Әлеуметтану дифф зачет



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Бұқаралық сана -қоғамдағы қалың бұқараның деңгейіндегі идеялардың,
көзқарастардың, сезімнің, көңіл-күйлерінің жиынтығы, ұжымдық топтардың
қажеттері мен мүдделерін тұтас бейнелейтін, олардың өмірлік мұраттары мен
тəжірибелерін талдап, тұжырымдайтын түсінік.Бұқаралық сана - қоғамда кең
тараған идеяларды, көзқарастарды, ұғымдарды, əлеуметтік сезімдерді
қамтиды. Онда қоғамдық сананың күнделікті психологиялық,
теориялық-идеологиялық дəрежелері ұштасып келеді. Бұқаралық санада
теориялық-идеологиялық элементтерінің болуы мен олардың үлес салмағы
Бұқараның əлеуметтік субъект ретінде даму деңгейі, тарихи жағдайлармен
байланысты. Сонымен бірге ол бұқараның тұрмыс жағдайларының əсерімен
стихиялы түрде қалыптасады.
Дамыған Бұқаралық сана қоғамдық жəне мемлекеттік істерді реттеуге,
демократияны жетілдіруге, елдің алдында тұрған жаңа міндеттерді
талқылауға жəне шешуге көмектеседі. Бұқаралық сананың көріну сипаты,
қоғамда атқарар қызметі түрліше.
Бұқаралық сана субъектісі — əлеуметтік топтардың қоғамдағы орнына,
көздеген мұрат-мақсаттарына қарай белсенді, прогресшіл немесе бейтарап,
бейжай сипатта өріс алады. Топтық мінез-құлық арқылы адамдардың
бірлестігін жетілдіру барысында Бұқаралық сана қоғамдық келісімді
күнделікті тəртіпке, өмірлік салтқа айналдырады.
26.Масс-медианың жаңа стандарттардың, мотивацияның,
стереотиптердің,мінез-құлық моделінің, өмір салтының қалыптасуына əсері.
Масс медиа жəне бұқаралық коммуникация саласының қолданыс аясы күн
өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Сондықтан да осы саладағы
орныққан тіркестер мен күнделікті қолданыстағы терминдер əрі кезеңге сай
ана тілімізге өзге тілдерден еніп, тұрақтап жатқан сөздер де белгілі
лексографиялық жəне лингвистикалық заңдылықтарға бағынады. Себебі,
қазіргі таңда кез келген салада БАҚ-тың араласпайтын не қолданылмайтын
саласы жоқ. Осыған орай, бүгінгі ақпарат ғасырында ауызекі жəне тілдік
қолданыс аясын түрлі лексикалық топтар мен терминологиялық бірліктер
нəтижесінде еселей толықтырып отырғанда, сан миллиардтаған


аудиториямен қарым-қатынастағы масс медиа жəне коммуникация тілінің
маңызын арта түсуі де заңдылық болып табылады.Масс медиа жəне
коммуникация қызметі – əлем халықтарының күнделікті бір-бірімен
тілдесулері жəне өзара түсінісулеріне негіз қалай отырып, қазақ елінің
саяси-экономикалық, əлеуметтік мəдени жəне өзге де салалардағы тамаша
табыстары мен жетістіктерін миллиондаған аудиторияға паш етуде. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған үш тілді меңгеру, яғни қазақ тілін –
мемлекеттік тіл, орыс тілін – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілін
қазіргі заманғы «lingua franca» – халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде
күнделікті қолданысқа енгізу бағытындағы тілдің үштұғырлығы қағидатын
орнықтыру міндеті – Қазақстанның əлемдік аренадағы саяси жəне
экономикалық бағыттағы үдерістерге еркін кірігуіне де негіз қалауда. Əрі
əлемдік аренадағы көшбасшы елдердің тəжірибелері мен жүріп өткен
жолдарын саралай отырып, тың идеяларға негіз қалау да мемлекетіміздің
серпінді дамуына жетелейтіні анық аксиома. Сондықтан да заман талабы мен
уақыт сұранысына орай үш тілді анықтамалық сөздіктер шығару да қазіргі
кезеңнің талап-тілегі екені ақиқат.Жаңа медиа XX ғасырдың соңында фильм,
сурет, музыка, ауызекі жəне жазбаша сөз тəрізді дəстүрлі медианы қамтитын
компьютер мен коммуникациялық технологиялардың, компьютермен
лайықталған құрылғылар мен Интернеттің интерактивті қызметтерін
танытатын медиа ғылымда пайда болған термин. Бұл ұғымның ауқымы өте
кең. Мысалы, жаңа медиа медиа контентке жатататын барлық мəліметтерге
кез келген уақытта, əртүрлі компьютерлі құрылғылардың көмегімен қол
жеткізіп, пікірлесуге, жаңа мəлімет енгізуге жəне бірнеше адамның бірігіп,
ақпарат түзуіне мүмкіндік беруді де сипаттайды. Жаңа медианың келесі бір
қыры медиа контентті жариялау, тарату, тұтыну жəне əзірлеудегі еркіндіктің
берілуімен құнды. Жаңа медианың дəстүрлі медиадан айырмашылығы
контенттің сандық форматта бит өлшемдеріне дейін ұсақталуында жатыр.
Сонымен қатар жаңа медиада контент онлайн режимде де қарқынды түрде
əзірленуімен ерекшеленеді.
27. Əлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет