Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет52/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60
әр 
түрлі 
ауруларынан айығып шығып оған иланып, 
оның  соңынан  ереді  және  олар  тағы  да 
басқа  табиғидан  жоғары  құбылыстардың 
куәсі  болады.  Бұл  рухтар  Киелі  Жазбаға 
с е н е т і н д е р і н  
х а б а р л а п ,  
ш і р к е у 
институттарына 
сенетіндерін 
айтады. 
Халық  болса  бұл  күшті  —  Құдайдың  күші 
деп  қабылдайды.  Сонан  соң  христиандар 
мен  кәпірлердің  арасында  ешқандай 
айырмашылық 
байқалмай 
қалады. 
Шіркеуге  қатысы  жоқтар  нені  жақсы 
көрсе,  шіркеудің  мүшелері  де  соған 
қызығады. 
Сөйтіп 
шайтан 
олардың 
б а с т а р ы н  
б і р і к т і р і п ,  
б а р л ы ғ ы н 
спиритизмнің  қатарына  енгізеді.  Жалған 
кереметтерді  шынайы  шіркеудің  белгісі 
деп  есептейтін  католиктер  бұл  өтірікке 
қатықтай  ұйиды,  ал  ақиқатты  қалқан 
қылып  ұстаған  протестанттар  қолдағы 
қаруларын  тастай  сала  католиктердің 
соңынан 
ере 
жөнеледі. 
Католиктер, 
протестанттар, 
қарапайым 
халық 
— 
барлығы  өлі  игіліктің  тұтқынына  түседі. 
Бұл 
одақты 
олар 
мың 
жылдық 
патшалыққа  жеткізетін  ұлы  қозғалыс  деп 
есептейді.  
Албасты халыққа спиритизм  арқылы  өте 
жоғары  сатыдағы  діни  сенімнің  жүйесін 
ұсынған  болып,  өзін  игілік  сыйлаушы 
мейірбан  қылып  көрсетеді.  Содан  кейін 
оның нағыз бұзақы екенін ешкім елемейді, 
мыңдаған 
халық 
ажалына 
қарай 
адымдайды. 
Ұстамсыздық 
жұртты 
ақылынан  ауыстырады,  оның  соңынан 
бұзылғандық,  қантөгіс  және  басқа  да 
қайғылы  оқиғалар  жалғасады.  Әсіресе 
албасты  соғысты  жақсы  көреді,  соның 
көмегімен  құрбандарын  қанмен,  кесірмен 
арамдап 
мәңгілікке 
көз 
жұмғызады. 
Халықтарды бір біріне айдап салу арқылы 
көздеген 
мақсатына 
жетеді, 
өйткені 
шайқ асу шы  
жақ т ар  
алб ас ты ны ң 
қолындағы 
ойыншыққа 
айналып, 
ақырдың  күніне,  яғни  Мәсіхтың  келетін 
кезіне 
дайындалу 
керектігін 
мүлдем 
ұмытады.  Албасты  табиғаттың  құпиясын 
көп  зерттеген,  Құдай  оған  қаншалықты  
мүмкіншілік 
берсе, 
соншалықты 
ол 
табиғаттың 
күшін 
де 
пайдаланады. 
Өткенге көз жүгіртіп көріңіздер, шайтанға 
Айып 
пайғамбарын 
қинауға 
рұқсат 
берілгенде,  не  болғаны  барлықтарыңызға 
мәлім  болар?  Пайғамбардың  табын-табын 
малдары ұшты-күйлі ғайып болды. Үй іші, 
балалары,  қызметшілері  бірінің  соңынан 
бірі 
қырылды. 
Бір 
бақытсыздықтың 
соңынан  екіншісі  келіп  тұрды.  Тек  Құдай 
ғана  Өзінің  жаратқан  пендесін  қатыгез 
жендеттің  қолына  түсірмей  қорғай  алады. 
Бірақ  Мәсіхшылар  (христиандар)  әлемі 
Құдайды  және  Оның  адамзатқа  бақыт 
сыйлайтын қасиетті заңын ұмытқан. «Мені 
кім ұмытса, соны Менде ұмытамын» дейді 
Раббым  Алла.  Жер  Құдайдың  батасынан 
құр  қалды.  Өзіне  қарсы  шыққандарды 
Құдай  қорғамайды,  сөйтіп  олар  Ібілістің 
қолына  емін  еркін  тиеді.  Шайтан  болса, 
біреулерін  гүлдендіріп  шылқыған  байлық 
беріп  естерін  кетіріп  қояды,  екіншілерін 
керісінше 
қайыршылыққа 
ұшыратып, 
алғашқыларға өшіктіреді. Енді біреулеріне 
бейнет  пен  қайғы  беріп  қапаландырады. 
Көкірегі 
соқыр 
пенделер 
осының 
барлығына Құдай кінәлі деп есептейді.  
Албасты  өзін  жұрттың  алдында  олардың 
ауруларын  емдеп  кетіретін  ұлы  дәрігер 
ретінде  көрсетеді.  Ал  шын  мәнінде  ол 
біздің  планетамызға  ауру  мен  қасірет 
әкелді.  Халқы  көп  қалалар  үйіндіге 
айналып  босап  қалады.  Дәл  осы  іспен 
Ібіліс  қазір  тығыз  айналысуда.  Төтенше 
жағдайлар,  суда  да,  құрлықта  да  болып 

257 
 
жатқан  кесапаттар,  жер  жерді  шалып 
жатқан  өрт,  дауылдар,  борандар,  жер 
сілкіністері 
— 
осының 
барлығы 
албастының 
еркімен 
болып 
жатқан 
зұлымдықтар. Аштық пен жалаңаштық та 
оның  ісі.  Ол  жағымсыз  буландырулар 
арқылы  ауаны  уландырып,  мыңдаған 
халық  неше  түрлі  індеттерден  қырылып 
жатыр. Аурулардың түр-түрі пайда болып, 
адамзатқа  қауіп  төніп  тұр.  Белгісіз 
сырқаттардың  салдарынан  адамдар  да, 
малдар да өлуде. «Жарық дүние де, жер де 
қамығады,  өйткені  әлемнің  тұрғындары 
Құдайдың  қасиетті  заңын  аттап  өтіп, 
жарлықтарын  өзгертіп,  өсиеттерін  бұзып 
жерді  әбден  арамдады»  —  деп  жазылған 
Жаратқанның сөзінде (Ишая 24:4,5).  
Ұлы 
өтірікші 
«осы 
болып 
жатқан 
пәлелердің  барлығы 
Құдайға 
қызмет 
ететіндердің 
қырсығы» 
деп 
кінәнің 
барлығын  соларға  артып,  басқаларын 
соған  иландырады.  Барлық  жерлерге 
«Сенбіні 
сақтайтындар 
жексенбіні 
арамдады,  олар  халық  арасына  бүлік 
туғызып жұртты Құдайдың батасынан құр 
қалдырды» 
деп, 
хабарландырылады. 
Күнәкарлар  болып  жатқан  қасіреттерге, 
керісінше  солардың  өздерінің  күнәларын 
әшкерелеп,  оларды  шындыққа  баулығысы 
келген 
Құдайдың 
адал 
құлдарын 
кінәлайды.  Осылайша  кезінде  Құдайдың 
қызметкеріне  тағылған  кінә  қайра  Оның 
халқына  жапсырылады.  Сонда  Аһаб:  «Сен 
бе  Ысрайылға  ылаң  салып  жүрген»  деп 
Ильясты  қарамайлаған  болатын.  Бұған 
Ильяс:  «Мен  емес  Ысрайылға  бүлік  салып 
жатқан,  Құдайдың  дегенін  орындамай 
Шұғайыптың  соңынан  ерген  сен  және 
сенің  әкеңнің  үйі»  деп  жауап  берген  еді  
(Патшалықтар 
туралы 
үшінші  жазба 
18:17,18). Сол кезде ашуға булыққан қара 
тобыр  Ильясқа  не  істесе,  ендігі  жерде  де  
сол оқиға қайталанатын болады. 
Спиритизмнің  найзасы  жай  адамдарды 
тыңдағаннан 
гөрі 
Құдайды 
көбірек 
тыңдайтындарға  бағытталады. Спириттер 
«біз Құдайдың елшілеріміз деп жексенбіден 
бас тартатындарды өз сөздеріне сендірмек 
болады, олар адамдар Құдай заңына қалай 
бағынулары  керек  болса,  мемлекеттің  де 
заңына  солай  бағынулары  керек»  —  деп 
жариялайды.  Олар  әлемде  болып  жатқан 
неше  түрлі  ұждансыз  істерге  күрсініп, 
соған  қоса  «Жексенбі  күнін  бұзу  өнегелік 
пен ізеттілікті әлсіретіп жібереді» деп, діни 
оқытушыларды қолдай бастайды. 
Сол  кезде  мұндай  жалған  ілімнен  үзілді 
кесілді  бас  тартатындарды  не  күтіп 
тұрғаны айтпай-ақ та белгілі болар. 
 Албасты  әуелде  аспанда  шайқасты  қалай 
бастаса,  жерде  де  дәл  сондай  әрекет 
жасайды.  Бас  кезінде  ол  Алланың  билігін 
жай  ғана  ықшамдағысы  келген  сыңай 
танытты, бара-бара ол  «Құдайды құлатам» 
деп ойлады. Оған қоса өзі неменеге кінәлі 
болса,  соған  Құдайға  адал  болып  қалған 
періштелерді кінәлады. Рим шіркеуі де дәл 
осы  тәсілдерді  пайдалануда.  Папа  өзін 
«Құдайдың 
оры нбасарымын » 
деп 
хабарлап,  шын  мәнінде  Жаратқанның 
заңын  өзгертіп,  өзін  Алладан  жоғары 
қойғысы  келді.  Рим  билік  құрған  заманда 
Құдайдың  сенімділері  «зұлымдар»  деп 
ж ар ия ланд ы . 
О лар  
« алб ас т ы ны ң 
сыбайластары» 
аталып, 
жауларының 
қолдарынан 
қиянат 
шекті. 
Біздің 
заманымызда да дәл солай болады. Құдай 
заңын  таза  күйінде  орындайтындар, 
к ерісі нше  
о ны  
бұ заты ндар  
де п 
жарияланып, жазаға тартылады.  
Құдай адамды күшпен көндірмейді, адам 
өз  жолын  өзі  таңдауға  ерікті,  бірақ  Ол 
ненің 
жақсы, 
ненің 
жаман 
екенін 
көрсетеді.  Ал  Ібіліс  болса  үнемі  қанаумен 
айналысады. Ол адамды алдайды, алдауға 
көнбейтіндерді  жазалайды.  Ол  халықты 
күшпе н 
қор қыты п 
ұс тап, 
ө зіне 
сиындырғысы  келеді.  Дегеніне  жету  үшін 
үкімет билігін, діни билікті, қараны, төрені 
барлығын пайдаланады.  
 Сенбіні  ұмытпай  сақтайтындар  «халық 
жауы» атанады. Жаңбырдай болып жауып 
жатқан  қасіреттерге  солар  кінәлі  деп 
т а б ы л а д ы .  
О л а р д ы  
м е м л е к е т к е 
бағынбайтын  бұзақылар  деп  атайды. 
Үкімет  басындағылар  Құдайдың  еркімен 
тағайындалғандар,  сондықтан  да  бұл 
басшыларға  бағыну  керек,    Құдай  заңын 
орындау соншалықты міндетті емес дейтін 
дін  қызметкерлері  халықты  теріс  жолға 
салатын 
уағыздар 
айта 
бастайды. 
Олардың 
дегендерінен 
бас 
тартып, 
Құдайдың 
парызын 
орындайтындар 
айыпқа  тартылады,  жазаланады.  Бұл 
Аллаға  адал  болып  қалған  азаматтардың 
сөздері 
бұрмаланады, 
істері 
кері 
талқыланады, ниеттері қараланады.  
Протестанттық 
шіркеулер 
Киелі 
Жазбаның  ақиқат  екенін  дәлелдейтін 
куәліктерден  өздері  болса  бас  тартып,  ал 
ақиқатты 
қабылдайтын 
жандардың 
шынайы  сенімдеріне  тойтарыс  беруге 
Киелі 
Жазбадан 
ешқандай 
дәлел 
таппағандықтан, 
олардың 
 
үндерін 
өшіруге тырысады. Және өздері оны ашық 
мойындамағандарымен,  барлық  христиан 
әлеміне 
жалғасып 
папаның 
қойған 
талаптарын  орындайды,  ашып  айтқанда 
« папаны ң 
се нбісі н »  
қ абы лдайды . 

258 
 
Абыройлары 
жетіспей 
жатса 
күш 
жұмсайды.  Саясатшылардың  сатқындығы 
әділеттілікке  деген  сүйіспеншіліктің  және 
ақиқатқа 
деген 
сый-сипаттың 
күл 
талқанын  шығарады.  Сөйтіп  бір  кездері 
ақиқаттың 
туын 
тіккен 
АҚШ 
тың 
билеушілері  мен  заң  шығарушылары 
қоғамның  көңілінен  шығу  үшін  барлық 
халықтан  жексенбі  күнді  құрметтеуді 
талап  етеді.  Қымбат  бағаға  сатылып 
алынған  ар-ұждан  бостандығының  күлі 
көкке 
бірақ 
ұшады. 
Осы 
арада 
пайғамбардың  айтып  кеткен  сөздерінің 
орындалғанын  көре  аламыз:  «Айдаһар 
әйелге  қаһарын  төгіп,  оның  өзге  де 
ұрпақтарымен  —  Құдайдың  бұйрықтарын 
орындап,  Исаның  Ізгі  хабарына  ие  болып 
жүргендермен  шайқасқа  шығады»  (Аян 
12:17).  

259 
 
«Құдайдың  берген  заңы  мен  аяндарына 
қараңыздар,  егер  қандай  да  болса  ілім 
Алланың  сөзімен  салыстырғанда  онымен 
сәйкеспесе, 
ондай 
ілімнің 
жарығы 
жоқ»  (Ишая  8:20).  Шайтанның  осуасынан 
қорғану  үшін  Құдай  халқы  Киелі  Кітапты 
жақсы  білуі  керек.  Албасты  жер  көкті 
шарлап,  адам  баласын  түзу  жолдан 
тайдыру үшін өнерін аямай салып жатыр. 
Көп  ұзамай  біз  әзәзілдің  ұлы  өтірігімен 
бетпе-бет  кездесетін  боламыз.  Мәсіхтың 
қарсыласы 
(антихрист) 
біздің 
көз 
алд ы м ы зд а 
не ше  
т ү р лі  
ж алған 
кереметтерді  көрсететін  болады.  Оның 
өтірігінің 
ақиқатқа 
ұқсайтындығы 
соншалықты,  кім  болса  соның    алданып 
қалуы  әбден  мүмкін.  Тек  Киелі  Жазбаны 
жақсы 
білетіндер 
ғана 
жасандыны 
ақиқаттан ажырата алатын болады. Әрбір 
ғаламат 
пен 
әрбір 
бекітілім 
Киелі 
Жазбамен тексерілуі керек.  
Сонда  Құдай  заңына  бағынатындар 
мазаққа  ұшырап,  күллі  жанға  жек 
көрінішті болады. Тек Жаратқан Иені ғана 
олар  күші  мен  қорғаны  ете  алады. 
Сынақтардан  өтіп  бейнетті  жеңіп  шығу 
үшін  Құдайдың  Сөзінде  жазылған,  Оның 
еркін білу керек, сонда ғана олар Алланың 
мінезін  көріп,  Оның  билігін,  пиғылын 
дұрыс түсініп, соған сай әрекеттер жасап, 
Жаратқанды  дұрыс  құрметтей  алады.  Бұл 
соңғы 
шайқ аст а 
Құдай 
сөзі нен 
сусындағандар  ғана  аяқтарынан  нық 
тұрады.  Әрбір  жан  басы  байлы  шешім 
қабылдайтын  кез  келеді.  Сонда  сен 
Алланың  дегенін  орындайсың  ба?  Не 
болмаса  адамның  дегеніне  көнесің  бе? 
Мәсіхқа  деген  сенімің  мен  Алланың 
парызын қорғай аласың ба?  
Мәсіх  өлім  жазасына  ұсынылар  алдында 
оқушыларына  өліп,  үшінші  күні  қайта 
тірілетіні  жайлы  айтқан  болатын.  Бірақ 
р и м д і к т е р д і ң  
е з г і с і н е н  
т е з і р е к 
қ ұ т ы л ғ ы л а р ы  
к е л г е н  
И с а н ы ң 
оқушыларына,  үміттерінің  қазығы  болып 
табылатын  Құтқарушыларының  масқара 
өліммен өлетіні  жайлы хабарды  түсіну өте 
қиынға  соқты.  Сол  себепті  сынақтан  өту 
мезгілі  оларға  қапелімде  келді.  Бұл 
соққыға  шыдамаған  олар  жан  жаққа 
бытырап  кетті.  Ақыр  тақаған  кезде 
адамзаттың  басынан  өтетін  өмір  Киелі 
Жазбада  анық  жазылған.  Бірақ  көпшілік 
қауым 
бұл 
ақиқатқа 
дұрыс 
көңіл 
аудармайды.  Қасірет  мезгілін  жұрттың 
басына  күтпеген  жерден  тудыру  үшін 
Ібіліс  қажетті  ілімнің  таралуына  барынша 
кедергі  жасап  тұр.  Киелі  Жазбада  біздің 
құтқарылуымызға 
байланысты 
аяндар 
анық жазылған (Аян 14:9-11) қара. Хайуан 
мен 
оның 
мүсініне 
табынатындарға 
шығарылатын  үкім  барлық  жандарға 
аяндарды  мұқият  зерттетуі  керек,  себебі 
олар  хайуанның  мүсіні  туралы  дұрыс 
түсінік  алып,  одан  қандай  жолмен 
құтылуға 
болатынын 
білулері 
қажет. 
Өкінішке  орай  халық  ақиқатқа  құлағын 
тарс  жауып  алып,  керісінше  аңызға 
көбірек  көңіл  бөледі.  Бұл  жөнінде  Пауыл 
пайғамбары  былай  дейді:  «Дені  дұрыс 
і л і м д і  
қ а б ы л д а м а й т ы н  
з а м а н 
келеді»  (Тімотеге  арналған  екінші  хат  4:3). 
Осы  айтылған  мезгіл  жеткен  секілді. 
Өйткені қазіргі заманның адамдары Киелі 
Жазуда берілген ақиқатты қабылдамайды, 
оны  тіпті  мойындағылары  да  келмейді. 
Неге 
десеңіз 
бұл 
ақиқат 
олардың 
үйреншікті  өмірімен  сәйкеспейді.  Шайтан 
о лар ды ң 
с аналар ы н 
у ланд ы ры п, 
қиялдандырып    көздерін  ашып  жан 
жақтарына қарауға шамаларын келтірмей 
тұр.  
 Бірақ  жер  бетінде  «Құдай»  десе  ішкен 
асын 
жерге 
қоятын,  Оның 
дегенін 
бұлжытпай орындайтын қалаулы халқы да 
бар.  Олар  үшін  барлық  ілімнің  өлшеуіші 
және күллі реформаның негізі Киелі Жазба 
болып  саналады.  Ғалымдардың  пікірлері, 
ғылыми  тұжырымдамалар,  доктриналар, 
шіркеулердің 
қаулылары, 
көпшіліктің 
дауысы  оларды  тіке  жолдан  тайдыра 
алмайды.  Кез  келген  ілім:  «Алла  солай 
айтады»  —  деген  Құдай  Сөзімен  расталуы 
керек 
Ібіліс  жұрттың  көңілін  Құдайға  емес, 
маңайындағыларға 
аударғысы 
келеді. 
Адам  өзінің  парызын  білгісі  келсе  Киелі 
Кітапты  жеке  басы  зерттеуі  керек.  Егер 
37 
Біздің жалғыз ғана қорғанымыз  

260 
 
олар  адамдарға  қараса,  атап  айтқанда 
епископтарға, 
пас торларға, 
діни 
қызметкерлерге,  имамдарға,  моллаларға, 
қандайда  бір  ұстаздарға  қараса,  жақсы 
жолдан  тайып,  жаман  жолға  түсіп  кетуі 
әбден 
мүмкін. 
Албастының 
күтіп 
тұратыны да осы.  
 Мәсіх  Иса  жер бетіне  келгенде  көпшілік 
қауым  Оны  қуана  қарсы  алды,  Оның 
алдынан  ілім  алды.  Бұл  халықтың  ішінде 
көптеген  діни  қызметкерлер  де  болды. 
Бірақ басты діни қызметкерлер мен халық 
көсемдері 
Оны 
қабылдамады. 
Оның 
Құдайдың  Рухани  Ұлы  екенін,  әдейілеп 
жіберілген  Елші  екенін  мойындамады. 
Халықтың көкейінде: «Неге Ол Елші болса, 
кітап  адамдары  мен  парызшыылар  Оны 
қабылдамайды?  Егер  Ол  шыныменде 
Мәсіх 
болса 
айтулы 
тақуалар 
Оны 
қабылдамас па еді?» — деген ой туындады. 
Соларға  қараймыз  деп  жүрген  Ысрайыл 
халқы 
өздерінің 
Құтқарушыларын 
танымады. 
  Сол  кездегі  жаман  рухпен  қаруланып 
алған  діни  басшылар  секілді  сырт  көзге 
қарағанда  мейірбан  болып  көрінетін 
адамдар  қазірде  аз  емес.  Айтулы  жандар 
Киелі  Жазбада  беріліп  тұрған,  қазіргі 
заманға қатысты ақиқаттарды оқымайды.  
Олар  өздерінің  қатарларының  көптігіне 
риза 
болып, 
байлығы  мен 
атағына 
мастанып,  сенімдері  басқалардан  өзгеше, 
ілімдері  кеңінен  қолдау  таппай  тұрған 
ақиқатты  жақтаушы  аз  топқа  жек 
көрушілікпен қарайды. Қолдарына заңсыз 
тиген,  кітапшылар  мен  парызшылар 
құныққан  билік  яхудейлердің  бытырап 
кетулерімен  аяқталып  қана  қоймайтынын 
Иса  жақсы  білген  болатын.  Ол  көреген 
к ө з б е н  
б ар лы қ  
ға с ы р л а р д а  
д а 
ғибадатхананың  кесірі  болған,  ар  — 
ұжданның үстінде ойнақтайтын, адамның 
билігінің  дәс  көтерілетінін  көріп  тұрды. 
Сол  замандардағы,  істерін  үлгі  етуге 
келмейтін  кітапшылар  мен  парызшылар 
жайлы  әңгімелер  Киелі  Жазбада  келер 
ұрпаққа насихат етіліп қалдырылған.  
Рим  католиктік  шіркеуі  Киелі  Жазбаны 
талқылауға  дін  қызметкерлерінің  ғана 
құқығы  бар  деп  есептейді.  Реформация 
Киелі  Кітапты  барша  халықтың  қолына 
ұстатқанымен, 
Римнің 
барлығына 
мойындатқан 
ұстанымдары 
бойынша 
басқалары  да,  сол  секілді  протестант 
шіркеулері де адамдарға Киелі Кітапты өз 
бетінше 
зерттеуге 
кедергі 
жасайды. 
Олардың айтуынша шіркеу Киелі Жазбаны 
қалай  талқыласа,  халық  оны  солай 
қабылдауы  керек.  Мыңдаған  адамдардың 
шіркеудің доктриналарына қарама-қайшы 
келетін  ақиқатты  қабылдауға    батылдары 
бармайды.  
Киелі 
Жазбадағы 
жазылған 
анық 
ақиқаттарға қарамастан көпшілік жандар 
діндар лард ың 
сөздері н 
мүлтіксіз 
қабылдайды.  Кейбіреулер  Құтқарушының 
сөздеріне  көңіл  де  аудармайды,  сол  діни 
қызметкерлер не айтса, соған сене береді. 
Сол  қызметкерлердің  өздерін  күнәсіз  деп 
кім айта алады? Олардың таратып жатқан 
ілімдерін  Киелі  Жазу  құптамаса,  қалайша 
оларға  сенуге  болады?  Құдай  сызған 
ақиқат  жолымен  жүру  үшін  де  адамға 
ерлік  керек.  Киелі  Жазуды  өз  бетімен 
зерттеуге  ерінетіндер,  жалған  ілімнің 
құрбаны  болып  қала  береді.  Кейбіреулер 
ақиқатты  Киелі  Кітаптан  ғана  табуға 
болатынын 
жақсы 
біледі, 
соған 
қарамастан  оны  ашық  оқуға  зауқылары 
соқпайды. 
Осылайша 
көздері 
ашық 
болғанымен,  көкіректері  соқыр  болған 
жандар 
өз 
құтқарылуларына 
өздері 
немқұрайды  қарайды,  яғни  тағдырларын 
д і н  
қ ы з м е т к е р л е р і н і ң  
н е г і з с і з 
нанаымдарының, 
сенімсіздіктерінің, 
менменшілдіктерінің  жолына  құрбандық 
етіп тартады.  
 Албастының  адамдарды  құл  қылып 
ұстайтын  тәсілдері  өте  көп.  Мәсіхтың 
айқыш 
ағашының 
жаулары 
болып 
табылатын  адамдармен  үйір  болғанның 
мықты  түйіндерін  пайдаланып  шайтан 
мыңдаған  халықтың  жүрегін  жаулап 
алады. 
Бұл 
үйреншікті 
қарым 
— 
қатынастардың  мінездемелері  әр  түрлі 
болуы мүмкін. Атап айтатын болсақ, ата — 
аналар  
мен 
балалар , 
жұбайлар, 
туысқандар,  дос  —  жарандар  немесе 
әлеуметтік 
қарым-қатынастар. 
Қалай 
болған 
күнде 
де 
нәтиже 
біреу-ақ. 
Ақиқаттың 
жаулары 
қарамақтарына 
түскен  адамдардың  арына  қысым  жасап, 
олардың ақиқатты жақтауға, міндеттеріне 
жауапкершілікпен қарауға батылы жетпей 
қалады.  
Ақиқат  пен  Құдайдың  даңқы  бір-бірінен 
ажырамайтын  ұғымдар.  Біз  —  адамдар, 
қате  жолда  жүріп  Алланы  мадақтай 
алмаймыз.  «Неменеге  сенетінің  маңызды 
емес,  дұрыс  өмір  етсең  болғаны»  дейді 
біреулер.  Олай  айту  қате.  Өйткені  сенім 
(иман)  ғана  адамның  өмірін  қалыпқа 
түсіріп отырады. Егер ақиқат бізге беріліп 
тұрса,  ал  біз  одан  өз  еркімізбен  бас 
тартсақ, 
онда 
түнекте 
жүргенімізді 
қалайтын болғанымыз. 
«Кейбір  жолдар  адамға  түзу  болып 
көрінеді,  бірақ  оның  соңы  өлімге  әкеліп 
тірейді»  (Нақыл  сөздер  16:25).  Құдайдың 

261 
 
еркін  тануға  мүмкіндік  беріліп  тұрғанда 
адасушылық  пен  күнәні  түсінбеушілік деп 
ақтауға  болмайды.  Жолаушы  келе  жатып 
жол айырығына келіп тірелгенде, қай жол 
қайда 
апаратыны 
жайлы 
көрсеткіш 
нұсқап  бағыт  беріп  тұрады.  Оған  көңіл 
аудармай  дұрысы  осы  деп  жолды  өзі 
таңдаған  жолаушы неше жерден шынайы 
болса да адасады және қате жолда екенін 
байқауы да мүмкін.  
 Құдай, Оның ілімін зерттеп, талаптарын 
білу  үшін  бізге  Өзінің  Сөзін  берді.  Бірде 
кітап  адамы  Исаға  келіп:  «Мәңгілік  өмірге 
ие болу үшін не істеуім керек» — деп, Оған 
сұрақ  қойғанда,  Иса  сол  адамға:  «Құдай 
заңында қалай жазылған?, Қалай оқисың? 
—  деп  айта  отыра,  оның  назарын  Киелі 
Жазбаға аударған. Білімсіздің жас болсын, 
кәрі болсын ешкімге де кешірілмейді және 
Құдай 
заңын 
бұзғандар 
жазасыз 
қалмайды.  Өйткені  олардың  қолдарында 
сол 
заңның 
сенімді 
куәлігі 
бар. 
Пиғылыңның 
таза 
болғаны, 
осы 
жықсылық  деп  қандайда  бір  іс-шаралар 
жасау  немесе  діни  жетекшің  әділетті  деп 
есептейтін  істерді  істеу  жеткіліксіз.  Адам 
өз тағдырына өзі жауапты, сондықтан кез 
келген  адам  Жазбаны  жеке  басы  зерттеуі 
керек.  Діни  қызметкер  ақиқатты  жақсы 
біледі  деп,  соған  қатты  иланғанымен  — 
мұның бәрі оның иманының негізін құрай 
алмайды. 
Адамның 
сенімінің 
негізі 
болжамдар  мен  жорамалдардан  құралуға 
тиісті 
емес. 
Оның 
қолында 
көкке 
бағытталған  саяхатының  картасы  бар 
және сол картада оның жүріп өтетін жолы 
белгіленген.  Кез  келген  адамның  өмірінің 
ережесі  болып  табылатын  Киелі  Жазбаны 
зерттеуге  мүмкіндігі  бола  тұра,  оны  керек 
қылмай  өз  бетімен  өмір  сүрсе,  кейін  сол 
немқұрайдылығы  үшін  қатты  өкінетін 
болады. 
 Адам  баласының  бұл  өмірдегі  ең  басты 
міндеті  Құдай  сөзін  зерттеу,  ақиқатты 
танып біліп, оны басқа жандарға жеткізу. 
Біз 
мәтіндерді 
салыстыра 
отыра, 
ойымызда  сараптай  отыра  Киелі  Кітапты 
мұқият  зерттеуміз  керек.  Құдай  алдында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет