Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет3/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
қалды.  Сөйтіп:  «Оның  қаны  біздің  және 
біздің  балаларымыздың  мойнында»  —  деп 
Пилаттың  алдында,  яхудейлердің  өздеріне 
атқан  қарғыстары,  бастарына  оқ  болып 
тиді (Матай 27:25). 
Тит  бұл  қантөгісті  тоқтатуға  дайын  еді. 
Дала мен жоталар толы өліктерді көргенде 
оның  жаны  түршікті.  Зәйтүн  тауының 
үстінен Құдай үйінің сұлулығына сүйсінген 
ол: «Бір тасқа да соқтықпаңдар» — деп өз 
адамдарына  бұйрық  берді.  Тит  Құдай 
үйінің 
тазалығына 
кіршік 
түсіргісі 
келмейтінін  айтып,  яхудей  басшыларына 
соғысуға  басқа  жерді  ұсынды.  Жүсіп Шы-
лайын  өз  өмірін,  қаласын,  Құдайға  бас 
иетін 
жерін 
сақтап 
қалу 
үшін, 
қандастарынан  Титтің  ұсынысын  қабыл 
алуды  өтінді.  Яхудейлер,  Құдай  үніне 
қ ұ лақ  
т үрме й, 
өз де рі ні ң 
со ңғы 
жақтаушыларын  садақпен  атып  өлтірді. 
Титтің ғибадатхананы құтқарып қалу үшін 
жасаған 
әрекеттерінің 
бәрі 
болмай 
шықты.  Осылайша  Алланың  айтқан  сөзі 
айдай орындалды. Яхудей басшыларының 
қасарысқандықтары 
(арындаулары), 
қалада 
болып 
жатқан 
қылмыстар 
Римдіктерді  таң  қалдырды  әрі  шошын-
дырды, ақыры Тит оларды шабуыл жасап 
алмақшы  болды.  Бірақ  ол,  өз сарбаздары-
на:  «Ғибадатхананы  бұзбаңдар!»  —  деп 
әмір  етті.  Десе  де  оның бұйрығына  ешкім 
көңіл аударған жоқ. Түнде Тит өз шатыры-
на  дем  алуға  кеткенде,  яхудейлер  шығып, 
ғибадатхананың  сыртындағы  сарбаздарға 
бас  салды.  Жекпе-жек  кезінде  бір  сарбаз 
отта  жанып  жатқан  ағашты  алып, 
галереяға  лақтырып  жіберді.  Осы  жерде 
қолма-қол  өрт  басталып,  ғибадатхананың 
сырты  өртене  бастады.  Тит  өрт  болып 
жатқан  жерге  тез  жетіп,  өртті  сөндіруге 
бұйрық  берді.  Бірақ  оның  сөзін  енді 
тыңдаған ешкім болмады. Ашуға булыққан 
сарбаздар  жанып  жатқан  ағаштарды 
ғибадатхананың 
ішіне 
лақтырып, 
т ы ғ ы л ғ а н  
а д а м д а р д ы  
ө л т і р д і . 
Ғибадатхананың  сәкілерінен  қан  судай 
ақты.  Мыңдаған  яхудейлер  қаза  болды. 
Жан жақтан «Ихавод» — «атағы жойылды» 
деген айғай шығып жатты. 
Тит  ызаланған  сарбаздарды  тоқтата  ал-
мады.  Ғибадатхананың  ішкі  жағына 
кірген  Тит,  оның  сұлулығына  қайран 
қалып, 
сыртқ а 
жүгіріп 
шығып, 
сарбаздардың  отты  дереу  сөндіруін  талап 
етті.  Центурион  Либералис  өзінің  билігін 
п а й д а л а н ы п  
б ұ л  
з ұ л ы м д ы қ т ы 
тоқтатпақшы  болды,  бірақ  императордың 
атағынан,  оған  деген  сарбаздардың  сый-
сияпатынан,  олардың  яхудейлерге  деген 
ашуы  мен  кегі  асып  түсті.  Оған  дүниеге 
деген  қызығушылық  қосылды.  Өйткені 
жан-жақтан  алтын  жарқырап  жатты, 
өрттің  арасынан  алтын  одан  сайын  сұлу 
бо лы п 
к өр і нд і . 
С арб азд ар , 
бұ л 
ғибадатханада  шегі  жоқ  байлық,  қазына 
жасырылып 
жатыр 
деп 
ойлады. 
Байқаусыз  сәтті  пайдаланып,  бір  сарбаз 
ішкі  жақтағы  жартылай  ашық  тұрған 
есіктің ішіне отты лақтырып жіберді. Сол-
ақ  екен,  ғибадатхана  түп-түгел  оттың 
құшағында  қалды.  Түтінге  тұншыққан 
о ф и ц е р л е р  
к е й і н  
ш е г і н д і  
д е , 
ғибадатхананың 
тағдыры 
бір 
жола 
шешілді. 
Бұл  аласапыранды  көріп  римдіктер  шо-
шыса, яхудейлер не ойлады екен? 
Қаланың  ортасындағы  ең  биік  жер  жа-
нартау жарылғандай болып көрінді. Алтын 
жалатылған  балқарағай  ағаштары  қып-
қызыл  жалынға  ұқсады.  Сұлу  ғимараттар 
өртеніп  жатты.  Жалынның  жарығынан 
арғы  жақтағы  төмпешіктердің  үстінде, 
отқа  қарап  есі  кетіп  тұрған  адамдардың 
бейнесі  көрінді.  Қаланың  сырты  да,  оның 
жоғарғы  жағы  да  қаптаған  халық, 
олардың кейбіреулерінің бетінен өкініштің 
ізі  байқалса,  енді  кейбіреулері  ызаға 
булыққан. 
Оттың 
құшағында 
қалып 
өртеніп  жатқан  көтерілісшілердің  жан 
түршігерлік 
дауысы, 
сарбаздардың 
айғайы,  құлап  жатқан  мәткелердің  гүрсілі 
араласып  кетті.  Қантөгістің  ең  зоры 
қаланың  ішінде  болып  жатты.  Еркектер 
мен 
әйелдер, 
кәрілер 
мен 
жастар, 
діншілдер мен  көтерлісшілер жанталасқан 
шайқасқа  кіріскен.  Өлтірушілерден  гөрі, 
өлгендердің саны асып түсті. Тіпті аяқ ба-
сатын жер де болмай қалды. Қала қан са-
сып кетті. 
Ғибадатхана  қирағаннан  кейін,  қала 
римдіктердің 
қолына 
тиді. 
Кейіннен 
барлық  жерді  қарап  аралап  шыққан  Тит, 
мұндай  мықты  бекіністі  бұзатын  ешбір 
қару  жоғын,  оның  қолына  қаланың 
Құдайдың күші арқылы ғана тигеніне көзі 
жетті.  Яхудейлердің  мақтанышы,  Құдайға 
құлшылық  ететін  киелі  жері  жыртылып 
тасталған  аңыз  далаға  ұқсады  (Ереуіл 
26:18). Қантөгіс кезінде миллионнан артық 
адам  қаза  болды.  Қалғандары  құлдыққа 
түсіп,  Рим  амфитеатрларындағы  жабайы 
жануарлардың  езуінде  кетті,  ал  енді 

16 
 
біреулері,  үйсіз  күйсіз  жер  шарына  тара-
ды. 
Яхудейлер  өз  кісендерін  өздері  соғып, 
Құдайдың  қаһарының  тостағанын  өздері 
толтырған  болатын.  Не  ексең,  соны 
орасың.  Бұл  туралы  пайғамбар  былай 
дейді:  «Өз  мойныңды  айбалтаға  өзің 
тостың,  Ысрайыл!»,  «Өзіңді  өзің  шалып 
құлаттың»  (Ошия  13:9,  14:2).  Олардың 
көрген  қасіреті  Құдайдың  қарғысы  деп, 
ұлы  көтерілісші  (Ібіліс)  өзінің  жасаған  іс-
әрекетін  жасырып  қалмақшы.  Құдайдың 
мейірімін  қабыл  алмай,  Оған  қарсылық 
бі лдір ген 
яхуде йлер , 
шайтанны ң 
ойыншығына  айналды.  Осылайша  Ібіліс 
өзінің 
ойындағысын 
іске 
асырды. 
Иерусалимнің  қирауы  кезіндегі  оқиға 
мұның көрнекті дәлелі. 
Біздер Иса Мәсіхтың берген тыныштығы 
мен  бейбітшілігі  үшін,  Оған  қаншалықты 
парыздар  екенімізді  түсіне  алмаймыз. 
Адамзатты  Ібілістің  әрекетінен  қорғап 
тұрған 
Құдайдың 
күші. 
Шайтанды 
тізгіндеп, 
адамзатты 
қорғап 
тұрған, 
Құдайдың  жақсылығын  өтеу  үшін,  біздің 
өміріміз  де  жетпейді.  Бірақ  кейбір  жан-
дар, Құдайды қабыл алмай, өздерін өздері 
қорғаусыз  қалдырады.  Құдай  ешкімді  де 
күшпен ұстамайды. Құдаймен бірге болам 
деушілерге  құшағын  айқара  ашады.  Ал 
Оны  қабылдамайтындар  «не  ексе,  соны 
алады».  Шайтанның  аңдып  тұратыны  да 
сол.  Құдай  заңын  орындамау,  Оның 
көптеген  ескертулеріне  көңіл  аудармау, 
күнәға  деген  құштарлық  —  адамзаттың 
қас  жауы.  Құдай  Рухына  үнемі  қарсылық 
білдіретін  адам,  Ібілістің  құрған  торына 
түседі,  зұлымдықтың  құрбаны  болады. 
Иерусалимнің  қирауы  —  біз  үшін  ашық 
сабақ.  Бұдан  біз,  Құдайдың  күнәні  жек 
көретінін,  күнәкарларды  жақтамайтынын 
анық байқай аламыз. 
И е р у с алим ні ң 
к ө р ге н  
қ ас і р е т і , 
болашақтағы 
адамзат  баласын 
күтіп 
тұрған  қасіреттің  айнасы.  Яхудейлердің 
астанасының босап қалғаны, болашақтағы 
болатын 
ұлы 
оқиғаның 
әлсіз 
ғана 
көлеңкесі.  Құдай  заңын  аяқ  асты  қылған, 
бұл әлемнің тағдыры шешілер кезде, адам-
зат  баласы  көз  көріп,  құлақ  естімеген 
қасіретке  душар  болады.  Осы  туралы 
ойлаған кезде жүрегің қалай сыздамайды? 
Құдайдың  әмірін  орындамағандардың  не 
болғанын  білдік.  Ал  болашақта  болатын 
оқиға  тіпті  де  бұлыңғыр.  Бұрынғылардың 
тарихы — бұл шайқастың, тіресудің, ұрыс-
жанжалдың,  қан  төгістің  ұзын  тізбегі 
(Ишая  9:5).  Ал  болашақта,  Киелі  Рух 
ж е к с ұ р ы н д а р д ы ң ,  
а д а м з а т т ы ң 
құштарлығының,  Ібілістің  зұлымдығының 
тізгінің  босатқан  кезінде  не  болмақшы? 
Иә, ол кезде барлық әлем Ібілістің билігінің 
неге  әкеліп  тірейтінін  өз  көзімен  көретін 
болады. 
Бірақ  Иерусалимнің  қирауы  кезінде 
қашып  құтылғанындай,  «өмір  кітабына 
есімі  жазылып  қойылған»  Құдайдың  адал 
құлдары  құтқарылады.  Иса  Мәсіх  жер 
бетіне екінші рет келіп, оларды алып кету-
ге  уәде  берген.  «Сонда  көктен  белгі  пайда 
болып, барша халық, даңқы және күшімен 
бұлтың үстінде келе жатқан Адамзат бала-
сын  көреді.  Ол  дүниенің  бір  шетімен 
екінші  шетіне  дейінгі  өмір  сүріп  жатқан, 
өзінің  адал  құлдарын  аспанға  көтеріп 
әкетеді» (Матай 24:30,31). Ал Оның ізгі ха-
барын  қабыл  алмағандар,  Құдайдың 
аузының  рухы  арқылы  қаза  болады  (2 
Сал.2:8).  Ежелгі  кездегі  Ысрайыл  секілді, 
олар  өздерін  өздері  өлтіреді.  Олардың 
түптеріне 
өздерінің 
заңсыздықтары 
жетеді. Күнәнің оларды Құдайдан алыста-
тып  жібергені  соншалықты,  Исаның  келуі 
оларға жалын болып тиеді. 
Сондықтан 
Исаның 
ілімін 
бар 
ниеттеріңізбен  зерттеңіздер.  Сол  кезде, 
И е р у с а л и м н і ң  
қ и р а у ы  
т у р а л ы 
оқушыларына алдын ала айтқанындай, Ол 
қазір  де,  ақырдың  тақағаны  туралы  ай-
тып, бізге белгі беріп тұр. Болашақта бола-
тын  қасіреттен  құтылып,  Құдаймен  бірге 
болам  деушілерге  мүмкіндік  бар.  Осы 
мүмкіндікті 
пайдаланыңыздар. 
Өз 
жүр ек тері ңі зді  
з ер тт еп, 
Құд айға 
бағыныңыздар.  Иса  бізге  былай  дейді: 
«Күн де, ай да, жұлдыздар да белгі береді, 
жер 
бетіндегі 
жандар 
теңселіске 
ұшырайды»  (Лұқа  21:25,  Матай  24:29, 
Марқа  13:24-26,  Аян  6:12-17).  Осы 
белгілер  пайда  болсымен,  ақырдың  тақау 
екенін біліңіздер «алыс емес, есігіңнің сыр-
тында»  (Матай  24:33).  Ақырдың  күніне 
дайын 
болыңыздар, 
Құдайды 
естен 
шығармаңыздар  (Марқа  13:35)  делінген 
Киелі  Кітапта.  Бұл  үнге  құлақ  түргендер, 
түнекте 
қалмайды, 
келер  
күнді 
дайы ндықпе н 
қ арсы 
алады . 
Ал 
күтпегендердің 
күйі 
не 
болмақшы? 
Кезінде, 
Иерусалимнің 
тұрғындары, 
Құтқарушының алдын ала айтқан хабары-
на  қалай  немқұрайды  қараса,  қазіргі 
заманның адамдары да, ақырдың келетіні 
жайлы  хабарға  көңіл  аударып  жатқаны 
шамалы. 
Бірақ, 
ол 
күн 
келгенде, 
күтпегендер 
үшін 
болатын 
оқиға, 
төбелерінен түскен жаймен бірдей болады. 
Жұрт 
өздерінің 
күнделікті 
күйбең 
тірлігімен  айналысып,  сататындары  са-
тып,  алатындары  алып,  дүние  қорушылар 
дүниелерін 
қорып, 
дін 
көсемдері 

17 
 
жайбырақат  үнмен  тыныштықты,  жалған 
жақсылықты уағыздап, нәрестені тербетіп 
ұйықтатқандай,  адамзатты  ұйқыға  бөлеп 
жатқанда,  түн  ішінде,  қапыда  үйіңе 
түскен  ұрыдай  болып  ақырдың  күні  де 
жетеді.  Адамгершілік  қасиеттен  жұрдай 
болған  азғындар  үшін,  Құдай  заңын  аяқ 
асты  етіп,  Оның  үніне  құлақ  түрмеген, 
сөзіне  иланбаған  адамзат  үшін,  қылышын 
сүйретіп мәңгілік ажал келеді. Одан ешкім 
қашып құтыла алмайды (1Сал.5:2-5). 

18 
 

Алғашқы ғасырлардағы қуғын-сүргін 
Иса  Мәсіх  оқушыларына  Иерусалимнің 
басына  түсетін  қасірет  пен  Өзінің  жер 
бетіне  екінші  рет  келуіне  байланысты 
кейбір 
оқиғаларды 
айтқанда, 
Ол 
болашақты, Оның жер бетінен кетіп, оған 
қайрадан  қайтып  келер  аралықтағы  өз 
халқының  көретін  қасіретіне  нұсқаған  бо-
латын. 
Құтқарушы 
Зәйтүн 
тауының 
үстінен  Құдай  үйінің  төбесіне  шүйлігіп 
тұрған 
дауылды 
көрді. 
Ғасырлар 
т ұ ңғиы ғы на 
ү ңі ле  
к е ле , 
Ө зі ні ң 
ізбасарларының  аяусыз  қуғын  сүргінге 
ұшырайтыны 
көз 
алдынан 
өтті. 
Болашақта  болатын  қайғылы  хабарды, 
Раббымыз бір екі-ақ ауыз сөзбен, қысқаша 
ғана баяндады (Матай 24:9,21,22). Исаның 
ізбасарлары  Оның  жүріп  өткен  қиын  жо-
лымен  жүруге  тиісті.  Оның  жаулары 
қаншалықты көп болса, Оған сенушілердің 
де жаулары көп болады. 
Алғашқы 
шіркеудің 
тарихы 
оны 
дәлелдеп берді. Құтқарушының сөзі орын-
далды.  Жер  мен  дозақтың  біріккен  күші 
Мәсіхқа,  яғни  Оның  ізбасарларына  қарсы 
тұрды. 
Құдайсыздар 
Ізгі 
хабардың 
жеңетінін 
сезіп, 
мәсіхшілікті 
жойып 
жіберу  үшін  ештеңеден  тайсалмады. 
Қуғын-сүргінің 
оты 
маздай 
түсті. 
мәсіхшілерді  үйлерінен  қуып  шығып,  бас-
панасыз қалдырды. Бірақ олар осы азапқа 
шыдап бақты, таяқ та жеді, тұтқынға алы-
нып,  қараңғы  қапасқа  да  қамалды 
(Евр.11:36-38).  Көпшілігі  өз  сенімдерін 
қанымен  дәлелдеді.  Қара  да,  төре  де,  бай 
да,  кедей  де,  білімді  де,  сауатсыз  да,  аяу-
сыз қырғынға ұшырады. 
Елші  Пауылдың  шеккен  азабымен, 
Неронның  кезінде  басталған  бұл  қуғын-
сүргін  бірнеше  ғасырға  созылды.  Аштық 
та,  оба  да,  жер  сілкіністері  де,  болып 
жатқан 
көптеген 
соққылардың 
бәрі 
мәсіхшілердің  кесірі  деп  есептелді.  Олар 
а қ ш а ғ а  
қ ы з ы қ қ а н  
п е н д е л е р д і ң 
сат қынды ғы ның 
құрбаны 
болды . 
Мәсіхшілерді  мемлекеттік  көтерілісшілер, 
діннің  жауы,  мұқым  қауымның  жарасы 
деп  кінәлады.  Оларды  тірідей  жабайы 
аңдарға  жеуге  тастап  немесе  амфитеатр-
ларда  тірідей  өртеп  жіберіп  отырды. 
Кейбіреулерін  айқыш  ағашқа  керсе,  енді 
біреулерін аңдардың терісіне тігіп, жабайы 
жыртқыштардың  жұлғылауына  тастаған. 
Мәсіхшілердің 
қазасы 
той-думандарда 
көпшіліктің 
ойын-сауығының 
негізгі 
бөлігіне  айналды.  Жұрт  мәсіхшілердің 
көрген 
азабымен, 
ажал 
алдындағы 
жанкешті қиналысына қол соғып, олардың 
өлімдерін күлкімен қызықтаған. 
Сөйтіп  Исаның  ізбасарларын  қайда 
жүрсе  де,  аң  аулау  кезіндегі  жабайы 
аңдарды  аңдығандай  қуғындаған.  Оларға 
үнемі  жасырынуға  тура  келді.  Мәсіхшілер 
жетіспеушілікке,  азапқа,  жауларының  на-
засына  шыдап,  шөл  даланы,  тау  мен  тас-
ты,  үңгірлерді  мекен  етті  (Евр.11:37,38). 
Римнен  шеткері,  жер  астынан  ұзындығы 
бірнеше 
шақырымға 
жетерлік 
жол 
қазылған. Осы қараңғы жер астында олар 
өздерінің  қаза  болған  бауырларын  жерле-
ген.  Қуғын-сүргін  басталған  кезде,  олар 
осы  жерден  өздеріне  тыныштық  тапқан. 
Тіршілік Иесі жер бетіне екінші рет келген-
де,  осы  қараңғы  үңгірлерден  Исаның  аты 
үшін қасірет шеккендер шығады. 
Соншалықты 
азапты 
қуғын-сүргін 
кезінде, бұл Исаның ізбасарлары өздерінің 
с е ні м д е р і не  
к і р ш і к  
т ү с і р м е г е н . 
Қаншалықты 
ыңғайсыз 
болғанымен, 
күннің көзін көрмей, қапаста жатса да еш 
өкініш 
білдірмеген. 
Олар 
бір-біріне 
сүйеніш болып, бірін бірі жұбатып,    алда-
рына сеніммен, шыдамдылықпен, үмітпен 
қараған.  Құдайға  деген  сенімдеріне  берік 
ие  болып,  оны  ештеңеге  айырбастамаған.  
Көрген 
зорлық-зомбылықтары 
мен    
тартқан азаптарын, олар    мәңгілік бақыт    
пен  тыныштыққа        жеткізетін  баспалдақ 
деп таныған. 

19 
 
Мәңгілік  өмірге  ие  болу  үшін,  жалған 
бостандықтан  бас  тартқан  (Евр.11:35). 
«Мені  де  қуғындады,  Менің  соңымнан 
жүрген  пайғамбарларды  да  қуғындады, 
сендерді  де  қуғындайды»,-  деген  Ұлы 
Оқытушының  сөзін  олар  жадында  жақсы 
сақтаған.  Тіпті  олар  мәңгілік  бостандық 
жолында  азап  шеккендері  үшін  қуанған 
және  қуаныштары  әнге  ұласқан.  Маздап 
жанған оттың ішінен олардың үндері, шы-
найы 
ниеттерінің 
сазы 
мәңгілікпен 
жалғасқан. 
Шындықтың 
құрбанына 
айналған 
олар, 
көкке 
назарларын 
аударғанда,  одан  Тіршіліктің  Тынысын, 
Мәңгіліктің  Иесінің  періштелерімен  олар-
ды  қолдап  тұрғанын  көрген.  Оның: 
«Өлгенше сенімдеріңе берік болыңдар, сон-
да  Мен  сендерге  мәңгілікті  сыйға  тарта-
мын» — деген үнін естіген (Аян 2:10). 
Қ ұ д ай 
ж о лы нд а 
қ ы з м е т  
е т і п 
жүргендерді  қанша  құртам  дегенімен, 
Ібілістің  барлық  іс  —  әрекеті  орындалмай 
шықты.  Исаның  туын  ұстаушылар  бірінің 
соңынан  бірі  құлап  жатқанымен,  Ұлы 
шайқас  жалғаса  берді.  Олардың  жеңілісі 
керісінше  жеңісіне  айналды.  Құдайдың 
елшілері  өліп  жатқанымен,  Оның  ісі  алға 
басты.  Ізгі  хабар  жалғасын  тауып,  Құдай 
сөзін  қабылдаушылардың  қатары  көбее 
түсті. 
«Өлтіріңдер, 
қамауға 
алыңдар, 
қастандық  жасаңдар,  сендердің  әділетсіз 
әрекеттерің,  біздің  жазықсыз  екенімізді 
дәлелдейді»  — деген  үн жаңғырып жатты. 
Мұндай 
әділетсіздікті 
көрген 
халық, 
Исаның 
туының 
астына 
жиналды. 
Мыңдаған  сенушілер  қамауға  алынып, 
зынданға 
тасталды, 
өлтірілді, 
бірақ 
олардың 
орнына 
басқалары 
тұрды. 
Исаның  шынайы  шындығының  жолында 
апат  болғандар  —  ажал  отын  жеңгендер. 
Оларға  мәңгілік  өмір  сыйға  тартылатын 
болады.  Көрген  азаптары  мен  зорлық  — 
зомбылықтары 
сенушілердің 
басын 
біріктіре 
және 
Құтқарушыларына 
жақындата  түсті.  Олардың  қажымас 
қайратын,  таза  ниетін  көрген  Ібілісті 
жақтаушылар,  енді  оны  тастай  беріп, 
Исаның  жағына  шықты.  Өзінің  туының 
шайқалғанын  сезген  Ібіліс,  оны  ала  салып 
Құдай үйінің үстіне орнатуға бел байлады. 
«Егер  Исаның  ізбасарларын жолынан  тай-
дырсам, Құдай олардан бетін бұрады, сон-
да  олар  торға  түскен  торғайдай,  менің 
қақпаныма  түседі»  —  деп  есептеді  ол. 
Сөйтіп,  әзәзіл  айла  жасап,  жеңілмеудің 
қамын 
ойластырды. 
Қуғын-сүргін 
тоқталып,  оның  орнына  алдамшы  және 
қауіпті  тыныштық  орнады.  Құдайсыздар 
м ә с і х ш і л е р д і ң  
д і н і н  
т ү б е г е й л і 
қабылдамағанымен, 
оның 
ке йбір 
бөліктерін  қабылдады.  Исаны  Құдай  Ұлы 
деп  есептеп,  Оның  өліп,  қайра  тірілгеніне 
сенеміз  —  деп  арыз  тастағаны  болмаса, 
өздерін  күнәкарлармыз  деп  санамады 
және  ешқандай  тәубаға  келмеді.  Сенімді 
жартылай мойындай отырып, сенетіндерге 
өз  дегендерін  істетіп,  бірігудің  жолын 
іздеді.  Енді  Құдай  үйі  қауыпты  жағдайда 
тұрды.  Қамауға  алыну,  қанаушылық,  от 
пен  қылыш  бұл  қауіппен  салыстырғанда 
жанның  рахатымен  бірдей  еді.  Кейбір 
мәсіхшілер  олармен  ортақ  келісім  жасау-
дан  бас  тартты.  Ал  кейбіреулері  болса 
олармен бірігуді жөн көрді. Осылай істеген 
жағдайда  ғана,  құдайсыздарды  толық 
дінге  енгізуге  болады  —  деп  есептеді 
дүмбілез  мәсіхшілер.  Исаның  сенімді 
ізбасарлары  үшін  бұл  қайғылы  уақыт  бол-
ды.  Өйткені  жалған  сенушілердің  атын 
жамылып  шіркеуге  Ібіліс  кірген  еді. 
Сенетіндердің  басым  көпшілігі  кейінгі 
көзқарасты 
қолдап, 
мәсіхшілер 
мен 
құдайсыздардың арасында одақ құрылды. 
Құдайсыздар  өздерін  мәсіхшілерміз  деп 
жариялап, 
сыйынатын 
бейнелерін, 
Исаның,  Мариям  қыздың  және  басқада 
киелілердің  бейнелерімен  айырбастап,  өз 
дәстүрлерін  әрі  қарай  жалғастыра  берді. 
Ырым-жырым шіркеуден берік орын алды. 
Мәсіхшілердің  діні  азып,  Құдай  үйі  өзінің 
тазалығы  мен  күшін  жоғалтты.  Дегенмен 
бар  ниетін  шындыққа  бағыттап,  Құдайға 
табынатындар 
да 
болды. 
Исаның 
ізбасарларымыз 
дейтіндер 
екі 
топқа 
бөлінді.  Бірінші  топтағылар  Иса  Мәсіхті 
өнеге тұтып, өз қателерін түзеуге ұмтылса, 
екінші  топтағылар  күнәларын  ашық  жа-
рия ететін қажетті шындықты байқамауға 
тырысты.  Әр  уақытта,  тіпті  жайбырақат 
кездің өзінде де Құдай үйіне ниеттері таза 
е м е с  
ад ам д а р  
к ө п т е п 
к е ле т і н . 
Құтқарушымыз  Құдай  үйіне  ашықтан 
ашық  күнәкарлық  жасайтын  адамдарды 
қабылдауға  болмайды  деп  үйреткен.  Де-
генмен  Ол  күнәкарларды  жанына  жақын 
ұстаған,  оларға  өз  өмірін  өнеге  еткен, 
сөйтіп  қателерін  көруге  мүмкіндік  берген. 
Он екі оқушысының ішінде сатқын да бол-

20 
 
ды. 
Яхуданы 
бойындағы 
көптеген 
к е м ш і л і к т е р і н е  
қ а р а м а с т а н , 
оқушыларының  қатарына  қабылдаған. 
Яхудаға  қатесін  көріп,  тәубаға  келуіне 
мүмкіндік  әбден  болды.  Ол  өзіне  түскен 
жарықты,  оны  қоршаған  мейірімділікті 
көргісі  келмеді.  Күнәкарлыққа  мойын 
ұсынып,  Ібілістің  құрған  торына  түсті. 
Осылайша  қара  күштің  иесіне  өздігінен 
берілді.  Қатесін  көрсеткендерге  қатты 
ренжіп,  ақыры  сатқындыққа  дейін  жетті. 
Күнәсына  көз  жұмып,  оны  байқамауға 
тырысқан адам, өзінің Құтқарушысын са-
тып жіберген Яхуда секілді, зұлымдық іске 
дайын тұрады. Құдай үйінде өздерін таза-
мыз  деп  есептеп,  ал  шын  мәнінде 
жүректері  зұлымдыққа  толы  жандар  жиі 
кездесіп тұрады. Оған біз Анапия мен Са-
пираны  мысал  ретінде  келтіре  аламыз. 
Олар  Құдай  жолына  бәрін  бердік  деп, 
ақшаның бір бөлігін тығып қойып, мұқым 
қауымды  алдады.  Бірақ  Исаның  Рухы 
олардың  әрекетін  әшкереледі.  Осыдан 
кейін  сұмырайлар  мен  заң  бұзушылар 
Құдай 
Рухынан 
сескенетін 
болды. 
Шындық жүретін жерде олар қала алмады. 
Әсіресе қуғын-сүргін кезінде Құдай үйінде 
шындық іздегендер ғана қалды. Ал қуғын-
сүргін  тамамдалсымен  сұмырайлар  Құдай 
үйіне  қайра  жиналды,  сөйтіп  Ібіліс  өзінің 
зұлымдық әрекетін жалғастырды. 
Б і р а қ  
ш ы нд ы қ т ы ң  
И е с і  
м е н 
зұлымдықтың 
иесінің 
арасындағы 
айырмашылық 
аспан 
мен 
жердей 
болғандықтан,  олардың  әрқайсысының 
ізбасарларының да бастары бірігуі мүмкін 
емес  еді.  Сенімдегілердің  бір  бөлігі 
құдайсыздармен бірігіп, шындық жолынан 
тайып  кеткенде,  Ібілістің  қуанышында 
шек 
болмады. 
Сөйтіп, 
адасқандарға 
билігін 
мықтап 
жүргізген 
шайтан, 
Құдайдың  адал  перзенттеріне  оларды  ай-
дап салды. Құдай үйінде алауыздық пайда 
болды. Имандылықтың түп тамыры болып 
саналатын  Киелі  Кітапқа  мән  берілмей 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет