Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет55/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
сенген  олар  мінәжаттарын  әрі  қарай 
жалғас тырады. 
« Бат аңды  
бермей 
жібермеймін»  деп  Жақып  Періштенің 
етегінен қалай ұстаса, бұлар да Құдайдың 
білегінен мықтап ұстап алады. 
 Егер  Жақып  жасаған  күнәсі  үшін  алдын 
ала  тәубасына  түспегенде,  оның  дұғасы 
қабылданбай, Алла оны құтқармаған болар 
еді.  Қасірет  мезгілінде  де  дәл  солай 
болмақ.  Адамның  кешірілмей  қалған 
күнәсі  болса,  қайғы  мен  қорқыныш  оны 
жеңеді.  Торығу  оның  сенімін  үзеді, 
сондықтан  ол  құтқарылуын  сенімді  түрде 
сұрай  алмайды. Өздерінің түкке тұрғысыз 
екенін    терең  түрде  сезінгендердің  құпия 
күнәсі болмайды. Олардың күнәлары сотта 
алдын 
ала 
қарастырылып, 
тегістеліп 
тасталады, сондықтанда олардың естеріне 
ештеңе түспейді. 
 Албасты  «Құдай  аздаған  күнәға  көңіл 
аудармайды» деп, соған адамды сендіргісі 

271 
 
келеді.  Бұл  өтірік.  Құдай  әділетсіздіктің 
қандай  түрі  болса  да,  аз  болсын,  көп 
болсын  қолдамайды,  ақтамайды,  өйткені 
күнә 
Құдайдың 
жүрегін 
айнытады. 
К ү н ә л а р ы н  
ж а с ы р ы п  
қ а л у ғ а 
тырысатындардың  немесе  өздерін  өздері 
ақтайтындардың  істері  көктегі  кітапта 
жазулы  қалпында  қалады.  Сондықтан  да 
ондай  адамдар  албастының  жемтігіне 
айналады.  Ақырдың  күніне  дайындықты 
болашақтағы 
уақытқа 
жылжытып 
қоятындар, 
оған 
ешқашанда 
дайын 
болмайды.  Ондайлардың  жағдайлары  өте 
нашар  болмақ.  Соңғы  сұмдық  шайқасқа 
дайындалмай,  соған  қарамастан  өздерін 
христиандармыз  деп  атайтындар  сол 
кезде  жанталасып  күнәларын  ақтара 
бастайды,  ал  арсыздар  болса,  оларды 
мазақ 
қылып, 
уайымдарын 
күлкіге 
айналдырады. Олардың тәубәларына түсуі 
Нысаптікіне  немесе  Яхуданікіне  өте  ұқсас 
б о л м а қ .  
О л а р  
к ү н ә  
ж а с а п , 
жанындағыларды  зар  илеткендері    үшін 
жыламайды,  сол  күнәнің  соңынан  алатын 
жазаларынан  қорқып  жылайды.  Басқаша 
айтатын 
болсақ, 
олар 
күнәні 
жек 
көрмейді,  кінәлі  болғандарына  өкінбейді 
де,  алдарында  күтіп  тұрған  жазадан 
қорқып 
қиналады. 
Мұндай 
адамдар 
бастарына  төніп  тұрған  қауіп  өтсімен, 
ежелгі  кездегі  перғауын  секілді,  бұрынғы 
әдеттерін қайра бастайды. 
  Жақып  пайғамбарының  өмір  тарихы 
бізге  жақсы  сабақ  болуы  керек.  Құдайға 
жан 
дүниесімен 
берілген 
адамдарды 
қорғау үшін және жұбату үшін, Алла өзінің 
періштелерін  жібереді.  Имандыларды  өте 
зор  бейнет  күтіп  тұр,  лаулаған  от  оларды 
жұтып  алуға  дайын,  бірақ ұста жалыннан 
алтынды  қалай  тазартып  алып  шықса, 
мейірімі  күшті  Құдай  Ие  де  өзінің 
меншікті 
халқын 
сынақтан 
өткізіп 
тазартып  алып  шығады.  Құдайдың  Өз 
халқына 
деген 
махаббаты 
ешқашан 
өзгермейді,  бірақ  Оның  халқы  міндетті 
түрде  лаулаған  пештен  өтуі  керек,  сонда 
жалын  олардың  жанын  тап-таза  қылып 
шығарады. 
Қасірет  уақытында  бізден  талап  етілетіні 
шыдамдылық,  сабырлық,  аштықты  жеңіп 
шығатын  жігерлік,  қатаң  сынақ  кезінде 
әлсіреп  кетпейтін  мықты  сенім.  Сол 
қасірет мезгіліне  дайын  болу  үшін  барлық 
жан  сынақтан  өтеді.  Жақып  дер  кезінде 
шешім  қабылдап  тұрып,  табандылық 
танытқандықтан  бейнетті  жеңіп  шықты. 
Бұл  жеңіс  оның  адал  тілегінің  күшін 
байқатады.  Құдайдың  уәдесіне  мығым 
сенгендер  жеңіске  жетеді.  Ал  өздерінің 
«Мен»  дерінен  бас  тартпағандар,  Алламен 
қанша күресіп, дұға оқыса да, тілегендерін 
ала  алмайды.  «Алламен  күресу»  дегенді 
түсінетін  адамдар  өте  аз.  Бар  күшін 
салып, 
Құдайды 
сабылып 
жүріп 
іздейтіндердің 
сандары 
көп 
емес. 
Қамығудың 
қатты 
толқыны 
шайып, 
тұңғиыққа  әкете  жаздап  тұрған  сәттерде 
Алланың  берген  уәделеріне  мығым  сеніп, 
сабыр  сақтайтындардың  саны  жоқтың 
қасы.  
Сенімі нашарларға төніп тұрған қауіп өте 
зор,  олар  албастының  қарамағынан  шыға 
алмай, ар-ұждандарын зорлайтын қаулыға 
бағынатын  болады.  Бұлар  тіпті  сынақ 
мезгілінен  бірдеңе  қылып  өткен  күннің 
өзінде,  қысымға  ұшыраған  кезде уайымға 
беріліп  кетеді.  Өйткені  олар  әр  істің 
ақырын  Құдайдан  күтіп  үйренбеген. 
Кеңшілік 
кезінде 
алмаған 
сенім 
с аб ақ т ар ы н ,  
т а р ш ы лы қ  
к е з і нд е 
үйренулеріне  тура  келеді.  Бұл  ілімді 
Құдайдың  аяндарына  сүйене  отыра  қазір 
танып білуіміз керек. Періштелер шынайы 
және  әбден  ойланып  айтылған  дұғаларды 
жазып  алып  отырады.  Құдаймен  қарым-
қатынас жасаудан бас тартқанша, өзімшіл 
ләззаттан  бас  тартқан  дұрыс.  Құдайсыз 
жүріп байып, жайланып, құрметке бөленіп 
рахаттанғанша,  Құдаймен  жүріп  шектен 
тыс  жоқшылықта  өмір  еткен  ғанибет. 
Қайырсыз  байлықтан,  қайырлы  кедейлік 
мың  есе  артық.  Адамдар  Шексіз  Алламен 
үздіксіз  қарым-қатынаста  болулары  үшін 
дұғаны  ешқашан  ұмытпаулары  керек. 
Егер біз Алланың барын ұмытсақ, онда Ол 
біздің 
алтын 
пұттарымызды, 
әдемі 
үйлерімізді,  құнарлы  жерлерімізді  тартып 
алып, Өзінің барын есімізге салуы мүмкін.  
Біздің 
жастарымыз 
Құдай 
жолын 
таңдаса,  өздерін  күнәдан  қорғап  қала 
алады. 
Егер 
әлемге 
көктің 
соңғы 
ескертпелерін 
таратушылар  Құдайдың 
батасын  қалай  болса  солай  салқын, 
салбыр, 
немқұрайды 
түрде 
сұрамай, 
керісінше жалындап тұрған оттай ниетпен 
және  нағыз  сеніммен  сұраса:  «Мен 
Құдаймен 
бетпе-бет 
кездестім 
және 
жаным  аман  қалды»  (Болмыс  32:30)  деген 
болар  еді.  Онда  Аспан  оларды  Құдайдың 
көңілінен 
шыққан, 
күнәні 
жеңген 
ханзадалар деп атайды.  
Жуырда  жер  бетінде  ешқашан  болып 
көрмеген  қасірет  уақыты  келеді.  Сонда 
бізге үлкен тәжірибе ауадай қажет болады, 
ондай тәжірибе бізде әлі болған жоқ және 
ондай 
тәжірибені 
алуға 
адамдардың 
көпшілігі  ерінеді  де.  Болғаннан  гөрі 
болады  деген  қорқыныштылау  секілді. 
Десе де бұл жолы барлығы өзгеше болмақ. 
Ең  жанды  деген  қиялдың  өзі  сол  кездері 

272 
 
болатын  ауыртпалықты  суреттеп  бере 
алмайды.  Әр  адам  Құдайдың  алдында  өзі 
үшін жауап береді.  
«Нұх та, Даниял да, Айып та балалары мен 
қыздарын 
өздерінің 
әділеттіліктерімен 
құтқара  алмайды,  тек  қара  бастары  ғана 
құтқарылады»  дейді  Раббым  Алла  (Езекіл 
пайғамбарының кітабынан  14:20). 
Ұлы  Басты  Діни  Қызметкер  адамзат 
баласын  Құдаймен  татуластыру  қызметін 
жасап  жатқан  кезінде,  біздер  Ғайсаға 
ұқсас болу  үшін бар  күшімізді, жігерімізді 
салуымыз керек. 
Біздің 
Құтқарушымыз 
неше 
түрлі 
бақылаудан 
өткен, 
бірақ 
ешқашан 
алданып  көрген  емес.  Албасты  адамның 
жүрегінің  әлсіз  жерлерін  іздейді  және 
оның  аялап  ұстап  отырған  күнәсін  көрсе, 
дереу  іске  кіріседі.  Сонда  адам  өзінің 
мінезінің  бақылаудан  шығып  кеткенін 
байқамай  да  қалады.  Мәсіх  Өзі  жайлы: 
«Осы  күнәкар  дүниенің  әміршісі  (шайтан) 
жақындап  келеді,  бірақ  оның  Менімен 
ортақ  ештеңесі  жоқ»  (Жоһан  14:30)  деген 
болатын.  Албасты  Мәсіхты  жеңетіндей 
Оның  бойынан  ешбір  кесір  таба  алмады. 
Иса  Құдайдың  заңы  бойынша  өмір  сүрді, 
Оның  бойында  ешқандай  күнә  болған 
жоқ.  Қасірет  уақытында  албастыға  қарсы 
шығып,  оны  жеңеміз  дейтіндер  Мәсіхтан 
екі елі айнымай тұрулары керек.  
  Бұл өмірде біздер Мәсіхтің адамдар үшін 
төгілген  қанына  деген  сеніммен  күнәдан 
тазартылуымыз  керек.  Құтқарушымыз 
ә л с і з д і г і м і з д і  
О н ы ң  
к ү ш і м е н , 
надандығымызды  Оның  даналығымен, 
арамдығымызды  Оның  еңбегімен  жеңуге 
шақырады.  Біздер  Алланың  мектебінде 
дәріс алып, тамаша момын жандар болып 
шығуымыз  керек.  Құдай  бізге  дұрыс  жол 
сілтеп,  өміріміздің  шынайы  мақсатына 
бағыт  береді.  Сондықтан  да  мінезімізді 
түзеу  үшін  Киелінің  ұсынып  тұрған 
құралдарының 
барлығын 
пайдалана 
білейік.  Аялдап  қалу  мен  немқұрайдылық 
жанымыз үшін өте қауіпті. 
Жоһан 
бабамыз: 
«Жер 
мен 
теңізде 
тұратындар  қорқыңдар!  Себебі  әзәзіл 
төменге, сендердің қастарыңа түсті. Ол өз 
уақытың  аз  қалғанын  біледі,  сондықтан 
қатты  ашулы»  деген  дауысты  естіді  (Аян 
12:12).  Бабамызға    бұл  сөздерді  айтуға 
мәжбүрлеген 
шындық 
қаншалықты 
сұмдық  десеңізші!    Ақыр  тақаған  сайын 
әзәзілдің  ашуы  өрши  түсуде,  ал  қасірет 
уақытында  оның  зұлымдық  істері  ең 
жоғарғы нүктесіне жететін болады.  
Сонда 
біз 
жындардың 
биліктерінің 
белгілері  —  жалған  кереметтерді  көреміз. 
Жындар  бар  әлемнің  тұрғындары  мен 
патшаларын алдап өз торларына түсіретін 
бо лад ы . 
Ө зд е рі н 
Мәс іх пыз  
д е п 
жариялайтын  адамдар  шығады.  Олар, 
бізге  көктен  аян  берілді  деп,  ауруларды 
сауықтырып, тағы да неше түрлі ғажайып 
істер  жасайды,  бірақ  бұл  істері  Киелі 
Жазбадағы  кепілдемелерге  қарама-қайшы 
келеді.  
Бұл ұлы драманың соңы албастының өзін 
Мәсіхпын  деп  жариялауымен  аяқталады. 
Шіркеу Құтқарушының келуіне үміттерінің 
орындалғаны  ретінде  қарайтыны  жайлы 
баяғыда  арыз  тастаған  болатын.  Енді  ұлы 
өтірікші Мәсіх келіп қалған секілді көрініс 
жасайды.  Ол  жердің  әрбір  бөліктерінде 
адамдардың  алдында  әулие  секілді  пайда 
болып, 
өзінің 
жарығымен 
маңайын 
нұрландырып  жібереді.  Осы  кейпінде  ол 
ая нд а  
а йт ы лы п  
к е т к е н  
Ж о һ ан 
п а й ғ а м б а р ы н ы ң  
с у р е т т е г е н і н д е й 
Құдайдың Рухани Ұлына өте ұқсас болады 
(Аян  1:13-15).  Оның  даңқы  бұрын  соңды 
адам  баласының  көргенінен  асып  түседі. 
«Мәсіх келді! Мәсіх келді!» деп жан жақтан 
шыққан 
салтанатты 
әндер 
әуені 
шарықтатады. 
Халық 
оның 
алдына 
жығылады,  ал  ұлы  өтірікші  екі  қолын 
жоғары көтеріп адамдарға батасын береді. 
Оның  дауысы  жұмсақ  және  сазды  болып 
шығады.  Албасты  Мәсіхтың  бір  кездері 
айтқан  сөздерін  қайталап,  ауруларды 
сауықтырып, 
жұртты 
әбден 
есінен 
тандырады.  Сонан  соң  сенбіні  жексенбіге 
ауыстырғанын 
айтып, 
енді 
бәріне 
жексенбі 
күнін 
сақтауды 
бұйырады. 
«Періштелердің  әкелген  хабарынан  бас 
тартып,  әлі  де  болса  жетінші  күнді 
с а қ т а й т ы н д а р ,  
м е н і ң  
а т ы м д ы 
масқаралайды» 
деп 
арыз 
тастайды. 
Қандай  жеңістік  бермейтін,  күшті  өтірік 
десеңізші! 
Шимион  сиқыршының  сөзіне  алданып 
қ а л ғ а н  
с а м а р и я л ы қ т а р  
с е к і л д і , 
қарапайымдардан  бастап  атақтыларға 
д е й і н  
« Б ұ л  
Қ ұ д а й д ы ң  
Ұ л ы 
күші» (Елшілердің істері 8:10) деп, барлығы 
оған  иланады.  Бірақ  Құдайдың  халқы 
алданбайды. Өйткені олар Киелі Жазбадан 
жалған  Мәсіхшылықтың  болатыны  жайлы 
ақиқатты  жақсы  біледі.  Жасанды  Мәсіх 
хайуанға 
табынып, 
оның 
белгісін 
алғандарға  батасын  береді.  Ал  Киелі 
Жазбада  хайуанның  белгісін  алғандарға 
Құдайдың қаһары төгіледі деп жазылған.  
  Оның үстіне шайтанға, жер бетіне келуін 
Мәсіхтың  келу  тәсілдеріне  ұқсастыруға 
тыйым  салынған.  «Сол  кездері  жалған 

273 
 
пайғамбарлар  мен  жасанды  Мәсіхтар 
келіп, 
неше 
түрлі 
көзді 
алдайтын 
ғажайыптармен жұрттың барлығын алдап, 
тіпті 
қалаулылардың 
өздерін 
де 
жаңылыстыруға  тырысады»  дейді  бізге 
Киелі  Кітап.  «Мінекей  ол  шөл  далада десе, 
шықпаңдар, 
түкпір 
түкпірлердегі 
бөлмелерде 
десе 
сенбеңдер, 
өйткені 
найзағай шығыстан шығып, батыс жақтан 
қалай  көрінсе,  Адамзат  Ұлының  келуі  де 
солай  болмақ»  (Матай  24:24-27,31;25:31; 
Аян  1:7;  Салоникалықтарға  арналған 
бірінші  хат  4:16,17).  Мәсіхтың  келуін 
алдамшы  түрде  жасап  келтіру  мүмкін 
емес. Бұл оқиға бәріне белгілі болады және 
оны жер бетіндегілердің барлығы көреді. 
  Тек  Киелі  Жазуды  жақсы  білетіндер, 
а қ и қ а т т ы  
с ү й і с п е н ш і л і к п е н 
қабылдағандар 
ғана 
ондай 
өтірікті 
Жазбаның көмегімен әшкерелей алады. 
 Барлық  адамдар  сынақтан  өтіп,  шынайы 
мәсіхшілер  іріктеледі.  Адамдарға  бұл  ұлы 
күнге  дайындалуға  шайтан  барынша 
кедергі жасайды. Соңғы кездері жұрт күн 
көрудің,  дүние  жинаудың  және  басқа  да 
көптеген 
іс-шаралардың 
қамымен 
айналысып  кетті.  Бұл  да  шайтанның 
жұмысының нәтижесі. Ол сынақ мезгілінің 
сіздерге  байқаусызда,  үйлеріңізге  түскен 
ұрыдай болып кенеттен келуін қалайды. 
 Әр  түрлі  Мәсіхшы  билеушілер  арқылы 
Құдайдың 
парызын 
орындайтындарға 
қарсы  шығарылған  қаулы,  оларды  үкімет 
билігінің  қорғауынан  құр  қалдырады.  Сол 
кездерде бұл жандар бас сауғалап, қалалар 
мен  ауылдарды  тастап,  тау  менен  тасты, 
шөл  даланы,  үңгірлерді  паналап  босып 
кетеді. 
Дегенмен 
айтулы 
халықтың 
көпшілігі,  оның  ішінде  неше  түрлі  ұлттың 
өкілдері 
бар 
— 
қатардағылар 
мен 
атақтылар,  байлар  мен  кедейлер,  ақтар 
мен  қаралар  өте  қатыгез  және  әділетсіз 
құлдыққа  салынады.  Құдайдың  сүйікті 
халқы  өте  ауыр  күндерді  бастарынан 
өткізеді.  Өлім  жазасына  кесіліп,  түрмеге 
қамалады,  жер  астындағы  зындандарға 
тасталып,  аштан  өлтіріледі.  Неше  түрлі 
тәсілдер  пайдаланылып,  хайуандықпен 
азапталады.  Оларға  ешкімде  көмекке 
келмейді, тіпті дауыстарын да естімейді.  
  Осындай шақтарда Құдай оларды ұмыта 
ма? 
Топан 
суы 
қаптағанда 
Нұх 
пайғамбары  ұмытылды  ма?  Аспаннан  от 
түсіп,  қағынған  қалалар  бүтіндей  жоқ 
болып кеткенде Лұт ұмытылды ма? Немесе 
Раббым 
Алла, 
Мысыр 
елінде 
пұтқа 
табынушылардың 
ортасында 
қалған 
Жүсіпті  ұмытты  ма?  Жаулары  қуғынға 
ұшыратқан  Ильяс  пайғамбары,  қараңғы, 
сасық  шұңқырдың  ішінде  қапаланып 
отырған  Ереуіл,  лаулаған  пештің  ішіне 
түскен  ер  жүрек  азаматтар  немесе 
арыстанның  апанына  тасталған  Даниял 
ұмытылды ма?  
Ал  Сион  болса:  «Құдайым  мені  тастап 
кетті,  Ол  мені  ұмытты!»  дейді.  Емшектегі 
баласын анасы ұмыта ма? Егер ол ұмытса 
да,  Мен  сені  ешқашанда  ұмытпаймын. 
Сенің  бейнеңді  алақандарыма  сызып 
қойғам» дейді мейірімді Алла (Ишая 49:14-
16). 
«Сендерге 
соқтыққандар, 
Менің 
к ө з і м н і ң  
қ а р а ш ы ғ ы н а 
соқтыққандары» (Зәкария пайғамбарының 
кітабынан 2:8). 
Құдайдың 
қызметкерлері 
түрмеге 
қамалғандарымен,  олардың  жандарын 
Алладан  бөлектеу  мүмкін  емес.  Адамның 
жанын  түсінетін,  оның  әлсіз  жерлерін 
білетін  мейірімді  Құдай  Иенің  жердің 
билігінен жоғары екенін білмейтін кім бар? 
Ол  қапаста  қамалып  жатқан  жандарға 
періштелерін 
жіберіп, 
қап-қараңғы 
жерлерді 
жарқыраған 
сарайларға 
айналдырады.  Өйткені  ол  жерлерде,  бір 
кездерде Пауыл мен Сила Філіп қаласында 
қамауда отырып, түн жарымда дұға оқып, 
ән 
салғандарындай, 
отырғандардың 
имандары мол болады.  
  Құдайдың  қалаулыларын  қуғындағандар 
ж а з а л а р ы н  
а л а д ы .  
А л л а н ы ң 
шыдамдылығы 
жексұрындарға 
небір 
өжеттілік  береді,  бірақ  Құдай  асықпайды 
және  кешігіп  те  қалмайды.  Арсыздар 
Оның қаһарының тостағанын толық ішеді. 
Мейірімді  Аллаға  біреуді  жазалау  «жат 
қылық».  «Мінекей  Мен  бармын,  бірақ 
күнәкардың  өлгенін  қаламаймын»  (Езекіл 
33:11) дейді Алла. 
Құдай адамды жақсы көреді, Ол мейірімді, 
шыдамды, шынайы, кешірімді, бірақ күнә 
мен қылмысты жазасыз қалдырмайды. 
 «Құдай  шыдамды  және  Ұлы,  бірақ 
з а ң с ы з д ы қ  
ж а с а у ш ы н ы 
жазалайды» 
(Шығыс 
34:6,7; 
Нақұм 
пайғамбарының  кітабынан  1:3).  Басқаша 
аудармасында  былай  айтылады:  «Құдай 
үкімді өте қатал түрде шығарады және аяқ 
асты  етілген  заңның  беделін  қалпына 
келтіреді». 
Алла 
адамды 
жазалағысы 
келмейді, сондықтан оны тәубәсына келер 
деп  көп  күтеді,  заңсыздықтың  тостағаны 
т о л ғ а н ш а  
т о с а д ы ,  
б і р а қ  
с о л 
мейірімділікпен  араласпаған  Құдайдың 
гаһарының 
тостағаны 
толған 
кезде, 
күнәкарларға  оны  толық  ішулеріне  тура 
келеді. 

274 
 
  Мәсіх 
көктегі 
қасиетханада 
Өзінің 
аратүсушілік  қызметін  аяқтаған  кезде, 
айуан  мен  оның  мүсініне  құлшылық  етіп, 
маңдайына немесе қолына оның таңбасын 
қабылдаған әркім де Құдайдың нағыз ашу 
ы з а с ы н ы ң  
« ш а р а б ы »  
қ ұ й ы л ғ а н 
тостағаннан ішетін болады (Аян 14:9,10). 
Құдайдың  халқы  құтқарылмас  бұрын 
әлемге  жіберілетін  жаза,  яхудейлер  онан 
босанып  шықпастан  бұрынғы  Мысырға 
төгілген  жазадан  да  сұмдық  болады. 
Жоһан  пайғамбары  болашақта    болатын 
оқиғаны 
былай 
деп 
суреттейді: 
«Хайуанның 
белгісін 
алып, 
оған 
табынғандардың  үсті  басын  неше  түрлі 
іріңдеген  жаралар  басып  кетеді».  «Теңіз 
өлген  адамның  қанына  ұқсап,  ондағы 
тіршілік 
иелері 
қырылып 
қалады». 
«Өзендер  мен  сулардың  барлығы  қанға 
айналады».  Бұл  сұмдық  ауыртпалық, 
дегенмен  Құдай  әділетті  және  Оның 
тарапынан  зұлымдарға  жіберілетін  жаза 
да әділетті. Оның періштесі: «Әрдайым бар 
және  мәңгі  жасайтын  Қасиетті  Жаратқан 
Ие,  Сен  әділеттісің.  Шығарған  осы 
үкімдерің  де  әділ!  Сол  адамдар  Сенің 
пайғамбарларыңның  қанын  төккендіктен, 
оларға қан ішкіздің, соларға осы лайық» — 
дейді  (Аян  16:2-6).  Олар  Құдай  халқын 
өлім  жазасына  ұсынып,  олардың  қанын 
арқалады.  Сөз  етіліп  тұрған  адамдар 
тікелей  барып  ешкімді  өлтірмегендерімен 
солардың ықпалымен жасалған қылмыс өз 
қолдарымен жасағанмен бірдей саналады. 
Ғайса  әділетті  Әбілден  бастап  өлтірілген 
к ү л л і  
п а й ғ а м б а р л а р д ы ң  
қ а н ы н 
яхудейлердің  мойнына  артқан  болатын, 
өйткені  олар  да  сол  зұлымдықтарды 
жасаған 
адамдардың 
рухтарымен 
қаруланып  алған  еді  және  дәл  солардай 
қылмыс жасауға дайын тұрды. 
  Онан  соң  күннің  көзіне  «адамдарды 
күйдір»  деп,  бұйрық  берілді.  Сондықтан 
олар  қатты  аптапқа  ұшырады  (8,9 
тақпақтар).  Осы  кездердегі  адамдардың 
жағдайларын 
пайғамбар 
былай 
деп 
суреттейді: 
«Жер 
наразылық 
білдіріп 
жатыр,  өйткені  нан  құрыды.  Барлық 
ағаштар кеуіп қалды, сол себепті күлкі мен 
қуаныш 
та 
жоғалды». 
«Мал 
біткен 
маңырап  қалды,  өйткені  өсімдік  атаулы 
жанып  кетіп,  судың  бәрі  кеуіп  қалды». 
«Өлең зарға айналды, өлгендердің саны өте 
көп 
болғандықтан, 
өзгелері 
оларды 
көрінген 
жерде 
үнсіз 
тастап 
кетіп 
жатады» (Жоел пайғамбарының кітабынан 
1:10-12,17-20; 
Әміс 
пайғамбарының 
кітабынан 8:3). 
Бірақ 
бұл 
жазаға 
жер 
бетіндегі 
жандардың барлығы бірдей ұшырамайды, 
болмаған  жағдайда  жер бетінде бір  де бір 
жан  қалмаған  болар  еді.  Бұл  пенделердің 
басына  түскен  ең  сұмдық  жаза  болып 
табылады.  Сынақ  мезгілі  аяқталғанға 
дейінгі  адам  баласының  көрген  жазасы 
мейірімділікпен  қатар  жүрген  болатын. 
Мәсіхтың  адамзат  үшін  төгілген  қаны 
арашашы болып, олар тартуға тиісті толық 
жазаларын  тартқан  жоқ,  бірақ  соңғы  сот 
кезінде  пенделерге  төгілетін  Құдайдың 
қаһары мейірімділікпен араласпайды.  
Сол  күні  Құдайдың  мейірімінен  бас 
тартып  келген  көпшілік  жан  Одан  пана 
іздейтін  болады.  «Мінекей  Мен  жерге 
аштық  жіберемін  —  нанның  аштығы  мен 
судың аптабы емес, халық Құдайдың сөзін 
іздеп  зарығатын  болады.  Теңізден  теңізге 
дейін,  солтүстіктен  шығысқа  дейін  жұрт 
Алланың сөзін іздеп шұбырады, бірақ оны 
таба  алмайды»  (Әміс  пайғамбарының 
кітабынан 8:11,12) — дейді Құдай.  
 Құдайдың халқы да қасіреттен тыс қала 
алмайды. Қуғын-сүргінді де, қысымды да, 
аштықты  да,  жалаңаштықты  да  көреді, 
бірақ  өлмейді.  Кезінде  бабамыз  Ильястың 
қ ам ы н 
қ а р ас т ы р ғ ан 
Қ ұ д а й 
И е 
жанымыздан өтіп кетпейді. Бастарындағы 
әрбір  шаштары  саналып  қойылған    бұл 
жандар  аштық  кезінде  тойып  жейді. 
Арсыздар  аштан  қырылып  жатқан  кезде, 
періштелер 
әділеттілердің 
қамдарын 
ойлап,  олардың  мүдделерін  қарастырады. 
Өйткені  шындықты  жақсы  көретіндерге 
нан  берілетін  болады,  олардың  суы 
ешқашан  таусылмайды.  «Мына  бейшара, 
мүсәпір  халқым  су  іздеп  таба  алмай  жүр. 
Олар  шөлдеп  таңдайлары  кеуіп  қалады. 
Бірақ  Мен  —  Жаратқан  Иелері  олардың 
мінәжаттарына 
құлақ 
асамын. 
Мен, 
Ысрайыл сиынған Құдаймын және оларды 
ешқашан  жалғыз  қалдырмаймын»  (Ишая 
33:16;41:17). 
«Зәйтүн  ағашы  гүлдемесе  де,  жүзім 
ағашы  жемісін  бермесе  де,  егін  шықпай 
қалса  да,  мен  қуанамын,  өйткені  менің 
жүрегім 
Жаратқан 
Иемнің 
барына 
шаттанады» 
(Аббақұқ 
пайғамбарының 
кітабынан 3:17,18).  
«Құдайым  менің  Құтқарушым  және 
Қорғаным.  Күндіз  күннің  көзі,  түнде  ай 
маған жамандық жасай алмайды. Ол мені 
торға түсуден сақтайды, Оның қанатының 
астында қауіпсіз боламын. Оның ақиқаты 
менің қорғаным әрі қалқаным. Түнде қара 
түнек 
қорқыныштан, 
күндіз 
жау 
оқтарынан    сескенбеймін,  түнде  жүретін 
індет  ауруларынан,  һәм  тал  түсте  басыма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет