Әлеуметтану дифф зачет



Pdf көрінісі
бет21/31
Дата22.10.2022
өлшемі381,11 Kb.
#44915
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
1.Капитализм деп жеке меншік билеу құқығын бекітетін жəне оны капитал
ретінде өнеркəсіп орнына салу əрі осыдан пайда көру мүмкіндігін беретін
экономикалық жүйені атаймыз. Бұл жүйеде белсенділік пен бəсеке
қабілеттілік бағаланады.
Өнеркəсіптік төңкеріс капитализм дамуының сүйреуші күші болды.
Өнеркəсіп дамуы жаңа зауыттар мен құрал-жабдықтарға капитал салуды
талап етті.
Жаңа өнім түрлерін ендіру жəне белгісіз жаңа нарықтық аумақтарды игеру
үшін ірі материалдық шығынды талап ететін қатерге бас тігу қажет еді. Міне


капитализм кезінде осындай адамдар тобы: іскер адамдар, кəсіпкерлер,
банкирлер пайда болды.
Кəсіпкер-капитализм дамуындағы басты тұлға. Ол өзінің жəне басқаның
капиталын игеріп, көбейтеді.Капитализм бастапқы дамуында үкіметке
тəуелсіз болды. Ол мемлекеттен тек шарттар сақталуын бақылауды жəне жеке
меншікті қорғауды талап етті. Бірақ XІX ғ. Капитализм дамуы аяусыз қанау
мен оған қарсы қозғалыстар тудырды. Кей елдерде бұл тіпті əлеуметтік
төңкерістерге ұласты. Осыған сəйкесті капитализм мінезі өзгеріске ұшырады.
Еуропа жəне американ капитализмі бірте-бірте үкімет органдары бақылауына
алынды. АҚШ-та салық жүйесін жəне əлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру
арқылы кəсіпкерліктен түскен пайда қоғамдық бөліске салынды. Əлеуметтік
қамсыздандыру, жұмыссыздық, медициналық көмек төлемақылары
белгіленді. Өнеркəсіпте, транспортта, коммуникация жүйесінде, фондалық
(құнды қағаз) биржаларында жаңа, мемлекет бақылауындағы ережелер
бекітілді.
Қазіргі уақытта АҚШ үкіметі өнеркəсіп орындары бəсекелестігін күшпен
сақтауға тырысуда. Өйткені АҚШ-та монополияға қарсы заңға қарамастан ірі
корпорациялар ролі өсе түсуде. Сол сияқты кез-келген ел үкіметі
бақылауынан тыс трансұлттық корпорациялар пайда болды. Қазіргі АҚШ
капитализмі корпоративті капитализм деп аталады.
Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі экономикалық жүйелер тек қана
капитализммен шектелмейді. Американдық социолог Линдблом
экономикалық жүйелердің төрт негізгі түрлерін бөліп шығарды.
1)Ең алдымен басшылыққа тұтынушылар мүддесін алатын жеке
кəсіпкерліктің дəстүрлі жүйелері. Негізінен Батыс Еуропа, Солтүстік
Америка елдері.
2)Үкімет субсидия жасап отыратын жəне дайын өнімді сатып алып отыратын
жеке кəсіпкерлік жүйесі. Олар жеке болса да, оларға жоспарлаушы органдар
белгілі бір деңгейде əсер етеді. Н.Смелзер мұның мысалы ретінде АҚШ
қорғаныс өнеркəсібін атайды.
3)Баға сұраныс арқылы реттелетін мемлекеттік кəсіпкерлік. Əдетте мысал
ретінде қазіргі Қытай, бірқатар ТМД елдері алынады.
4)Жоспарға қатал бағындырылған мемлекеттік кəсіпкерлік. Мысал ретінде
Куба, Солтүстік Корея елдері алынады.
Еңбек жəне айырбас жағдайлары


Көптеген жағдайларда біз тек ақша үшін ғана еңбектенеміз. Біз тауар сол
сияқты қызмет түрлерін де ақшаға алып пайдаланамыз.
Бірақ еңбектік қатынастарды ақшамен байланыстырмайтын қоғамдар да бар.
Б.Малиновский Жаңа Гвинеядағы меланезий тайпасының экономикалық
қарым-қатынастарын зерттеді. Олар бір-біріне тегін көмектесу арқылы өмір
сүреді, яғни еңбек тек қана еңбекке айырбасталады.
Сол сияқты біздің өмірімізде де өнеркəсіп, тауар айналымындағы
экономикалық емес факторлар өз ролін ойнайды. Мыс., сыйлық үшін ешкім
оған эквивалентті ақша төлемейді. Сол сияқты бірқатар жағдайларда
бір-бірімізге тегін еңбек етеміз. Əрине бізде мұндай жағдайларда ең басты
рол атқаратын туыстық байланыстар.
Қазіргі қоғамдарды еңбек ролдерін бөлісуде жас айырмашылығы мен
жыныстық айырмашылық та үлкен рол атқарады. Көптеген қоғамдарда жас
балалар еңбегін пайдалануға тиым салынған, ал қарт адамдар экономикалық
өмірге араласуды тоқтатады. Сол секілді көптеген еңбек түрлері (мыс., кеңсе
жұмысы, медбике, бастапқы мектепте сабақ беру, балабақшада жұмыс істеу)
тек қана əйел адам жұмысы болып саналады. Сол сияқты басқа еңбек түрлері
(мыс. Қоғамдық тəртіп сақтау, қорғаныс, ауыр өнеркəсіп, шикізат игеру) тек
қана ер адамдар жұмысы болып саналады.
Демалудың əлеуметтік контекстісі
Қазіргі уақытта демалу ролі өте көтерілді. Төрт күндік еңбек жұмысы мен
жұмсақ еңбек кестесі кең таралуда. Көптеген елдерде өмір сүру
жағдайларының көтерлуіне байланысты демалуға жəне осыған байланысты
қызмет түрлерін пайдалануға көп уақыт пен қаражат бөлінеді.Демалыс
уақытын өткізу ерекшеліктеріне таптық тек те өз əсерін тигізеді. Мыс.,
жоғары кірісі бар адамдар мəдени шараларға көп көңіл бөледі, ал орта
кірістілер əдетте спорттық ойындарға баруды, ал төменгі кірісі барлар
парктерде демалуды ұнатады.
30.Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі.
Жаһандану (ағылш. Global — «əлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа
жалпы əлемдік саяси, экономикалық, мəдени жəне ақпараттық тұтастық
құрылуының үрдісі. "Жаһандану" бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген
мағынаны да, əлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мəдениет қалыптастыру
екпініне ілесу дегенді де білдіреді. Экономикалық жаһандану екі үрдістің
жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек
ресурстарының, тауарлардың жəне қызмет көрсетулердің) жəне
экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді жəне экономиканың


ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың,
корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық
Жаһанданудың нақты сипаттары бар.
Еңбек нарығында қалыптасып жатқан жағдай мемлекеттің, бизнестің жəне
жалпы қоғамның үнемі назарында. Ол елдің экономикалық дамуына,
əлеуметтік саясатқа, кəсіпорындардың бəсекеге қабілеттілігіне, сондай-ақ
жеке адамның əл-ауқатына да əсер етеді. Сонымен бірге, еңбек нарығының
өзіне демографиялық, экономикалық, технологиялық жəне саяси трендтер
тарапынан үлкен ықпал жасалынады. Нəтижесінде, əр мемлекеттің еңбек
нарығы бірегей болып келеді. Бұл жаһандық жəне ұлттық деңгейде
жан-жақты талдау жүргізу қажеттілігіне алып келеді.
31. Қазақстан жаһандық əлеуметтік-экономикалық жүйеде.
Экономикалық жүйе -экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау,
тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны
мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде
баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе
белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси
құжаттар мен экономикалықжарияланымдарда “əлеуметтік-экономикалық
жүйе” жəне “əлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды
жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың əлеуметтік мəнін атап
көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды,
өйткені адамдар үшін жəне солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді.
Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық
жағын, əлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың
маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені
ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микро деңгей түрінде түсіну кеңінен таралды.
Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заңшығарушы жəне
атқарушы органдар жəне жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микро
деңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микро деңгей сонымен қатар
меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың
жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта жəне шағын бизнестің жиынтығы ретінде
де зерделену імүмкін. Кез-келген басқа жүйе сияқты.Экономикалық жүйе
оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады.
Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың əсерімен қалыптасады.
Сонымен,экономикалық жүйе -мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу
үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым
зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет