Әлеуметтану бойынша глоссарий



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі111,34 Kb.
#116623
1   2   3   4
Байланысты:
Әлеуметтану бойынша глоссарий

Әлеуметтік ымыра
– (социальный компромисс) өзара әсер етуші әлеуметтік
топтардың өзара келісі арқылы әлеуметтік қарама-қайшылықтарды,
келіспеушіліктерді, дауларды шешу.
Әлеуметтік эксперимент
— әлеуметтік объектіге арнайы енгізілген басқарушы
және бақылаушы факторлар әсер еткенде туындайтын сандық және сапалық
өзгерістер жөнінде мәлімет алу әдісі.


Бихевиоризм және необихевиоризм – сананың дербестігін мойындамайтын,
психиканы адамның өзіне қажет нәрселерге жету мақсатында жүзеге асыратын іс-
әрекеттерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы деп көрсететін ғылыми бағыт.
Бюрократия – қатаң да дәл ережелер мен үлгілер арқылы реттелетін қызметтер мен
биліктің бөлінісіне негізделген қызметтер мен рольдердің иерархиясынан тұратын
әлеуметтік құрылым.
Валидтілік – зерттеудің құралдары мен әдістерінің, ұғымдардың және
эксперименттердің мақсатының негізділіг мен барабарлығы.
Девиация – көпшілік мойындаған ғадеттік ережелерден ауытқу.
Дезинтеграция – жүйенің ішкі құрылымының ыдырау процесі.
Деноминация – басқа діндердің заң аясындағы қызметін қолдайтын және қоғаммен
арақатынасын позитивті принциптерге негіздейтін діни ұғым.
Депривация – адамдар мен топтардың негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру
мүмкіндіктерінен айыру немесе оларды шектеу процесі.


Конвергенция ілімі – капиталистік және социалистік қоғамдардың біртіндеп, біте
қайнасып, бір біріне сіңісуін уағыздайтын бағыт.
Конформизм – бұқаралық санада қалыптасқан стереотиптерді, салт-дәстүрлерді,
бедел мен принциптерді қарсылықсыз қабылдау және сақтау.
Қоғамдық пікір — әлеуметтік қауымдардың қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға,
әлеуметтік құбылыстарға қарым-қатынасын білдіретін бұқаралық сананың жағдайы.
Макросоциология – күрделі әлеуметтік процестерді, әлеуметтік топтарды және
қоғамдық өмірді тұтастық тұрғысынан зерттейтін бағыт.
Маргиналдық – екі мәдениеттің өзара әсері процесіне қатысушы, бірақ екеуінің біріне
де толық сіңісе алмай, екі арада қалған адамдардың немесе әлеуметтік топтардың
рухани жағдайы.
Микросоциология – шағын әлеуметтік жүйелерді, әлеуметтік құбылыстар мен
процестерді талдайтын социологиялық зерттеулер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет