Тыныс алудың
реттелуі
Жүйкелік реттелу
Тыныс алу орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Тыныс алу орталығы
сопақша мида орналасқан. Оның бір бөлігі тыныс алуды, бір бөлігі тыныс шығаруды
реттеп отырады. Сопақша мида пайда болған қозу қозғалтқыш нейрондар арқылы
қабырғааралық бұлшық еттер мен көкетке жеткізіледі, олар кезекпен жиырылып
және босаңсиды. Тынас алу орталығына үлкен ми сыңарлары да әсер етеді: адам аз
уақытта тынысын ұстап қала алады.
Гуморальды реттелу
Мысалы, миға ағып келген қанның құрамында көмірқышқыл газы көбейгенде, тыныс
алу орталықтарында қозу пайда болады. Қанның құрамында көмірқышқыл газының
мөлшері азайғанда, адам тыныс алады. Одан соң ол тыныс шығарылады. Тыныс
алудың жиілігі мен тереңдігі ағзаның белсенділігіне, күйіне байланысты рефлекс
арқылы өзгеріп отырады. Тыныс алу рефлекстерінің жолы тыныс алу орталығы
арқылы өтеді.
Түшкіру және жөтелу секілді рефлекстері тыныс алу орталығы арқылы жүзеге асады.
Кеңсірекке түскен шаң-тозаң немесе ащы иісті зат оның кілегейлі қабықшасында
орналасқан қабылдағыштарды тітіркендіреді. Осы кезде қорғаныш рефлексі пайда
болады, адам түшкіреді, яғни танау арқылы күшті әрі тез рефлекс арқылы тыныс
шығарады. Түшкірген кезде тітіркендіруші заттар кеңсіріктен шығып кетеді. Кеңсірікке
жиналып қалған кілегейлі зат та тұмау кезінде осындай реакция туғызады. Жөтелу
дегеніміз - көмей тітіркенгенде кенет рефлекс арқылы ауыздан тыныс шығару.
Кеңірдек қабылдағыштарының тітркенуінен, яғни аммиак буынан, хлордан және т.б.
Кизат Айым
[8 жыл бұрын соңғы рет өңдеді]
химиялық заттардан тыныс алу рефлекторлық тоқталуымен шектеледі. Суға кеткен
адам, электр тоғы немесе найзаға соққанда, уланғанда және т.б. жағдайларда тыныс
алудың тоқталуы байқалады. Бұндай жағдайда өкпеге жасанды әдіс бойынша "ауызға
- ауыз" немесе "ауыз - мұрын" желдетуін жасау қажет.
«
https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Тыныс_алудың_реттелуі&oldid=2182631
»
бетінен алынған
Достарыңызбен бөлісу: |