келсін. Күйеу балалар мен қалыңдықтар да
шықсын. Құдай үйіндегі есік пен құрбан
шалатын орынның ортасында жүрген дін
қызметкерлері
зарласын.
Жылаңдар
барлығың, киімдеріңді емес, жүректеріңді
жыртыңдар, Құдайдан кешірім сұрап,
Оған
жалыныңдар.
Алла
мейірімді,
кешірімді, өте шыдамды және аса
рақымды» (Жоел2: 1, 15-18,12,13).
Ақыр күні құтқарылып қалу үшін ұлы
өзгерістер қажет. Құдай Өз халқының
арасында көптеген адамдардың Құдай
патшалығына кіруге дайын емес екенін
көрді, сондықтан да Ол осы хабарды
әдейілеп солар үшін жіберді. Бұл хабар
аянның 14-ші тарауында жазылған. Үш
періште хабарландыруларын жеткізсімен
Құдай жер бетіне «егін» жинауға келеді.
Бірінші хабарда сот жайлы айтылады.
Пайғамбар аспанның дәл ортасында
қолына Ізгі хабарды ұстап ұшып келе
жатқан періштені көрді. Бұл періште жер
141
бетінің күллі тұрғындарына, барлық ұлттар
мен буындарға, әр түрлі тілдерде
сөйлейтін барша халыққа: «Құдайдан
қорқыңдар, Оның есімін мадақтаңдар,
өйткені сот басталды. Жер мен көкті,
теңіздер мен мұхиттарды Жаратқанға
табыныңдар» — дейді (Аян 14: 6, 7). Бұл
хабар мәңгілік Ізгі хабардың бір бөлігі
ғана. Құдай сөзін уағыздау періштелерге
емес,
адамдарға
сеніп
тапсырылған.
Періштелер тек бұл жұмыстың қалай
жүріп жатқанын бақылап, қолбасшылық
жасайды.
Ізгі
хабарды
жер
бетіне
таратып, әр пендеге айтып жеткізу
Құдайдың адал құлдарына жүктелген. «Таң
атып,
таңғы
жұлдыз
жарқырап
шыққанша, жер бетіне жарық беріп
тұратын «пайғамбарлар жазып қалдырған
шын Сөзге» кәміл сенген, Киелі Рухтың
жетелеуіне бағынған, Оның тәлімдерін
бұлжытпай орындаған Құдайдың сенімді
құлдары
Ізгі
хабарды
жердегілерге
таратқан» (2Петір.1: 19). Бұл қызметкерлер
Алла туралы ақиқатты басқа қазынан
артық іздеген және «даналыққа ие болу
күмістен және оның пайдасы алтыннан
артық» екенін түсінген (Нақыл сөздер
3:14).
Сондықтан
Құдай
оларға
Патшалықтың
ақиқаттарын
сыйға
тартқан. «Құдай Одан қорқатындарға
сырын ашады және өсиетін оларға өнеге
қылып береді» (Забур жыры 24: 14).
Егер ғалымдар мен ақылгөйлер Құдай
сөзін қолдарына алып, оны дұрыс тілек
тілей отырып зерттесе, онда олар түн
қараңғы лығы ның
түскенін
сезіп,
болашақты болжай алған болар еді. Бірақ
о л а р
Қ ұ д а й
Ж а з б а с ы н
к е р е к
қылмағандықтан, бұл киелі істі орындауды
Жаратушымыз
қарапайым
жандарға
тапсырған. «Түнек басып алмау үшін,
жарықта жүріңдер» — дейді Иса (Жоһан
12: 35). Яғни Құдайдың жарығын қабыл
алмайтындар қараңғыда қалады. «Менің
соңымнан ергендер, қараңғыда қалмайды,
үнемі
жарықта
жүреді»
—
дейді
Құтқарушымыз (Жоһан 8:12). Құдай сөзін
жан
тәнімен
зерттеп,
оны
білгісі
келгендерге Алла ақиқатты ашады.
Миһая пайғамбар Құтқарушымыздың
қай
жерде
туатынын,
ал
Даниял
пайғамбар Оның қай уақытта келетінін
айтқанымен (Миһ. 5: 2, Дан. 9: 25), сол
заманның діни мұғалімдері мен кітап
оқушылары Иса Мәсіхтың бірінші рет жер
бетіне келетіні жайлы білмеді, адамдарға
Ол туралы хабарлап айтқан жоқ, өйткені
олар жазбаны дұрыс зерттеген емес.
М ұ н д а й
н ә т и ж е г е
о л а р
немқұрайдылықтың
салдарынан
келіп
т і р е лд і .
О л а р
д ү н и е д е н
ө т к е н
пайғамбарларға ескерткіштер орнатып,
осы дүниенің ұлыларын мадақтап, яғни
шайтанның
қызметкерелерін
әспеттеп
жүргенде, қоғамдағы орындарға таласып
жатқанда, патшалардың Патшасы жайлы
ұмытып, Оның батасынан құр қалды.
Ысрайылдың
ақсақалдары
мен
ру
басшылары Құдай Жазбасын мұқият
зерттеп, адамзат баласын мәңгілік өлімнен
құтқару үшін келе жатқан Мәсіх Иса
жайлы біліп және Ол туралы халыққа
жариялап, әлемнің Құтқарушысын қарсы
алуға дайын болулары керек еді. Өкінішке
орай олай болмай шықты. Вифлеемге
шаршап шалдыққан екі жолаушы келіп
кірді. Олар Назареттен келе жатқан
болатын. Бар қаланы аралап қонатын жер
таппай, ақыры мал тұратын қораның бір
бұрышына жайғасты. Дәл осы жерде бар
әлемнің Құтқарушысы дүниеге келді.
Оның салтанатты, сәнді, сұлу түрін
көрген, Құдай Әкемен бөліскен даңқының
куәсі болған, Оның нұрына бөленген
періштелер, енді Құтқарушының жер
бетінде
қалай
туылатынын
мұқият
бақылады. Айтулы хабардың жеткізілуі
періштелерге жүктелді және бұл оқиға
жер бетінің тұрғындарына қуанышты
хабар болып таралуға тиісті еді.
Иса Мәсіх адам затының табиғатын
қабылдап, оның құрбанына айналмақшы.
Құтқарушының, адамның деңгейіне дейін
төмендегеніне
қарамастан,
Оның
адамдардың арасына салтанат құрып
келуі әбден мүмкін еді. Жер бетінің
әйгілілері мен ұлылары Ысрайылдың
астанасында
жиналып,
туылатын
нәрестені салтанатты түрде қарсы алар ма
екен? Мыңдаған періштелер жерге түсін
Құтқарушыны тосып тұрған халыққа Оны
ұсынар ма екен?
Жердегілердің Құтқарушыларын қалай
қарсы алайын деп жатқанын көру үшін,
періште жерге түсті. Бірақ ешбір жерден
ешқандай ән естілмеді. Қалаулы қаланың,
бірнеше ғасырлар бойы Алланың даңқы
шарықтап тұрған ғибадатхананың үстінен
бақылаған кезінде, ол жерден де періште
е шқанд ай
д айы нды қт ы
кө рмеді .
Діндарлар арам құрбандықтарын жасап,
парызшылар әр жерде халыққа дауыстап
бірдеңелерді айтып, жұрттың көзіне түсу
үшін бұрыш бұрыштарда тұра қалып дұға
оқып жатқандарын көрді. Патша үйінде,
ф ило с о ф т ар д ы ң
ж иы ны нд а,
д і н
о қ ы т у ш ы л а р ы н
д а й ы н д а й т ы н
мектептерде, бір сөзбен айтқанда еш
жерде, ешқандай дайындықтың ширегі де
142
жоғын көрді. Күллі көкті қуанышқа
толтырған бұл хабарды естуге, әлемнің
Құтқарушысын қабыл алуға ешкім дайын
болған жоқ, тіпті Оның келетінін сезген де
жоқ. Жер бетінде Өмір Ханзадасын қарсы
алуға дайын адамдар жоғын біліп және
таң қалып қатты қысылған періште
көргенін
жеткізбекші
болып,
көкке
қайрадан
оралайын
деп
жатқанда,
малдарын
күзетіп
отырған
бір
топ
бақташыларға
көңілі
ауды.
Олар
аспандағы
жарқыраған
жұлдыздарға
қарап, жер бетіне Құтқарушының келетіні
жайлы
әңгімелесіп
отырды.
Олар
Құтқарушының келгенін қалады, соны
жан дүниелерімен аңсады. Дәл осы
отырғандардың
Құтқарушыны
қабыл
алуға дайын екендерін көрген періште
қатты қуанды. Ол бақташылардың алдына
келіп түсе қалып осы қуанышты хабарды
оларға жеткізді. Сол-ақ екен көктің атағы
жазықтықты толтырып жіберді. Айтулы
хабардың қуанышты және де маңызды
болғаны соншалықты, оны бір-ақ хабаршы
жеткізуі мүмкін емес еді. Сол жазықтық
періштелерге толып, қуанышты хабар сұлу
әнге
ұласты.
«Заңғар
көкте
Құдай
мадақталсын! Жерге береке бірлік орнап,
адамдарға тыныштық болсын» (Лұқа 2:14).
Осы
Вифлеемде
болған
тарихи
оқиғаның қаншалықты мәнді екенін
адамзат білсе ғой. Бұл оқиға адамдардың
бойларына сіңіп кеткен менменшілдікті,
тәкаппарлықты,
сенімсіздікті
айқын
ә ш к е р е л е й д і .
О л
а д а м д а р д ы
немқұрайдылықтың салдарынан замана
белгілеріне көңіл аудармай, Алланың
келгенін білмей қалатын жамандықтан
сақтандырады!
Періштелер
Құтқарушының
келуін
күткендер тек Яхудей төбешіктері мен
бақташылардың араларындағы жандар
ғана емес, солармен қоса пұтқа табынушы
кәпірлердің жерлерінде де Құтқарушының
келуін күткен адамдар барын білді. Олар
ақылды да атақты, бай және данышпан
Шығыстың
философтары
болатын.
Жаратылысты
зерттеу
арқылы
олар
Жаратушының барын білді. Еврейлердің
жазбаларын
тексеру
арқылы
олар
жаңадан туатын жұлдыз жайлы мағлұмат
алды. Осылайша бұл ғалымдар тек
Ысрайыл халқы үшін ғана емес, жер
бетіндегі барлық адамзат баласы үшін
құрбан болатын Құтқарушының келетінін
біліп, Оны тағатсыздана күтті (Лұқа
2:25,32; Елшілердің істері 13:47). Бұл
данышпандар жарықты іздеді, сол себепті
Құдайдың нұрынан шыққан жарық оларға
жол
нұсқады.
Иерусалимдегі
діни
мұғалімдер
мен
дін
уағыздаушылар
т ү н е к т е
о т ы р ғ а н д а ,
п ұ т қ а
табынушылардың жерінің жолаушылары
жарқыраған жұлдыздың соңынан жүріп
отырып
патшалардың
Патшасының
туылатын жеріне жетті.
Өзін күтіп отырғандарды әкету үшін Иса
Мәсіх екінші рет жер бетіне келеді
(Еврейлерге
арналған
хат
9:28).
Құтқарушының туатыны хабарланғандай,
Исаның екінші рет жер бетіне келуі жайлы
хабарды уағыздау да дін көсемдеріне емес,
қарапайым
жандарға
тапсырылды.
Діндарлардың жүректері Құдайдан алыс
болды, көктен келген жарықтан бас
тартты, сол себепті «Біз түнектің балалары
емеспіз, біз жарықтың балаларымыз,
сондықтан ол күн бейқам отырғанда
келмеу үшін, байқаулы болыңдар» — деген
елші Паулдың сөзінің соларға еш қатысы
болған жоқ (Салоникалықтарға арналған
бірінші хат 5:4-5). Сионның күзетшілері
Құтқарушы жайлы хабарды бірінші болып
қабылдап, халыққа таратуға тиісті еді,
бірақ өкінішке орай олар өздерінің қара
б а с т а р ы н ы ң
қ а м ы н
о й л а п ,
ө з
қауіпсіздіктері жайлы армандап жүргенде
халық қылмысқа батқан үстіне бата түсті,
күнә ұйқысына кетті. Иса шіркеудің
жапырақтары
жайқалып
өсіп
өздері
ешқандай жеміс бермейтін инжир ағашы
секілді мақтанып отырғандарын көрді.
Шіркеу Алланың көңілінен шықпады,
діннің қалыбына ғана ие болып Құдайға
сенуден, Оған шын мәнінде бағынудан,
тәубаға келуден мүлдем аулақ болды. Киелі
Рухтың беретін жемістерінің орнын құр
формализм,
мақтаншақтық,
өзін
өзі
әспеттеу, біреуді зорлау сияқты мінездер
п а й д а
б о л д ы .
Қ ұ д а й
о л а р д ы
ұмытпағанымен, олар Құдайды ұмытып
уақыт белгілерін байқамады. Сол себепті
о л а р
Қ ұ д а й д а н
ж ә н е
О н ы ң
сүйіспеншілігінен
алыст ап
кет ті,
нәтижесінде,
әрине
Жаратқанның
батасынан құр қалды. Қазіргі кезде де
егер шіркеу Құдайдың заңын орындап,
міндетіне жауаптылықпен қарап, Оның
дегенімен жүрмесе, дін бос формализмге
айналып, Киелі Рух олардың өздерімен
өздерін қалдырады. Бұл ақиқат неше рет
шіркеу тарихымен расталды. Құдай Өз
халқына сыйлаған дарындылықтары мен
өзгелерден артықшылығына сай, олардың
Тәңірге бағынуын және Оған адал қызмет
етуін талап етеді. Бағынушылық дегеніміз
құрбандық және айқыш ағаш, осы себеп
б о й ы н ш а
ө з д е р і н
М ә с і х т ы ң
ізбасарларымыз деп есептейтіндердің көбі
ежелдегі яхудейлер секілді өздеріне түсіп
т ұ р ғ а н
ж а р ы қ т ы
қ а б ы л д а м а й ,
143
нәтижесінде Құдайдың өздерін құтқаруға
келгенін түсінбеді (Лұқа 19:44). Құдай
өркөкірек, имансыздардың жандарынан
өте шығып Вифлеем бақташылары мен
шығыстың данышпандарына ақиқатты
ашқандай, Оның жарығын қабыл алуға
дайын болғандарға ғана батасын береді.
144
18
Американдық реформатор
Вильям Миллер өте әділетті де мо-
мын фермер болатын. Киелі Жазбаға
онша сене қоймағанымен, оның
ақиқатты білуге деген ұмтылысы зор
болды. Сол себепті Құдай оны Мәсіхтің
жер бетіне келетіні жайлы хабарды
көпшілікке тарату үшін Өзінің қызметшісі
ретінде таңдап алды. Басқа да көптеген
реформаторлар секілді, оның жастық
шағы да жоқшылықпен өтті. Сондықтан
болар, ол көп нәрседен бас тартуды
үйреніп, дер кезінде шешім қабылдап
бастаған ісін тиянақты орындауға тыры-
сатын. Оның туып өскен жанұясы
т ә у е л с і з д і к к е ,
б о с т а н д ы қ қ а ,
шыдамдылыққа және отанына деген зор
сүйіспеншілікке ұмтылатын. Бұл тәрбие
Вильямның мінезінің қалыптасуына көп
әсерін тигізді. Оның әкесі революциялық
әскердің
капитаны
болған.
Олардың
тапшылықтың тақсіретін тартуының да
басты себебі осы еді.
Соған қарамастан Вильям Миллердің
денсаулығы өте мықты болды, сонымен
қоса ол өте ақылды да болатын. Бұл
қасиеттер бала өскен сайын өте жақсы
көріне бастады. Білімге деген құштарлығы
зор болды. Университет қабырғасында
оқымағанымен,
оның
білімге
деген
сүйіспеншілігі, ойлануға деген әдеті және
пайдалы іспен шұғылдануы оны саналы,
дарынды
азаматтардың
қатарына
шығарды. Сондай тәртіпті, өнегелі,
ү нем шіл,
т аз а
пиғы лды
аз ам ат
болғандықтан жұрт оны қатты сыйлады.
Үнемшілдігі, қуаты, және талаптылығы
мен
табандылығының
арқасында
қаржылай тәуелсіздікке жетті. Дегенмен
білімін толықтырып отыруға деген әдетін
қалдырған жоқ. Азаматтық және әскери
жүйелерде белгілі орындарға ие болып,
басқару жұмыстарын жүргізді. Басқаша
айтқанда оған атақ пен байлыққа ие
болудың жолы ашылды, десе де оның
көздеген мақсаты мүлдем басқа болды.
Оның анасы қарапайым таза жанды әйел
болған, сондықтан балалық шағы рухани
атмосферада өтті. Десе де есейе келе Мил-
лер деистердің қоғамына кірді. Олар өте
тәртіпті, мейірімді, шыдамды, ұстамды,
бауырмал жандар болатын. Христиан
жанұяларында
өсіп
шыққан
бұл
адамдардың мінездерінің қалыптасуына
әлбетте Киелі Кітаптың әсері тигенімен,
оны дұрыс зерттеп талдай білмегендерінің
с а л д а р ы н а н ,
б ұ л
а д а м д а р
маңайындағыларға Киелі Жазбаға қарама
қайшы келетіндей ілімдерді тарата баста-
ды. Миллер осы адамдармен қарым-
қатынас
жасағандықтан
олардың
көзқарастарын еріксіз қабылдады. Сол
кезде Киелі Жазбаны талдау жолдары
көптеген қиындықтар туғызды және
игерілместей көрінді, ал Киелі Жазбадан
бас
тартатын
жаңа
сенім
оны
қанағаттандырмады, соған қарамастан ол
12 жыл бойы осы ұстаныммен жүрді. Тек
34 жасқа жеткен кезінде ғана Киелі
Рухтың әсер етуінің арқасында ол өзінің
қаншалықты сорақы күйде тұрғанын,
қаншалықты күнәкар екенін сезінді.
Уағыздап жүрген діні бойынша өлімнің
соңында бақытты өмір барына өзі де сене
алмады. Болашақ оған тіпті бұлыңғыр
көрінді. Кейін өмірінің осы тұсын еске ала
отырып, ол былай дейді:
«Өлім жайлы ойлаған кезде бойым мұздап
қоя беретін. Барлық адамдарды өлім күтіп
тұрады. Бірақ ол не үшін керек? Мәңгілік
дегеніміз не сонда? Сондай сәттерде ас-
пан, мен үшін жезге ұқсап, жер қара
темірге айналатын. Ойлаған сайын
ойым тіпті жүйесіздене түсетін еді. Ол
жайлы ойламайын деген сайын, ойым
бақылауға бағынбай кететін болды. Сонда
өзімнің қаншалықты аянышты күйде
тұрғанымды
жақсы
түсініп,
белгісіз,
беймәлім Біреуге мұңымды шақтым. Бұлай
болуы мүмкін емес, сонда қалай болуы ке-
рек, ақиқатты қайдан табуға болады?
145
Өкіріп тұрып жылауды шығардым. Бұл
қамығудың көз жасы болатын.
Мен бірнеше ай бойы осындай күй
кештім.
Кенеттен
Құтқарушымыздың
қандай болғанын айқын сезіндім. Біздің
күнәміз үшін құрбан болған мейірімді де,
рақымды Біреу көз алдыма келді. Мен бол-
сам Оның құшағына еніп кетуге дайын
тұрдым. Бірақ ол баста Болғанның,
Қ аз і р гі ні ң
ж ә не
бо лашақ т а
д а
Болатынның барлығын қалай дәлелдеуге
болады? Осы арада маған Киелі Жазба
көмекке келді. Осы кітаптағы ережелердің
бізге қаншалықты керек екенін білген кез-
де, таң қалдым. Киелі Жазбаның Құдайдан
шыққанын мойындап, Онымен келісуге
тура келді. Киелі Кітап менің қуанышыма,
ал Мәсіх Иса менің ең жақын досыма ай-
налды. Бұрын түсініксіз болған Кітап, енді
менің аяғыма шырағдан, жолыма нұр бо-
лып шашылды. Осыдан кейін ғана менің
жаным жай тапты. Алла Тағала өмір
мұхитындағы қозғалмайтын берік Тау
екеніне көзім жетті. Енді бұл кітапты
оқып, зерттеу маған қатты ұнады. Одан
өмірімде естіп көрмеген оқиғалар жайлы
мағлұмат алдым. Менің жаралы жаныма
ем табылды. Дереу басқа кітаптардың
барлығын тастап, Құдайдың даналығын
зерттеп, соны бойыма сіңіруге кірістім.
Миллер өзінің ендігі жерде бұрын бас
тартқан дінге жататынын ашық мойында-
ды. Оның достары Киелі Жазбаның
Құдайдың тарапынан шыққанына даула-
сып,
бұрын
Миллердің
келтірген
дәлелдемелерін келтіре бастады. Ол кезде
Миллер достарына жауап беруге әлі де бол-
са дайын емес еді. Егер Киелі Жазу
Құдайдан
шықса,
онда
қарама -
қайшылықтар болуы мүмкін емес, егер ол
адамдар үшін берілсе, оларға түсінікті бо-
луы керек». Сондықтан да Миллер Киелі
Кітапты дұрыстап зерттей бастады. Бол-
мыстан бастап оқып отырып, түсініксіз
жерлері кездескенде, оны Киелі Кітаптың
осы сұраққа қатысты жерлерімен салы-
стырып отырып, талдады. Негізінде Киелі
Жазу өзін өзі түсіндіреді. Әлбетте әр
мәтіннің өз мағынасы болғанымен, оны
басқа мәтіндермен салыстыра отырып,
көкейіңде пайда болған күдікті сейілтуге
болады. Өз тәжірибесіне сүйене отырып
Миллер: «Сенің аяның мәнісі ашылғанда
нұр шашады, қарапайымдардың көзін
ашып, санасын оятады» (Забур жыры
118:130)
деген
өлең
жолдарының
мағынасын терең ұқты. Әсіресе Вильям
Даниял пайғамбарының кітаптары мен
аянды қызыға оқыды. Бұл кітаптарда
берілген
аяндардың
тура
дәлдікпен
орындалғандарына көзі жетті. Неше түрлі
бейнелер, метафоралар, мысалдар бір
бірімен байланысты екені ұғындырылады
немесе олардың түсініктемелерін Киелі
Кітаптың басқа жерлерінен табуға болады.
Басқаша айтқанда оны қалай жазылса,
солай ұғу керек. Сонымен Миллер Киелі
Кітаптың ашық ақиқаттар жүйесі екенін
ж ә н е
о н ы ң
т ү с і н і к т і л і г і
м е н
қарапайымдылығы
соншалықты,
оны
ақымақ адамда ұға алатынын түсінді.
Аяндардың ұзын тізбегін бірте-бірте зер-
ттей отыра ол табысқа қол жеткізді.
Көктегі періштелер оған жетекшілік жа-
сап, Жазбаны ұғуға көмектесті. Ежелгі
кездегі Алланың берген аяндары орында-
лады деген уақытында қалай орындалса,
болашақпен байланысты аяндары да дәл
солай
орындалатынына
Миллер
еш
күмәнданбады.
Осылайша
Миллер
көпшіліктің ойындағыдай ақырдың ал-
дында болатын 1000 жылдық патшалық
жайлы мезгіл (адамзаттың пәк және
бейбітшіл болатын уақыты) Киелі Кітаппен
құпталмайтынына
көзі
жетті.
1000
жылдық
патшалық
туралы
теорияға
сәйкес ақырдың күні өте алыс уақытқа
шегіндіріледі. Бұлтеория Ғайса мен Оның
елшілерінің
іліміне
қарсы.
Басқаша
айтқанда
1000
жылдық
Құдайдың
патшалығы өтпей ақыр келмейді деп,
адамзат ол жайлы ойламай, сол күнге
дайындалмай, қаннен қаперсіз жүре бер-
мек. Бұл адамзаттың жауы, яғни Ібіліске
өте қолайлы. Ал Киелі Жазба бойынша
егін орағы басталғанша, яғни ақырға
дейін бидай мен арам шөп қатар
өседі. Ендеше ақыр заман жеткенше
жақсылық пен зұлымдық қатар жүріп
отырмақ.
Былайша
айтатын
болсақ,
мейірімділер де, жауыздар да ақырға
қатар жетеді. Жексұрындардың жауыздық
істері
өркендеп,
өздері
де
адасып,
өзгелерді де адастырады және соңғы
уақытта жағдай тіптен жаман болады.
Түнек патшалығы қиямет күніне дейін
билік құрады және Алла келгеннен кейін
146
Оның аузының Рухымен бір жола құриды.
(Мат.13:30 ,38-41),
(2Сал.
2 :
8),
(2Тім.3:13,1).
Елшілердің шіркеуі күллі әлемнің бет
бұратыны
және
Мәсіхтың
рухани
патшалығына қатысты пікірді қолдаған
жоқ. Бұл доктрина XVIII ғасырдың басына
дейін христиандар арасында кең түрде
м о й ы н д а л ғ а н
ж о қ .
Б а с қ а
д а
адасушылықтар тәрізі оның соңы да
жақсылыққа апарған жоқ. Бұл доктрина
бойынша адамдар Алланың келетіні өте
алыс жатқан оқиға ретінде қарап, Оның
келер алдындағы болып жатқан белгілерге
көңіл аударған жоқ. Бұл ой адамдардың
көкейінде сенімділік пен қауыпсіздің
Достарыңызбен бөлісу: |