Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет5/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
ну  керектігі  үйретіліп  қана  қоймай, 
жасаған  күнәларына  кешірімді  де  одан 
сатып 
алуды 
әдетке 
айналдыртты.  
Күнәсына  кешірім  алам  деп  ұзақ  сапар 
шегу,  жаза  тарту,  киелілерге  бас  иу,  қара 
жұмыс істеу, шіркеуге көбірек садақа беру 
—  осының  бәрі  Құдайдың  қаһарын 
жеңілдету  үшін  адам  баласынан  талап 
етілді.  Шын  мәнінде  Құдай  адамның 
күнәсін    сыйлық  үшін  кешірмейді.  Ақша 
беріп  адамның  ғана  көңілін  аулауға  бола-
ды. Құдайдың кешірімін ешкім сатып ала 
алмайды.    Заңсыз  әрекеттеріне  қарамай 
Рим шіркеуі гүлденген үстіне гүлдене түсті. 
Жетінші  ғасырдың  аяғында  дін  әкесін 
жақтаушылар  «алғашқы  ғасырларда  да 
Рим  басшылығы  осындай  рухани  билікке 
ие  болған»  деген  сөз  шығарды.  Өз 
сөздеріне  дәлел  ретінде  жасанды  ежелгі 
қолжазбаларды  көрсетті.  Халық  болса  бұл 
өтірікті де құмға сіңген судай сімірді.  
Осыған  байланысты  сан  жағынан  аз 
қалған  мәсіхшілердің  алдында  көптеген 
қиындықтар пайда болып, олардың жұмыс 
істеуіне  кедергі  жасалды.  (1  Қор.    3:10, 
11).  «Шаршадық,  бұдан  былай  жұмыс 
істейтін  шамамыз  жоқ,  тасып  жатырмыз, 
тасып  жатырмыз,  қоқыстың  бітетін  түрі 
жоқ, 
әрі 
қарай 
қалауға 
әліміз 
келмейді» 
(Нехемия 
4:10,14).- 
деген 
Нехемияның 
кезіндегі 
Иерусалимнің 
құрылысшылары  секілді  пәле  жапқаннан, 
қуғын-сүргіннен,  шегі  жоқ  шайқастан, 
тозығы 
жеткен 
киім 
секілді 
әбден 
шаршаған  «сенімді  құрылысшылар»  өз 
өмірлерін  сақтап  қалу  үшін,  бәрін  тастап 
бет  бетімен  тарап  кетті.  Ал  енді  біреулері 
болса,  керісінше:  «Қорықпаңдар,  Құдайды 
ұмытпаңдар,  Ол  бізбен  бірге»  —  деп,  най-
заларын белдеріне бекем байлап, әрі қарай 
өз істерін жалғастырды (Еф.6:17).  
Әрбір  ғасырларда  да  Құдайдың  жаула-
ры, Оның ізбасарларына қарсы орасан зор 
күшпен  соққы  келтірген.  «Сендерге  айта-
мын.  Қам  жасамай  қалмаңдар,  дайын 
болыңдар!  (Марқа  13:37)-  деген  Исаның 
сөзі  тек  сол  кездегі  оқушыларына  ғана 
айтылған сөз емес, барлық адамзат баласы 
үшін айтылған сөз.  
Түнек  қоюлана  түскендей  болды.  Пұтқа 
табынушылар  жер  жердің  бәріне  тарады. 
Бірінші  орынға  ешбір  мағынасы  жоқ 
ырым-жырым  шықты.    Неше  түрлі  салт-
дәстүрлер 
бойларын 
билеп 
алғаны 
соншалық, 
халықтың 
ойлау 
жүйесі 
ж ар ақ ат т а нд ы . 
Д і н 
м ұ ға лі м д е р і 
бұз ы лғандық қа 
ұ шы р ады . 
Со нд а  
қалғандарынан  не  күтуге  болады?  Күнәға 
батқан үстіне бата түсіп, XI -ші ғасырдағы 
Рим  католиктік  шіркеуінің  діни  басшысы 
Григорий  VII  Рим  шіркеуін  «киелі»  —  деп 
жариялады.  Бұл  хабарда:  «Киелі  Кітап 
бойынша  шіркеу  ешқашан  адасқан  емес, 
адаспайды  да»  —  делінген.  Бірақ  Киелі 
Жазбада ондай мәтін жоқ. Дін әкесі:  «мен 
ғана басқалардың шешімдерін өзгерте ала-
мын, ал менің шешімімді ешкімде өзгерте 
алмайды»  —  деп,  қол  астындағылардан 
осыны  жария  етуді  талап  етті.  Оның 
жыртқыш  мінезі  Германияның  императо-
ры  Генрих  IV  жанжалдасқан    кезінде 
жақсы көрінді. «Дін әкесіне бағынбаймын» 
—  деген  бұл  басшы  орнынан  айрылып, 
шіркеуден 
қуылды. 
Өзінің 
жалғыз 
қалғандығынан  және  дін  әкесінің  айдап 
салуымен  әрекет  жасаған  әзәзілдерден 
қорыққан  Генрих  Риммен  татуласуға  тура 
к е ле т і ні н  
т ү с і нд і .  
Д і н  
ә к е с і н е 
бағынатындығының дәлелі ретінде ол әйелі 
мен  сенімді  қызметшісін  ерітіп,  қыс 
ішінде,  жаяулатып  Альпа  асуынан  өтіп 
оның  алдына  келеді.  Ол  келгеннен  кейін 
« а й д а һ а р д ы ң »  
н ө к е р л е р і  
о ғ а н 

26 
 
жолсеріктерін тастатқызып, сарай алдына  
әкеліп  тұрғызып  қояды.  Қыстың  күні 
жалаң  аяқ,  жалаң  бас,  тозығы  жеткен 
киіммен үш күн бойы аштан аш жалынып 
тұрғаннан  кейін  ғана  дін  әкесі  оны 
қабылдап,  «бұдан  былай  император  менің 
келісіміммен  ғана  жұмыс  жасайды»  деп 
құлақтандырады.  Осылайша  «адуынды 
патшаларды  сабасына  түсіріп  отыру 
тікелей міндетім» деп есептейтін Григорий 
VII    өзінің  жеңісін  тойлады.  «Кімде-кім 
сендердің  араларыңда  алдынғы  болғысы 
келсе,  сол  басқаларының  қызметшісі  бол-
сын»  (Матай  20:27)  деп  оқытқан,  бақыт 
пен  кеңшілік  беретін,  әрбір  күнәкар 
пенденің  жүрегінің  есігін  қағып  тұратын, 
момын да,  жайбырақат  мінезді  Иса  Мәсіх 
мен  көкірегі  көкті  тіреп  тұрған  дін 
әкесінің 
арасындағы 
айырмашылық 
қандай десеңізші!  
Соңғы  ғасырларда  Рим  діндарларынан 
тараған ілім шындықтың сызығын мүлдем 
қисайтып  жіберді.  Дін  әкелігі  пайда  бол-
мастан бұрын құдайсыздардың пәлсапасы 
жұрттың  көңілін  өзіне  аударып,  шіркеуге 
кері  әсерін  тигізді.  «Құдай  жолында 
жүрміз»  деушілердің  көпшілігі  олардың 
пәлсапасын  жөн  деп  санап,  оны  өздері 
ғана  оқып  қоймай,  басқалардың  да  соны 
оқып,  берік  ұстануын  талап  етті.  Сөйтіп 
шынайы  иманға  адасушылық  енді.  Оның 
ішіндегі  ең  бастысы:  «адамның  жаны 
өлмейді және оның санасы өлгеннен кейін 
де  жұмыс  істейді»  —  дегендей  жалған 
пікірлер болды. Осыны негізге ала отырып 
Рим:  «киелілер  күнәкарлардың  күнәсін  бо-
сата  алады  және  Мәриям  қызды  тәңір 
тұтқызып,  оған  табынуға  болады»  деп 
шығарды.  Олардың  имандарының  бір 
бөлігі ретінде қалыптасқан  мәңгілік дозақ 
туралы  пікір  де  осыдан  кейін  пайда 
болған.  
Сөйтіп  Рим  сенімшіл  де,  ырымшыл 
тобырға  «тазартқыштан  өтесіңдер»  —  де-
ген жалған пікірлерін ұсынып, соған олар-
ды  сендірген.    Тазартқышты    олар:  «Өлім 
жазасын кесуге келмейтін, жартылай ғана 
кінәлі  адамдардың  жаны  барып  түсіп, 
елегіштен  өтіп,  тазарып,  киелі  болып 
шығатын жер» — деп түсіндірді. Сонан соң 
олардың 
айтуынша 
адамның 
жаны 
жұмаққа  барады.  Ендігі  жерде  Римге 
жетіспей тұрғаны, жұрттың кемшіліктерін 
пайдаланып,  оларды  қорқытып  ұстау  еді. 
Бұл  —  индульгенция  жайлы  ілім  болатын. 
Егер кім де кім дін әкесінің иелік ететінің 
ж е р ле р і н 
к е ңе йт у ге  
б айланы с т ы 
жүргізілген соғыстарға қатынасатын болса 
немесе  дін  әкесіне  қарсы  шыққандардың 
көздерін  жою  жолындағы  қантөгіске 
қатынасатын  болса,    онда  дін  әкесі 
олардың  өтіп  кеткен,  нақтылы  кездегі 
және  болашақтағы  жасайтын  күнәләрін 
кешіруге  сөз  берген.  Халық  арасына 
шіркеуге 
ақша 
төлесеңдер 
барлық 
күнәларыңнан  арыласыңдар,  өздеріңмен 
бірге 
дозақ 
отына 
түскен 
жора-
жолдастарыңды да құтқарасыңдар,- деген 
жалған ілімді таратқан. Басын тасалайтын 
да  жері  болмаған  Біреудің  өкілдері 
саналған Римнің діни билеушілері байыған 
үстіне  баи  түсіп,  ойларына  келгендерін 
істеп,  бұзақылық  әрекеттерін  жалғастыра 
берген.  
Құдай  өсиет  етіп  қалдырған,  Оның 
құрбандығын  еске  алатын  ас,  пұтқа 
құрбан  шалумен  алмастырылды.  Папалық 
діндарлар  еш  мағынасы  жоқ  салт-
дәстүрлер  арқылы  жай  нан  мен  шарапты 
«Мәсіхтың  шынайы  денесі  мен  қанына» 
айналдырмақ 
болып 
үміттенді. 
Олар 
тәкаппар  түрде  Алланың  шығармашылық 
күшін 
өздеріне 
тартып 
алды. 
Ал 
мәсіхшілерді  өлім  жазасымен  қорқыта 
отырып,  олардан  бұл    Құдайға  қарсы 
терең  адасушылыққа  сену  талап  етілді.  
Бұдан  бас  тартқандардың  көбі  отқа  тас-
талды.  
ХІІ  ғасырда  Рим  папалығының  ең 
қатыгез  қаруларының  бірі  —  инквизиция 
шықты.  Олардың  құпия  түрде  өткен 
жиындарына    Ібіліс  бірге  қатысып,  сана 
сезімдерін  баурап  алып,  зұлымдыққа 
итермеледі. Бірақ кәпірлердің адам жанын 
түршіктіретін 
қатыгез 
әрекеттерін 
Құдайдың  көзге  көрінбейтін  періштелері 
жазып  отырды.  Миллиондаған  жаны 
күйзеліске  ұшыраған  адамдардың  жан 
дауысы Аллаға жетпей қойған жоқ.  
Рим  папалығы  әлемге  құбыжық  болып 
көрінді. 
Одан 
қорықпайтын 
адам 
қалмады.  Императорлар  мен  патшалар 
Рим папасының әміріне бағынды. Кез кел-
ген  пенденің  тағдыры  оның  қолында 
тұрғандай  болып  көрінді.  Ғасырлар  бойы 

27 
 
барлығы  Рим  папасының  әмірін  мүлтіксіз 
орындады.  Римнің  діни  басшыларының 
атағы  жер  жарып,  пітір-садақалар  Рим 
қазынасына құйылып жатты. Римнің дінге 
енгізген  жалған  ғұрыптарын  халық  бар 
ниетімен  орындап  отырды.  Мұншалықты 
ұлы атақпен, ұлы күшке Рим бұрын соңды 
ие болып көрген емес еді.  
Рим  папасы  үшін  күн  нұрындай  болып 
шашыраған  жарық,  әлем  үшін  қара 
түнекпен бірдей болды.  Ежелгі  кездегі  па-
рызшылар  секілді  Рим  папалығының  діни 
б ас шы лар ы  
ө з д е р і ні ң 
к ү нә лә р і н 
әшкерелейтін  кез  келген  ілімді  жек  көрді. 
Тазалық пен пәктіктің айнасы болып сана-
латын  Құдай  заңын  ысырып  тастап, 
зұлымдықты  өздеріне  қорған  қылды. 
Өтірік, зорлық-зомбылық, алдап-арбау кең 
етек алды. Билікке ие болғандар, байлығы 
асып  тасығандар  ештеңеден  қорықпады. 
Папа мен прелаттардың салтанат сарайла-
ры  азғындықтың  ордасына  айналды. 
Кейбір 
дін 
иелерінің 
шектен 
тыс 
қатыгездіктерін  көрген  мемлекет  басшы-
лары 
оларды 
шіркеуден 
алыстатуға 
мәжбүр  болды.  Жүздеген  жылдар  бойы 
ғылым,  білім,  өнер,  мәдениет  жағынан 
Еуропа  ешқандай  жетістіктерге  жете  ал-
мады. Дін сал ауруына ұшырады.  
Бүтін әлем Римнің билігінде болды. Ошия 
пайғамбарының  айтып  кеткен  сөзі  орын-
далды.  «Діни  сауатсыздығы  үшін  халқым 
Менің қырғынға ұшырайды, Менің берген 
ілімімді қабылдамағаның үшін Мен де сені 
қабылдамаймын, 
Құдайыңның 
заңын 
ұмытқаның 
үшін 
Мен 
де 
сенің 
ұрпақтарыңды 
елеусіз 
қалдырамын». 
« Құд айды  
бі лу ге  
ұм ты лыс  
жоқ , 
мейірімділік  пен  шындық  та  жоқ.  Жалған 
сөйлеу,  өтірік  ант  беру,  ұрлық  жасау,  кісі 
өлтіру  кең  етек  жайды»  (Ош.  4:6,1,2). 
Осының  барлығы  жұрттың  Құдай  сөзін 

28 
 

Вальдендіктер 
Рим  папасы  билік  құрған  кесапат 
заманның      өзінде      шындықтың    
шырағы      сөнген  емес.  Құдай  заңын 
мүлтіксіз  орындап,  Оған  шын  жүректен 
сенген  адамдар  барлық  ғасырларда  да 
болған.  Бірақ      адамзат  ешқашанда 
олардың  еңбегін  жеткілікті  дәрежеде 
бағалай  алмайды.    Оларды  «діннен 
тайғандар» 
деп 
жазғырып, 
жазған 
еңбектерінің  мағынасын  өзгертіп,  кейбір 
еңбектерін    тіпті    жойып  жіберген.  Соған 
қарамастан  олар  өз  сенімдерін  келер 
ұрпаққа таза күйінде жеткізе білген.  
Құдайдың  қалаулы  халқының  тарихы 
періштелердің 
кітаптарында 
жақсы 
жазылған, ал адамдардың жылнамаларын-
да  олар  жайлы  әлсіз  ғана  аталып  кеткен. 
Рим өзінің шығарған іліміне қарсы келетін 
кез келген жазбаны және сол жазбалардың 
иелерін жойып жіберуге бар күшін салған. 
Рим папасының догматтарына қарсы кел-
гендер  бай  болсын,  кедей  болсын,  атақты 
болсын, қарапайым болсын өлім жазасына 
ұ с ы н ы л ғ а н .  
А л  
қ у ғ ы н - с ү р г і н г е 
ұшырағандардың  өмірі  жайлы  кітаптар 
мен 
қолжазбаларды 
өртеп 
жіберуге 
бұйрық  берілген.  Ол  кезде  баспа  деген 
болмағандықтан  кітаптар  аз  шыққан,  ал 
қолжазбалар 
Рим 
шіркеуінің 
құртып 
жіберуіне ыңғайлы болған.  
Рим 
папалығының 
қол 
астындағы 
шіркеулер  оның  дегеніне  көнген,  бара-
бара  ол  өз  билігін  басқада  шіркеулерге 
жүргізген. 
Ұлыбританияға  дін  ерте  кезде-ақ  енген. 
Алғашқы 
ғасырларда 
Ізгі 
хабарды 
қабылдаған  британдықтар  үшін  дінге 
қатысты  Римнің  шығарған  жаңа  ілімі  бос 
сөз болып көрінді. Шеткері жатқан Брита-
ния  елінің  шіркеулеріне  жеткен  қуғын-
сүргін, 
оларға 
Алланың 
жіберген 
рақымының  бір  түрі  еді.  Ағылшын 
жерінен  қашып  шыққан  христиандар 
Шотландиядан,  Ирландиядан  пана  тауып, 
осылайша Ізгі хабар жер жерге тарай бас-
тады. 
Британияны жаулап алған саксондықтар 
ол  жерде  өз  ілімдерін  таратып,  ал  өз 
құлдарынан  бірдеңе  үйренгенді  өздеріне 
ұят  санап,  мәсіхшілерді  қуғындай  баста-
ды. Мәсіхшілерге жерлерін тастап тау тас-
ты,  жазық  даланы  паналап  кетулеріне  ту-
ра  келді.  Дегенмен    шындықтың  шырағы 
сөнген  жоқ.  Бір  ғасыр  өтсе  де  оның  
жарығы  Шотландияға,  одан  әрі  шеткері 
жатқан мемлекеттерге жетті. Ирландиядан 
шыққан  Колумба  өзінің  әріптестерімен 
б і р г е  
б а р л ы қ  
м е м л е к е т т е р д е н 
Жаратқанның жолында жүргендерді Иона 
аралына  жинап,  ол  жерді  Құдай  жолында 
қызмет  ететін  еңбек  орталығына  айнал-
дырды.  Сол  адамдардың  ішінен  сенбі 
күнін  сақтайтын  адам  шығып,  ол  арқылы 
сенбі туралы заң барлық халықтарға тарай 
бастады. Иона  аралында  мектеп  ашылып, 
одан 
ілім 
алып 
шыққан 
ақиқатты 
уағыздаушылар тек  Шотландия және Анг-
лияда  ғана  еңбектеніп  қоймай,  олардың 
үні  Германия,  Швейцария,  тіпті  Италия 
елдеріне де жетті. Осы мезетте Рим Брита-
ния  еліне  көңіл  аударып,  оны  өз  күшіне 
бағындырмақ  болды.  VI  —  шы  ғасырда 
католиктер    саксондықтарды  өз  діндеріне 
түсіру  мақсатында  жұмыс  жүргізді.  Бұл 
қанішерлер  католиктерді  жылы  қарсы 
алып,  арада  көп  уақыт  өтпей-ақ,  олар 
Римнің  дініне  кіре  бастады.  Римдіктер 
және 
олардың 
дінін 
қабылдаған 
саксондықтар 
шынайы 
мәсіхшілермен 
ж о л ы қ қ а н д а ,  
а р а л а р ы н д а ғ ы 
айырмашылық    жер  мен  көктей  еді.   
Құдай  сөзімен  сусындаған  мәсіхшілер  мо-
мын,  көмпіс  болса,  керісінше  олардың 
қарсыластары 
ырымшыл, 
өркөкірек, 
қатыгез 
болатын. 
Римнің 
елшілері 
мәсіхшілердің 
папалыққа 
тұтастай 
бағынуын  талап  етті.  Британдықтар, 
барлығымен 
тату-тәтті 
қарым 
— 
қатынаста болғылары келетінін айтып, де-

29 
 
генмен,  олардың  ілімі  Құдай  Сөзіне 
қарама-қайшы 
келсе, 
ондай 
ілімді 
қабылдай  алмайтындықтары  туралы  ниет 
білдірді.  Рим  оларды  өз  дегендеріне 
к ө н д і р м е к  
б о л ғ а н ы м е н ,  
о л а р 
айтқандарынан қайтпады.  «Алладан басқа 
Құдай  жоқ,  біз  тек  Құдайдың  дегенін 
орындаймыз» — деп табжылмай тұрып ал-
ды. Осы кезде Рим папасының арам ниеті 
әшкереленді.  Ол  британдықтарға  соғыс 
жариялады.  «Біздің  дегенімізге  көніп  өмір  
сүргілерің  келмесе,  өлесіңдер»  —    деп, 
ашық  хабарлады.  Бұл  жай  ғана  айтыла 
салған  сөз  емес  еді.    Шынымен  де,  Рим  
қантөгіске 
дейі н 
жетіп, 
ақыры 
көнгендерін 
өздеріне 
бағындырып, 
көнбегендерін 
өлтіріп 
құртты. 
Рим 
империясының 
қарамағына 
кірмейтін 
мемлекеттерде,  көптеген  жылдар  бойы, 
папаның  саясатына  ешбір  қатысы  жоқ 
мәсіхшілер  өмір  сүрген.  Жан    жағындағы 
басқа  діннің  өкілдері  оларды  өз  ырым  — 
жырымдарына  сендірмек  болғанымен, 
олар  үшін  шынайы  сенімнің  мөлшері  бо-
лып  Киелі  Кітап  табылатын.  «Құдай 
заңына  өзгеріс  енгізуге  ешкімнің  де 
құқысы жоқ» — деп, олар сенбі күні тура-
лы  заңды  мүлтіксіз  орындады.  Мұндай 
шіркеулер  Орталық  Африкада,  армяндар 
қоныстанған    Азияда  болды.  Дегенмен, 
папаның үстемдігіне шешімді түрде қарсы 
шыққандардың  ішінде,  бірінші  орында 
тұрғандар  —  вальдендіктер  еді.  Олар  дәл 
папаның  билік  орнатып  тұрған  жерінде 
зұлымдық  пен  өтірікке  қарсы  жақсы  той-
тарыс  жасады.    Көптеген  ғасырлар  бойы 
тәуелсіз 
болып 
келген 
Пьемонттағы 
шіркеулерді де   кейін   Рим   өз   билігіне 
бағындырды.      Тұтас      дүние      жүзін 
бағындырған      сияқтанған      Рим     дикта-
тына      қарсы      сәтсіз      шабуылдан  кейін, 
бұл шіркеулер Рим билігін амалсыз мойын-
дады.  Айтқанмен,  оның  дегенін  орындау-
дан  бас  тартқандар  да  болды.  Олар 
Құдайға  адал  болып  қалуды  ойлап,  өз 
сенімдерінің 
тазалығын 
қорғады. 
Шіркеудегілердің  арасына  жік  түсіп, 
бөлінуге 
тура 
келді. 
Ежелгі 
дінді 
жақтаушылар 
сейіліп 
тарап 
кетті. 
Кейбіреулері туған Альпасын тастап, басқа 
мемлекеттерде  ақиқаттың  туын  орнатты. 
Енді 
біреулері 
даланы, 
тау-тасты, 
үңгірлерді 
паналап 
Құдайға 
еркін 
құлшылық жасады.  
Вальдендіктердің 
сенімі 
мен 
Рим 
доктриналарының арасында үлкен қарама
-қайшылық  болды.  Барлық  әлемнен  алы-
статылып  бөлек  қалған,  жер  өңдеп,  мал 
асырап, 
қарапайым 
үйлерде 
тұрып 
жатқан бұл еңбекші халықтың діні айдала-
дан 
алынған 
емес, 
Құдай 
Сөзіне 
негізделген 
еді. 
Олардың 
сенімі 
— 
бабаларының  артына  қалдырған  мұрасы, 
«бір  кездері  тақуаларға  берілген  сенімді» 
олар белдеріне бекем буған болатын (Яхуда 
3). Жапан түзде жалғыз тұрған бұл шіркеу 
— 
Исаның 
ізбасарларының, 
Оның 
қалдырған  ілімін  әрі  қарай  халыққа 
таратушылардың  біріккен  тобы  еді.  Бұл 
шіркеудің  Римнен  бөлініп  кетуінің  басты 
себебі,  заңның  төртінші  бабының,  яғни 
сенбінің  орындалмауы.  Пайғамбарлардың 
айтуы 
бойынша 
ақиқат 
тұрғысынан 
бақылайтын 
болсақ, 
Рим 
папалығы 
шындықты бүкпелеп, жерге енгізген екен. 
Құдай  заңы  аяқ  асты  етіліп,  адамның 
шығарған  заңы  қошеметтелді.    Папаның 
қол  астына  қарап  тұрған  шіркеулер  оны-
мен жексенбі күнін сақтауға мәжбүрленді.  
Толып кеткен неше түрлі ырым — жырым-
дардан басы айналған халық, сенбі күніне 
қоса  жексенбі  күні  де  еңбектерін  тастап 
дем  алған.  Мұны  қанағат  тұтпаған  Рим 
папалығы  киелі  сенбі  күнін  сақтауға 
тыйым  салып,  бұл  күні  халыққа  жұмыс 
істетіп,  «тек  жексенбі  күні  ғана  Құдайға 
табынасыңдар» — деп бұйрық берген. Рим 
папалығынан 
алыста, 
қуғын-сүргінде 
жүрген  халықтың  ғана  Құдай  заңын 
орындауға мүмкіндігі болды.  
Реформациядан жүздеген жылдар бұрын 
Еуропада  бірінші  болып  Киелі  Кітапты  өз 
тілдеріне  аударып  оқи  бастаған  осы 
вальдендіктер  еді.  Олардың  қолдарында 
Алланың  Сөзі,  ақиқаттың  айғағы  —  Киелі 
Кітап болғандықтан, оны жақсы зерттеген 
вальдендіктер аянда суреттелгендей Римді 
ақиқаттан  шегінген  Бабыл  деп  жариялап, 
сол  үшін  оларға  жек  көрінішті  болып, 
қуғын-сүргінге ұшыраған. Ұзаққа созылып 
кеткен  бұл  қиындыққа  шыдамаған  кейбір 
мәсіхшілер  Римнің  дегеніне  бағынған,  ал 
енді 
біреулері 
Құдай 
заңынан 
бас 
тартпаған  —  бұлар  күңгірт  ғасырларда 
сенбі  күнінің  киелілігін  дәлелдеп,  оны 
сақтаған  вальдендіктер  болатын.  Олар  — 
Құдай 
заңының 
пәктігін 
және 
өз 
сенімдерін қанымен дәлелдеген, найзаның 

30 
 
ұшына  ілігіп,  инквизицияның  отына 
өртенген ары таза азаматтар еді.  
Барлық  ғасырларда  да  қуғын-сүргінге 
ұшырағандардың  панасы  болған  биік 
шыңдардың  арғы  жағы  вальдендіктердің 
де  бас  паналайтын  жеріне  айналды.  Сол 
арадан  шыққан  ақиқаттың  жарқыраған 
шамшырағы 
басып 
тұрған 
түнекті 
сейілтті. 
Бүтіндей 
мың 
жыл 
бойы 
ақиқаттың куәгерлері өз сенімдерін сақтай 
білді.  
Құдай 
бұларға, 
қолдарына 
сеніп 
т а пс ы р ы л ға н 
ш ы нд ы қ қ а 
с ә йк е с 
келетіндей, қасиетхана әзірлеп қойды. Бұл 
сергелдеңнің 
құрбаны 
болған 
адал 
жандарға 
мынау 
шыңдар 
Алланың 
пәктігінің  белгісіндей  көрінді,  Құдай 
сөзінің де, Өзінің де өзгермейтіндігі жайлы 
хабарлап 
тұрғандай 
болатын. 
Бұл 
шыңдарды Алланың күшінен басқа ештеңе 
орнынан қозғалта алмайды. Дәл солай Ал-
ла Өз заңын да бекем етіп бекіткен, Оның 
заңы жердің де, көктің де тірегі болып та-
былады. Осы тәлімді олар өз баларының да 
бойларына  сіңіре  білген.  Адам  тек  біреуді 
өлтіруге  ғана  қолы  жете  алады,  ал  Құдай 
заңын  өзгертуге,  Оның  еркін  орындауға 
ұмтылыс  жасайтындарға  арнайы  берілген 
өсиетті өзгертуге ешкімнің де әлі келмейді. 
Осынау таулар қаншалықты мықты болса, 
Құдайдың  парызын  орындаушылар  да 
соншалықты мықты болулары керек.   Бұл 
адамдар үшін осы таулар да, оны қоршап 
тұрған далалар да Алланың күші мен Оның 
берген  уәдесінің  куәгерлеріндей  болатын, 
сол  себепті  бұл  қарапайым  халық  осынау 
үнсіз  рәміздерді  жақсы  көрді.  Олар 
өздерінің  соншалықты  қиын  өмірлеріне 
шағым жасаған емес, керісінше халықтың 
қатыгездігі  мен    назасынан  қорғағаны 
үшін  Аллаға  шүкіршілік  айтқан.  Құдайға 
еркін 
мінәжат 
жасай 
алатындай 
мүмкіншілік  пайда  болғанына  қатты 
қуанған.    Жауларынан  қашып  тығылған 
кезде  бұл  ұлы  таулар  оларға  пана  болды. 
Шыңның  жоғарғы  жағынан  Алланың 
есімін 
мадақтап 
жатқан 
әндері 
естілгенімен, Рим сарбаздарының олардың 
дауыстарын  өшіруге  әлі  келмеді.    Бұл  — 
Исаның  ізбасарларының    жандары  таза, 
сенімдері  пәк,  жүректері  оттай  лаулап 
тұрды.  Олардың    шындықты  қорғағаны 
соншалықты,  оны  өздерінің  үйлерінен, 
жерлерінен,  туғандарынан,  тіпті  өздерінің 
жандарынан  да  жоғары  қоятын.  Ақиқат 
болашақ  ұрпақтың  жүректерінде  таңба 
салғандай  жазылып  қалуы үшін олар  аян-
бай  қызмет  етті,  жастарға  Құдай  заңын 
құрметтеуді 
үйретті. 
Киелі 
Кітап 
қолжазбалары  аз  болғандықтан,  көпшілік 
қауым  бұл  бағалы  жазбаларды  жадында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет