Моногамия
– бір күйеу мен бір әйел арасындағы неке.
Монотеизм
– бір ғана құдайды мойындайтын дін.
Өркениет
– қоғамның сапалық дамуы барысын көрсетеді.
Полигамия
— бірнеше адамдардың арасындағы неке.
Респондент
– социологиялық зерттеу барысында сауалдарға жауап беруші.
Референтті топ
– әлеуметтік топтардың ішіндегі ең артық көрінетін тобы, сол топтың
қасиет, сапасы туралы біртұтас түсінік.
Социеталдық
– күрделі әлеуметтік жүйедегі әлеуметтік қарым-қатынастар мен
процестерді белгілейтін ұғым.
Социометриялық әдіс
– социология ғылымы шешуге тиісті көптеген міндеттерді
шағын топтарда болып жатқан процестерді зерттеу арқылы орындайтын әдіс.
Этнос
– (тайпа, халық дегенді білдіреді) ортақ белгілері мен тұрақты тілі, мәдени және
психологиялық ерекшеліктері, салт-дәстүрлері бар белгілі аумақта тарихи
қалыптасқан топ.
Элита
– (өте жақсы, таңдамалы дегенді білдіреді) әлеуметтік топтардың ішіндегі
ерекше жеңілдіктері бар жоғарғы топ.