп, өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.
«Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар (АКТ)– жеке тұлғаға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беретін маңызды жүйе» деп айтуға болады. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, ерік — жігерлерін, яғни өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Ғалымдардың пікірінше АКТ — ны екі бөлікте сипаттайды:
1) Компьютерлік бағдарламалар;
2) Желілік қызмет.
Әр бөліктің атқаратын қызметтері төменде көрсетілген.
Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін — өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болса, ақпараттандыру жолының басты мақсаты – оқыту үрдісін ақпараттандыру,
— электрондық оқулықтардың құрылымын жасақтау,
— педагогтардың ақпараттық құзіреттілік біліктілігін арттыру,
— техникалық және бағдарламалық қамсыздандыру,
— әлемдік білім беру кеңістігіне ену болып отыр. Бірақ бұл мақсатқа жетудің ең басты міндеті –
— білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
— педагог мамандарды ақпараттық — коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасау.
— ақпараттық — коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің оқыту үрдісіне енгізу бойынша педагог мамандардың іс — тәжірибесін тарату.
Бұл тақырыптың бүгінгі таңдағы өзектілігі: білім беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыруы, қазіргі заман талабына сай ақпараттандыру қоғамының жаңа талаптарын орындауы, оқыту үрдісінде ақпараттық технологиялардың қолданылу аясының кеңеюі, оқуға деген қызығушылық қарқынының азаюынан туындап отыр.
АКТ — ның көмегімен сабақты қалай өткізуге және не істеуге болады деген сұраққа, өз іс тәжірибемде мынадай бағыттарын ұсынар едім:
Илюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау,
Ақпараттық видеороликтерді құру және көрсету,
Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру,
Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру,
Кез — келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу,
Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу.
Қашықтықтан оқыту жүйесін пайдалану.

Ақпараттық технология – ізденімпаздыққа үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, пайдалану арқылы ғылымның кез-келген саласын жылдам дамытып, одан нақты тиімді нәтиже алуымызға болады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді. 
Дәстүрлі білім берумен қатар, қазіргі білім беру және ақпараттық технолгияларды негізделген дәстүрлі емес оқыту амал- тәсілдері кеңінен қолданыла бастады. Бұл Интернет- технолгиялар немесе электронды білім беруге негізделген ашық және қашықтан оқыту жүйелері.
Мен Microsoft Word, Power Point, Excel, Adobe Photoshop, Movie Maker, Internet Explore, My testX, Active Studio т.б.программалармен жұмыс жасай аламын . Ақпараттық – коммуникативтік технологиямен жұмыс істеу – компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
«Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің мұғалім үшін тиімділігі недедеген сұраққа тоқталатын болсақ:
— Жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
— Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
— Аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
— Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
— Шығармашылық жұмыстар жасайды;
— Қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
— Қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
— Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпалы болады;

— Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасайды, сайттарға өз сабақтарын енгізе отырып, өз біліктілігін көтереді;
— Интернетте жұмыс жасау арқылы мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
— Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
— Оқушылардың тынымдық қабілеттерін қалыптастырады;
— Сабақта этнопедагогикалық тәрбие беруге мүмкіндік туады;
— Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
— Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б. .
Бүгінгі таңдағы білім беру ісінің басты шарттарының бірі оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына мүмкіндік беру, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуін есепке алу. Педагогтар өз сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мынадай артықшылықтарды көре алады:
1. Тақырып шеңберіндегі айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады, яғни уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік алады;
2. Оқушылардың интернет арқылы өз бетінше ізденіп жұмыс жасауларына мүмкіндік жасалады;
3. Оқушы өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызылады;
4. Сабақта өтілетін тақырыпқа байланысты киноларды, слайдттарды, суреттерді, кестелерді пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады т.б.
5. Электронды оқулықтарды пайдалану арқылы сабаққа жаңашылдық енгізеді. « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.



Үй тапсырмасы: лекция жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет