Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы «Әлеуметтану» пәні ДӘріс сабақтары бойынша әдістемелік


Басты және репрезентативті іріктеулер бөліп көрсетіледі



бет5/18
Дата30.10.2022
өлшемі86,42 Kb.
#46254
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дәріс социология

Басты және репрезентативті іріктеулер бөліп көрсетіледі.
Басты - осы зерттеуге «қажет» , қажетті адамдардың барша жиынтығы. Мысалы, зерттеу өткізілетін қандай да бір мекеме, қала және с.с-лар қызметкерлерінің барлық 100%. Бұлайша қамту шындыққа жанаспайды әрі қымбатқа түседі, сондықтан репрезантативті іріктеуге жүгінуге тура келеді – басты іріктеуге сәйкес келетін өлшемдер бойынша зерттелетін құрамның осы немесе басқа өкілдіктері.
Іріктеуді анықтау – социологиялық зерттеу кезіндегі бірден-бір күрделі сәттердің бірі (жұмыс гипотезасын әзірлеумен қатар), өйткені ол объектінің бүкіл элементінің ерекшеліктері мен ара қатынастарын қатаң көрсетуі тиіс.
Іріктелген жиынтық – берілген ережеге сәйкес қатаң іріктеліп алынған басты жиынтық элементтерінің белгілі – бір саны. Зерттеуге жататын ( сауалнама, интервью алу және с.с ) іріктелген жиынтықтың элементтері ( респонденттер, талданатын құжаттар және с.с ) талдау бірлігі болып табылады. Олар жекелеген адамдар да, сол сияқты тұтас топтар да (студенттік ), жұмыс ұжымдары да болуы мүмкін. Ең бірінші кезекте барлық топқа тән элементтер іріктеу бірліктері деп аталады. Осы әдісті негізінен механикалық іріктеме деп атайды. Мұндай іріктеме кезінде іріктеу 10, 20, 50 және т.б адам арқылы жүргізілуі мүмкін. Ірітілетіндер арасындағы аралық іріктеу қадамдары (таңдау қадамдары) деп аталады.
Іріктеме мақсатты болуы да мүмкін, мұнда зерттеуші адамдарды топты зерттеудің қойылған мақсаттарына орай сауалнама үшін іріктеп алады. Кездейсоқ іріктеу - халық құрылымының әрбір элементі оған біркелкі ықтималдылықпен қосылуы мүмкін. Әрине, іріктеу көлемі репрезентация қателігіне әсер етеді. Іріктеу шамасы қаншалықты көп болса, ықтимал қателесу соншалықты аз болады. Үлкен іріктеумен сауалнама жүргізу өте қымбатқа түседі, мамандардың дәлелдеуінше, басты жиынтықтың 10%-ін іріктеме жиынтыққа қосу іс жүзінде өзін-өзі ақтаған. Мұндайда респонденттердің ( ағылш. Response – жауап ) саны 2-2,5 мың адамнан аспауы тиіс. Телефонмен сауалнама жүргізу кезінде миллион тұрғыны бар қалада 300 адамға сауалнама жүргізсе жеткілікті. Шағындау қалаларда іріктеме көлемі 150-200 адам болса да болады.
Басты жиынтықтың сипаттамасынан анық ауытқулардан қашқан жөн. Мұндай жағдайда зерттеу нәтижелері жалған болуы мүмкін.
Социологиялық зерттеу жүргізуде ұғымдық аппараттарды, яғни зерттеу тілін әзірлеудің маңызы зор. Мұндайда маңызыды ерекшеліктер негізгі ұғымдарда түсіндіру рәсімі болып табылады, осы ұғымдар арқылы олар оның мазмұның сипаттай алатын құрамдас бөліктерге бөлшектенеді.
Ғылыми талдау және теориялық бағалау нәтижелері, әдетте, жинақталады және ғылыми есепте баяндалады. Мұнда алынған зерттеу нәтижелерінің мәніне теория мен практиканы ары қарай дамыту үшін баға беріледі.
Социологиялық зерттеу әдістері.
Социологияның өз саласында әр түрлі тұрғыдан пайдаланылатын сан алуан әдістері бар. Олардың бір бөлігі этнографиядан, статистикадан, психологиядан алынған, көпшілігі социологиялық танымдық іздестіру құралының сипатын дарытқан.
Эмпирикалық ақпаратты жинау мынадай әдістер арқылы жүргізіледі: құжаттарды талдау, бақылау, тәжірибе жасау, сауалнама жүргізу ( ауызша - интервью, жазбаша –саалнама беру, сараптамалық – құзіретті тұлғаларға сауалнама жүргізу).
Осы әдістердің сипаттамасына қысқаша тоқтала кетейік.
Құжаттарды талдау. Құжат - мәтінді, таспада, дискетте және с.с-да белгіленген ақпаратты беру және сақтау үшін арнайы жасалған зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет