Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет25/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
айналысты,  кедейлер  оларды  сол  үшін 
иттің  етіндей  жек  көрді.  Кедей-кепшіктер 
жаман үйлерді жалдап тұруға мәжбүр бол-
ды,  есесіне  бай-манаптар,  ақсүйектер 
жақсы  үйлерде,  кең  сарайларда  тұрып 
жатты.  Кедей  сорлылар  қожайындарына 
тәуелді  болғандықтан,  олардың  әділетсіз 
талаптарын  амалсыз  орындады.  Шіркеу 
мен 
мемлекеттің 
тауқыметін 
көтеру 
қоғамның 
орташа 
және 
төменгі 
саласындағы  жандардың    мойындарына 
артылып,  оларға  орасан  зор  салықтар  са-

127 
 
лынды.  Бұл  байғұстардың  аштықтан,  ау-
рудан  бұратылып  өліп  жатқандарында 
ешкімнің  шаруасы  болған  жоқ,  себебі  ең 
бастысы  байлардың  талаптарын  орындау 
қажет  болды.  Сол  заңды  деп  саналды. 
Адамдар 
жер 
иелерінің 
пікірлерімен 
санасуға  тиісті  болды.  Шаруалардың 
өмірлері  қиындықта  өтіп  жатты,  олар 
малайлықта  жүріп  қиын,  жаман,  лас 
жұмыстарды  орындады  және  өздерінің 
ауыр  халдары  жайлы  ешкімге  шағым 
айтуға  хұқысы  да  болған  жоқ.  Сот 
кедейлерді  емес,  байларды  ғана  қорғады. 
Бишілер пара алып, ақсүйектерді жақтап, 
үкімді олардың пайдасына шешіп отырды. 
Қарапайым 
халықтарға 
діндарлармен 
және  зайырлы  мырзалармен  (вельможа) 
салынатын  салықтың  көбі  байлардың 
қалтасында  қалып,  олардың  рахаттанып 
жұмсауына  жарады.  Ал    шіркеу  мен 
патшаның  қазынасына  оның  жартысы  да 
жетпейтін 
болатын. 
Жақындарының 
маңдай  терін  сыпырып  алып  жатқан  аты 
атаулы  тонаушылар  салық  дегеннен  боса-
тылып қана қоймай, жақсы — жақсы жер-
лерде  қызмет  атқарды.  Осы  айтылған 
адамдардың  саны  150  000  —  жетіп,  ал 
қалған 1 000 000 — олардың езгісінде бо-
лып,  солардың  мүдделерін  қарастыруға 
тиісті болды.  
   Сарайдағылар  ақшаны  сорпадай  сапы-
рып, суша шашып өмірлерін азғындықпен 
өткізіп  жатты.  Халық  пен  олардың 
билеушілерінің  арасында  ешқандай  сенім 
қалған  жоқ.  Жоғарыда  отырғандардың 
аттаған 
адымдары 
қара 
халыққа 
жауыздық,  пайдакүнемдік  болып  көрінді. 
Революцияның  алдындағы  50  жыл  бойы 
таққа  ие  болған  Людовик  XV  сол  халық 
қайыршылыққа 
ұшыраған 
сұрапыл 
з а м а н д а р д ы ң  
ө з і н д е  
о й ы н  
— 
сауықшылдығымен, 
тәртіпсіздігімен, 
жеңілтектігімен әйгілі болатын. 
   Қатыгез, зұлым ақсүйектер, азып-тозған 
надан  халық,  дағдарысқа  ұшыраған  мем-
лекет,  торыққан  жандар  —  осының 
барлығы 
бір 
аласапыранға 
әкеліп 
тірейтінін  білу  үшін,  пайғамбар  болудың 
қажеті  жоқ  еді.  Алдын  ала  қауіптендірген 
кеңесшілеріне  патша  былай  деп  жауап 
берді:  «Менің  тұсымда  барлығы  бәз  — 
баяғысынша  қалуына  бар  күштеріңді 
салыңдар,  ал  мен  өлген  соң  не  болса,  сол 
болсын».  Қайта  құру  жайлы  айтылған 
сөздердің  барлығы  жай  болып  шықты. 
Зұлымдыққа  қарсы  тұруға  патшаның 
батылдығы  да  жетпеді,  әлі  де  келмеді. 
«Менен  кейін  топан  суы  қаптаса  да  бәрі 
бір» 
— 
деген 
патшаның 
сөздері 
Францияның  тағдырын  біржола  шешіп 
тұрғандай  болды.  Ал  Рим болса,  патшалар 
мен  билеушілерді  қара  халыққа  айдап  са-
лып,  басқаша  айтқанда  біреудің  қолымен 
от 
көсеп, 
осылайша 
патшалардың 
қарамағындағыларын да, олардың өздерін 
де  құлдықта  ұстағысы  келді.  Біреулерді 
өздеріне 
бағындыру 
үшін, 
соларды 
құлдықта 
ұстау 
таптырмайтын 
тәсіл  
екенін  Рим  жақсы  білетін.  Ол  үшін 
халықты  өз  бостандықтарын  пайдалана 
алмайтын  күйге  жеткізу  керек  болды. 
Осылайша  Римнің  саясатының  салдары-
нан  халық  азғындыққа  ұшырады,  ал  бұл 
дегеніміз  тән  азабынан  1000  есе  асып 
түсті. Киелі Жазудан қол үзіп қалған адам-
дар  надандыққа,  ырым  —  жырымға, 
кесірге  батып,  өздерін  өздері  билеуге  ша-
малары келмей қалды. 
  Десе 
де 
мұның 
ақыры 
Римнің 
көздегеніндей  болып  шыққан  жоқ.  Рим 
өздерінің  догмаларына  күшпен  сендіріп 
ұстағысы  келген  халыққа  ие  бола  алмай 
қалды. Сөйтіп халық ештеңеге иланбайтын 
революционерлер мен безбүйректер болып 
шыға келді. Білетіндері Римнің Құдайы, ал 
дін  деген  Рим  шіркеуінің  ілімі  деп 
есептейтін  олар,  осыншама  ауыр  халге 
ұшырағандарына  католиктерді  кінәлап, 
оларды жек көрді. Римнің сараңдығы мен 
қатыгездігін  Киелі  Кітаптан  алынған  ілім 
деп  түсінген  халық,  енді  Киелі  Жазбадан 
да  ,  оның  Авторынан  да  мүлдем  бас  тар-
тты.  Рим  адамдардан  католиктердің  дог-
маларына  дәлелсіз  бағынуын  талап  етсе, 
Вольтер  және  оның  ізбасарлары  болса,  
к е р і с і н ш е  
б а р л ы қ  
ж е р л е р д е 
имансыздықтың  уытын  септі.  Ақыры  Рим 
халықтың  арқасына  өзінің  темір  өкшесін 
батырып  жібергендіктен,  олар  шектелудің 
барлық түрлерінен бас тартып, жан жаққа 
бытырап  кетті.  Адамдар  осы  уақытқа 
дейін 
алданып 
келгендеріне 
ашулы 
болғандары 
соншалықты, 
шынайы 
ақиқаттан 
да, 
өтірік-шыны 
аралас 
ақиқаттан  да  босанып,  бостандық  алдық 
деп  есептеп,  шын  мәнінде  өздерін  өздері 
кісендегендерін  түсінген  де  жоқ.  Дәл 

128 
 
революцияның 
алдында 
патшаның 
босаңсытқанының 
нәтижесінде 
халық 
п а р л а м е н т т е н ,  
а қ с ү й е к т е р  
м е н 
діндарларды  қоса  санағаннан  да,  артық 
орын  алды.  Халықтың  қолына  билік  осы-
лайша  тиді,  бірақ  олар  бұл  билікті  дұрыс 
пайдалана  білмеді.  Өздеріне  қаншама 
қайғы 
қасірет 
әкелген 
ережелерді 
өзгертеміз  деген  ниетпен,  қоғамды  қайра 
құра бастады. 
   Халық  қаншама  уақыт  бойы  қорлықта 
жүргеніне  кімді  кінәлі  деп  тапса,  соған 
барлық  қаһарын  жаудырды.  Езушілердің 
сабағы  тек  қалған  жоқ,  езгіде  болғандар 
үйренген  өнегелерін  өздерін  қорлықта 
ұстағандарға  жұмсады.  Сорлы  Франция 
қанға  тұншыға  отырып,  еккен  егінінің 
жемісін  жеді.  Римнің  билігінің  соңы  жан 
түршігерлік нәтижелерге әкеліп тіреді. Бір 
кездері  «еретиктерге»  алаулар  жағылған 
жерлерге,  енді  революционерлер  өздерінің 
гильотиналарын  құрды.  XVI  ғасырда  про-
тестанттар  жазаланған  жерлерде  екі 
ғасырдан  соң  тағыда  өлім  жазасына 
ұсынылғандар  өмірлерімен  қоштасты.  Ізгі 
хабардан 
бас 
тартқан 
Франция 
бұзылғандық  пен  азғындыққа  есік  ашты. 
Құдай  заңы  адамды  шектеулі  етеді  деп 
адамның  шығарған  заңын  таңдап  алған 
қоғам  ақыр  аяғында  шытырмандық  пен 
анархияның  шырмауына  түсті.  Киелі 
Кітаппен  шайқасу    «террордың  билігі»  ат-
ты  тарихтың  жаңа  парағын  ашты.  Бейбіт 
өмір әр үйден әр адамның жүрегінен алы-
стап  кетті,  ертеңінің  не  болатынын  ешкім 
білмеді.  Бүгінгі  күні  билік  құрғандар, 
келесі 
күні 
күдіктілердің 
қатарынан 
шығып  жатты.  Барлық  жерлерде  зорлау, 
жәбір  көрсету  көбейіп  кетті.  Патша,  дін 
әкелері  және  ақсүйектер  үзенгісіз  кеткен 
озбырларға 
бағынуға 
мәжбүр 
болды. 
Патшаның 
өлім 
жазасына 
кесілуі 
өшпенділікті  өршіте  түсті.  Оны  айтулы 
жазаға  бұйырғандар,  шамалы  уақыттан 
соң өздері эшафотқа түсті. Революцияның 
жауы деп есептелгендердің барлығын өлім 
жазасы  күтіп  тұрды.  Түрмелер  адамдарға 
лық  толды,  онда  200  мыңға  дейін  бас 
бостандығынан 
айрылғандар 
отырды. 
Қалаларда неше түрлі жаман оқиғалар бо-
лып  жатты.  Революционерлер  өздері  бір 
бірлерімен  аңдысты.  Осылайша  Франция 
үлкен  соғыс  алаңына  айналды.  Париждің 
тұрғындары  бірнеше  партияларға  бөлініп, 
бір бірлерін жойып жіберуге дайын тұрды. 
Франция  Еуропаның  ұлы  астамдарының 
арасындағы    шайқасқа  қатысам  деп  
жүргенде,  азып-тозып  қайыршылыққа 
ұшырады.  Армия  қаражат  қажет  етті,  ал 
париждіктер  болса  аштан  бұратылып  өліп 
жатты.  Қарақшылар  кішкене  қалаларды 
тонап, анархия өркениеттің көзін жойды.  
    Иә, Римнің тәлімінің нәтижесінде халық 
қатыгездік  ілімін  өте  жақсы  меңгерді. 
Мінекей  енді  өш  алатын  күн  туды.  Бірақ 
ендігі жерде түрмелерге қамалып эшафот-
тарда  қандарын  төккендер  Ғайсаның 
шәкірттері  емес,  олар  баяғыда  өліп  бітті 
немесе  басқа  жерлерде  қаңғып  жүрді, 
б ұ л а р ,  
қ а н  
т ө г у г е  
қ ұ н ы қ қ а н 
оқушыларынан  жазасын  алып  жатқан 
Францияның  діндарларының  өздері  бола-
тын.  Қатыгез  Рим  жауыздығының  өлімші 
күшін өзі сезінді. Француз діндарларының 
ғасырлар бойғы қаруы болған қуғын-сүргін 
енді  міне  өз  бастарына  тап  болды.  Эша-
фоттар  дін  әкелерінің  қанына  батып 
қалды.  Бір  кездері  гугеноттарға  толы 
болған түрмелер мен галерлер енді оларды 
қуғындаушыларға  толды.  «Еретиктердің» 
жомарттықпен 
жазалаған 
католик 
шіркеуінің  дін  әкелері  азапталушылардың 
көрген  қасіретін  көріп,  олардың  тартқан 
жан  азабын  өздері  тартты.  Қатыгез  сот 
қатыгез  заңдар  қабылдайтын  күндер 
туып,  барлық  жерлерде  қарақшылар 
жүргендіктен  қылмыскер  болып  шыға  ке-
луден,  өлім  жазасына  кесілуден  қорыққан 
жандар  дұға  оқудан,  тіпті  бір  бірімен 
амандасудан 
қалды. 
Адым 
сайын 
тыңшылар  жүрді,  гильотиналар  дамылсыз 
жұмыс  істеді.  Түрмелер  адамдарға  толып, 
кәріз  құбырларынан  Сенаға  көбіктенген 
қан  судай  ақты.  Жоғарғы  комитеттен  де-
партаментке  жіберілген  проконсулдар  Па-
риж  көріп  көрмеген    адам  айтқысыз 
қатыгездікпен жұмыс жасады. Өлім жаза-
сына  кесілгендер  таңнан  кешке  дейін 
Париждің  көшелерімен  шұбырып  жатты. 
Гильо тиналар  
тым  
б аяу  
жұмы с 
істегендіктен,  қамауға  алынғандардың 
көпшілігі  картечтың  көмегімен  өлтірілді. 
Қамаудағыларды  баржаларға  лық  толты-
рып,  түптерін  әдейілеп  тесіп отырған.  Ли-
он  қаласы  шөл  далаға  айналды.  Ал  Арес 
қаласында «жылдам өлім» — деп аталатын 
жеңілдіктер  сұраған  тұтқындарға  ондай 
мүмкіндік  берілмеді.  Сомурдан  теңізге 

129 
 
дейінгі Лаура өзені өлгендердің денелеріне 
толып  кетті,  олар  қарға  құзғындардың 
жемтігіне айналды. Әйел болсын, бала бол-
сын  ешкімге  аяушылық  жасалған  жоқ. 
Емшектегі  нәрестелерге  дейін  сарбаздар 
аналарынан  айырып  алып,    найзаның 
ұшына  түйреп  қатар  бойынша  бір  біріне 
лақтырғылап  ермек  қылған.  Айналдырған 
оншақты  жылдың  ішінде  қаншама  халық 
қырылды. 
   Ібіліс осылайша ойлағанын жүзеге асыр-
ды.  Бұл  оның  ғасырлар  бойғы  көздеген 
мақсаты болатын. Оның саясаты  — алдап 
арбау.  Арманы  адамзатты  құса  қылып, 
қайғыға  ұшырату,  Құдайдың  пендесін 
құбыжыққа 
айналдырып, 
Аспанды 
қамықтыру.  Болып  жатқан  сұмдықтарға 
Құдайды  кінәлайтындай  қылып,  адамзат-
ты рухани соқыр қылып қояды. Адамдарға 
неше  түрлі  бұзақылықты  үйретіп,  хайуан 
болуға дейін жеткізеді де, бір біріне айдап 
салады. Бір өтірігі әшкереленген кезде, ол 
өтіріктің  басқаша  түрін  ойлап  тауып, 
адамды  шалып  құлатуды  ойлайды.  Халық 
папаның  ілімінің  жалған  екенін  түсінген 
кезде,  олар  Тірі  Алланың  өзгермейтін 
заңының  ақиқат  екенін  мойындап  қояма 
деген  қауіппен  албасты  кез  келген  дін 
жалған, ал Киелі Жазу дегендерің аңыз деп 
шығарып  тастады.  Құдай  заңын  ұмытқан 
халық  тұңғиыққа  түскендей  тұншықты. 
Ф р а н ц и я н ы ң  
б а с ы н а н  
ө т к і з г е н 
қасіреттерінің  барлығы  олардың  Құдай 
заңын  ұмытқандарының  нәтижесі  бола-
тын.  Шын  мәнінде  нағыз  бостандық 
дегеніңіз  —  Шексіз  Алланың  қасиетті 
заңын бұлжытпай орындау. «Шіркін адам-
зат  Менің  берген  заңымды  орындаса  ғой 
бірлігі  өзендей  сарқырап,  шындығы  теңіз 
толқынындай шайқалатын еді». «Арсыздар 
бейбіт  өмірге  ие  бола  алмайды»  —  дейді 
Алла.  «Менің  сөзіме  құлақ  асатындар 
қауіптенбей  тыныш  өмір  сүреді»  (Ишая 
48:18,22; Нақыл сөздер 1: 33). 
   Атеистер,  скептиктер,  арсыздар  Құдай 
заңын  керексіз  етеді  және  оған  қарсы 
күрес жүргізеді, сондықтан да болар бере-
ке  бірлікке  Құдай  деген  жандар  ғана  ие 
болады.  Ескерте  кететін  жайт,  өмір 
кітабын  зерттегісі  келмейтіндер,  адамзат 
тарихынан  өздеріне  сабақ  алып,  нақтылы 
шешімдер  қабылдасын.  Сайтан  католик-
тер  шіркеуі  арқылы  адамдарды  ақиқат 
жолынан  тайдырып  жіберді,  ал  өзінің 
пасық тәсілдері мен азғындық әрекеттерін 
жалған шындықтың шымылдығымен таса-
лап  жауып  қойды.  Сол  себепті  де  халық 
бұзылғандықты, 
рухани 
құлдырауды 
Құдай 
заңын 
орындамағандарының 
нәтижесі  екенін  сезбей  қалды.  Алланың 
Қасиетті  Рухы  сайтанның  белсенді  жұмыс 
жасауына  кедергі  жасағандықтан,  ол  өз 
ойын  толық  жүзеге  асыра  алмады.  Ал  ре-
волюция  кезінде  ұлттық  кеңес  арқылы 
Құдай заңы толық доғарылғандықтан, тер-
рор  жылдарында  азғындықтың  нәтижесі 
барлығына айқын көрінді.  
   Франция  Құдайды  және  Оның  Киелі 
Сөзін  аяғымен  таптаған  кезде  арсыздар 
м е н  
з ұ л ы м д ы қ т ы ң  
р у х т а р ы н ы ң 
қуаныштарында  шек  болмады,  өйткені 
бүтін  мемлекет  Құдай  заңының  талапта-
рынан  босап  шығып,  соның  нәтижесінде 
шайтан  көздеген  мақсатына  жетті.  Осы 
жерде  Сүлеймен  патшаның  сөздері  өте 
о р ы н д ы  
а й т ы л ғ а н :  
Ж а с а ғ а н 
заңсыздықтары  үшін  табанда  жауапқа 
тартылмайтын 
болғандықтан 
«адамзат 
баласының  жүрегі  зұлымдық  жасаудан 
тайынбайды»  (Сүлеймен  патша  8:11). 
Әділетті 
Құдай 
заңын 
бұзу 
әрине 
бақытсыздыққа  әкелім  тіреуге  тиісті  бол-
ды. Жұрт арсыз істері үшін жазаны бірден 
алмағанымен, өз ажалдарына асығып бара 
жатқандары  күмәнсіз  еді.  Ғасырлар  бойы 
қылмыс  жасағандардың  заңсыздықтары 
жаза шарасына құйылып жатты, ал ол ша-
ра толған кезде, арсыздар, Құдайдың шы-
дамын 
сынағандарының 
қаншалықты 
қорқынышты екенін сонда ғана білді. 
   Алланың  Қасиетті  Рухы  Ібілістің  билігіне 
кедергі 
жасаған 
жоқ, 
сол-ақ 
екен 
адамзаттың  азабына  айызы  қанып  рахат-
танатын  албасты,  зұлымдық  жасауға 
бостандық алды. Мемлекет ауызбен айтып 
жеткізу  мүмкін  еместей  қылмысқа  батып 
қалды, осылайша күнәға қызмет еткендер, 
еккен  егіндерінің  дәндерін  жеді.  Қираған 
қалалар  мен  азып  тозып  бос қалған  ауыл-
дардан көкке қарай торыққан, ащы үндер 
шарықтап  көтеріліп  жатты.  Францияда 
қатты  жер  сілкінісі  болып  өткендей 
көрінді. 
Ібіліс  Құдай  заңына  қарсы  сермелеген 
қолымен 
дінді, 
заңды, 
қоғамды, 

130 
 
жанұяларды,  мемлекетті,  шіркеуді  жоқ 
қылып сыпырып тастады. 
Данышпан  өз  сөзінде  былай  дейді: 
«Арсызды  өзінің  арсыздығы  құлатады». 
«Күнәкарлар  күнә  үстіне  күнә  жасап, 
қасарысып 
қалғанымен, 
Құдайдан 
қорқатындар  берекесіз  қалмайды,  ал 
арсызға  ешқандай  жақсылық  болмай-
ды»  (Нақыл  сөздер  11:5;  Сүлеймен  патша 
8:12,13).  «Олар  даналықты  жек  көрді, 
Құдайдан 
қорықпады, 
сол 
себепті 
азғындықтың  жемісін  жейді  және  арам 
пиғылдарына  тойынады»  (Нақыл  сөздер 
1:29,31). 
Тұңғиықтан  шыққан  қара  күшке  қарсы 
күрес 
жүргізген 
Алланың 
сенімді 
куәгерлері  үнсіздікте  көп  болған  жоқ,  үш 
жарым күннен кейін оларға Құдайдан жан 
кіріп,  орындарынан  түрегелді,  ал  оларға 
қарап  тұрғандар  қатты  үрейленді  (Аян 
11:11). 
1793  жылы  Францияның  ұлттық  кеңесі 
Құдай сөзін оқуды тоқтатқызып, христиан 
дінінің  көзін  жою  керектігі  жайлы  декрет 
қабылдаған  болатын.  Арада  үш  жарым 
жыл  өткен  кезде  дәл  осы  кеңес  Құдай 
сөзіне  бостандық  беретінін  жариялады. 
Қасиетті  заңның  аяқ  асты  болғанының 
қандай қасіретке әкеліп тірегенін халық өз 
көзімен көрді  және Алланың  сөзін  зерттеу 
қажет екендігін мойындады. 
  «Кімнің  атын  ластап,  кімге  қарап  дауыс 
көтердің?  Қасиетті  Ысрайылға  ма?  (Ишая 
37:23). 
«Мінекей 
Мен 
оларға 
Өз 
құдіретімді, 
Өз 
білегімнің 
күшін 
көрсетемін,  Менің  есімімнің  Құдай  екенін 
білсін» (Ереуіл 16:21). 
Екі куәгер жайлы пайғамбар былай дейді: 
«Олар  көктен  өздеріне  үн  қатып:  «Мұнда 
көтеріліңдер!»  —  деген  дауысты  естіді. 
Дұшпандары  қарап  тұрған  кезде  олар 
бұлтпен көкке көтеріліп кетті» (Аян 11:12). 
Франция екі куәгерге қарсы соғыс жария-
лады,  бірақ  Құдай  олардың  мәртебесін 
бұрын соңды болмағандай көтерді. 
  1804    жылы  Британдық  және  шетелдік 
Киелі  Кітап  қоғамы  ашылды.  Осыдан 
кейін мұндай филиалдар барлық Еуропада 
ашыла  бастады.  1816  жылы  дәл  осындай 
қоғам  Америкада  ашылды.  Британия 
қоғамы  ашылсымен  Киелі  Кітап  елу  тілде 
шығарылып  таратылды.  Содан  бері  ол 
жүздеген  тілдер  мен  тіл  ерекшеліктеріне 
(диалект) аударылды. 
1792-ші жылдың алдындағы 50 жыл бойы 
шетелдік миссияға өте аз көңіл бөлініп кел-
ген болатын. Жаңа қоғамдар қрылған жоқ, 
т е к  
а з д а ғ а н  
ш і р к е у л е р  
п ұ т қ а 
т а б ы н у ш ы л а р д ы ң  
ж е р л е р і н е 
Мәсіхшылдықты  тарату  үшін  шамалаған   
ғана жұмыс жасап жатты. XVIII ғасырдың 
аяғында  жағдай  күрт  өзгерді.  Халық  ра-
ционализм  дегенге  қанағаттанбай  шын 
мәніндегі жанды дінді аңсады. Осы кезден 
бастап  шетелдік  миссияның  жұмысы 
шарықтау шыңына көтерілді. Баспа ісінің 
ашылуы  бұл  істі  өркендете  түсті.  Мемле-
кеттер 
арасындағы 
байланыстардың 
жақсара  түсуі,  ырым  —  жырымның 
тоқталуы, 
Рим 
папасының 
мемлекет 
билігіне 
әсер 
ете 
алмай, 
қолының 
қысқарып  қалғаны  —  осының  барлығы 
Киелі  Кітапқа  жол  ашты.  Римнің  кез  кел-
ген  көшелерінде  Киелі  Кітаптар  сатылып, 
ол жер шарының түкпір түкпіріне тарады. 
   Бірде  Құдайдың  қарсыласы  Вольтер 
мақтанып, 
былай 
деген 
болатын: 
«Мәсіхшілер дінінің негізін 12 адам қалады 
дегенді  тыңдаудан  жалықтым,  оны  бірақ 
адам  жойып  жіберуге  шамасы  барын 
дәлелдеп  бере  аламын».  Оның  өлгеніне 
бірнеше  жыл  өтті.  Киелі  Кітапқа  қарсы 
с о ғы с қ а  
м и лл ио нд а ға н  
ад ам д а р 
қатыстырылды. 
Бірақ 
аспан  жерден 
қандай  биік  болса,  Жазбаны  жойып 
ж і б е р гі с і  
к е лге нд е р д і ң 
қ о лд ар ы 
соншалықты 
қысқа 
болды. 
Егер 
Вольтердің  заманында  Киелі  Кітаптың 
ондаған мың ғана данасы болса, енді оның 
данасы  жүздеген  мыңға  жетті.  Төске 
соғылып  қираған  балғадай,  Киелі  Кітапты 
құртам деушілер өздері құрыды. 
   «Саған  қарсы  жасалған  бірде  бір  қару 
сәтті  бола  алмайды,  сенімен  сайысқа 
түскен  кез  келген  тілді  сот  алдында  сен 
айыптайсың» делінген Киелі Кітапта (Ишая 
54:17). 
Құдай заңы мәңгілік және әділетті, өйткені 
ол 
ақиқатқа 
негізделген. 
Адамның 
қолынан  шыққан  нәрсе  тозады,  қирайды, 
ал  Алланың  қолынан  шыққаны    мәңгілік 
тұрады. 

131 
 
16 
 Америкадағы алғашқы  
протестанттар 
Ағылшын  реформаторлары  католиктердің 
ілімінен  бас  тартқандарымен,  сол  ілімнің 
көптеген  формалары  бұрынғы  күйінде 
сақталып 
қалды. 
Олар 
негізінен 
папалықтың 
абыройы 
мен 
сенімінің 
рәміздерін  алып  тастаса  да,  бірқатар  сал-
ттары  мен  дәстүрлері  сол  қалпында 
ағылшын  шіркеуінің  Құдай  жолындағы  
қызметтерінің    тәртібіне  енді.  Негізсіз 
болғандықтан  бұл дәстүрлер жайлы Киелі 
Кітапта  ештеңе  айтылмаған,  десе  де 
оларға тыйым да салынбағандықтан, айту-
лы  дәстүрлердің    шіркеуге  келтіретін 
ешқандай  зияны  да  жоқ  деп  есептелді. 
Бұларды 
орындау 
реформаланған 
шіркеулер 
мен 
Римнің 
арасындағы 
шыңырауды 
жалғап, 
католиктердің 
протестанттық 
дінді 
қабылдауына 
жәрдемін  тигізеді  делінді.  Консерваторлар 
мен  мәмілеге  келушілер  бұған  толығымен 
келісті. Басқаша ойлайтындарда аз болған 
жоқ. Олардың ойынша, айтулы  дәстүрлер 
реформация  мен  Римнің  арасына  көпір 
орнатады  деген  дерек,  керісінше  сол 
дәстүрлерді 
орындамау 
керектігін 
айқындап  тұрғандай  болды.  Өйткені  олар 
ендігі  жерде  мойындарына  осы  секілді 
қамыт  артқылары  келмеді,  ал  айтулы 
дәстүрлер  —  құлдықтың  рәміздері  еді. 
Құдайға 
қызмет 
етудің 
ұстанымын 
Жаратушының  Өзі  әуел  баста  сызып 
қойған  болатын,  оған  ештеңе  қосуға  да, 
одан  ештеңе  алып  тастауға  да  болмайды. 
Бұл  қылмыс.  Күнәға  белшесінен  бату 
Құдайдың  абыройын  шіркеу  өз  абыройы-
мен толықтырам дегеннен басталды. Әуелі  
Рим  Құдайдың  берген  кеңшілігіне  тыйым 
салды, онан соң Оның бекіткен ережелерін 
алып тастады — деп, оларға жөн сілтеді. 
   К ө п ш і л і к  
ж а н д а р  
б о л с а 
қарапайымдылық  пен  тазалықты  аңсады. 
Ағылшын шіркеуінің бірсыпыра дәстүрлері 
пұтқа табынушылардың дәстүрлерімен өте 
ұқсас  болды,  сондықтан    адамдардың  ба-
сым  көпшілігі  онымен  келіспеді.  Бірақ 
шіркеу  болса  үкімет  билігінің  қолдауына 
сүйеніп алып, ештеңені өзгерткісі келмеді. 
Жұрт 
заң 
бойынша 
ресми 
түрде 
қабылданған шіркеуге жиналуға тиісті бо-
лып,  басқа  жерлерде  жиналса  жауапқа 
тартылатын болып шықты. XVII ғасырдың 
басында  таққа  отырған  монарх  әркімнен 
ағылшын  шіркеуінің  абыройын  мойын-
дауын  талап  етті,  онымен  келіспегендер 
жазаның 
басқаша 
түріне 
ұшырамай 
тұрғанда мемлекеттен кетуге тиісті болды. 
Құдайға  өздерінің  арына  сай  шын 
жүректен  қызмет  еткісі  келгендер  қуғын-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет