Бақылау сұрақтары: 1. Білім беру процесінің сатылары: мектепке дейінгі, бастауыш мектеп, орта, жоғары.
2. Мемлекеттік және жеке меншік оқу орындары
3. Қазақстандағы білім жүйесінің даму жолдары
Дәріс №11. Масс-медиа, технологиялар және қоғам Мақсаты: Қоғамның саяси өмірі мен түрлі жақтарын сипаттау мазмұнын ашу
жоспары: 1. Коммуникация ұғымы
2. Мемлекет дамуындағы БАҚ атқаратын қызметтері
3. БАҚ басқа әлеуметтік салалардан артықшылығы
Коммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын, байланыстырамын"), кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация тек көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі..
Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.
БКҚ үш түрі бөліп көрсетіледі: қоғамның позитивті жағынан интеграцияның жоғарлатпайтын БКҚ, қоғамның позитивті және негативті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ; қоғамның позитивті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ. БКҚ негізгі функциялары –
Тәуелсіз Қазақстаның даму үдерісіндегі саяси жүйесін бұқаралық ақпарат құралдары институтынсыз елестету мүмкін емес. БАҚ аса маңызды, көпсалалы, көпқырлы әлеуметтік-саяси, ақпараттық функцияларды атқаратын демократиялық, азаматтық, саяси және идеологиялық институт ретінде түзілуде. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси үдерістерде БАҚ кең ауқымды функцияға ие болғандықтан, қоғамда БАҚ араласпайтын сала жоқ. Әр қырынан, әр саладан, әр деңгейден көрінеді. БАҚ-тар әлемдегі демократиялық институттардың әртүрлі, көпсалалы функцияларын дерлік толығымен атқаруда. БАҚ-тың рөлі туралы әртүрлі пікір, талдаулар бар. Ендеше, Қазақстанның жан-жақты жаңару кезеңіндегі саяси жүйедегі БАҚ-тың орны туралы қандай қорытындылар жасауға болады? БАҚ Қазақстанның саяси жүйесінде көпсалалы, көпқырлы функцияларды атқаратын, көпөлшемді саяси үдерістерден өзінің орнын тапқан аса маңызды қоғамдық, демократиялық, азаматтық институт. Мемлекеттік билік органдары журналистерге құрметпен қарағанның орнына, шекесінен шертіп отырғанды ұнатады. Жұмыс беруші тарапынан қандай қысым көрсе де, журналистің негізгі ұстанымы мемлекеттік, ұлттық мүдделер болып, өзінің азаматтық келбетін сақтауы керек. Бүгінде БАҚ еліміздегі бүкіл саяси биліктің жария, ашық қызмет жасауының басты механизмдерінің біріне айналды және БАҚ-тың бұл мәселедегі ықпалы күн сайын артуда. Бұл артықшылықтарын олардың өздері де сезеді. Кейде БАҚ-тың билік органдарына қысым көрсетіп, үстемдік жасағысы келетін ауанын да байқауға болады. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, БАҚ қоғамда болып жатқан процестерге әлеуметтік бақылау жасап, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерін белгілі мөлшерде ығыстырып шығара да алады екен. Халық БАҚ-қа сенеді. АҚШ сарапшыларының пайымдауынша, жұрт президент пен конгреске қарағанда телевизия мен баспасөзді лайықты көреді. ҚР Конституциясына және «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына сәйкес, ақпарат құралдары меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардан заң жүзінде тыйым салынбаған барлық ақпаратын алуға және таратуға құқылы. Бұл үшін мемлекеттік органдар, олардың басшылары ақпарат құралдарына жаңаша көзқараспен қарап, бұрынғы машықтарынан арылуы керек. Өкінішке қарай, біздің көптеген мемлекеттік органдардың басшыларының ақпарат құралдары өкілдерімен сөйлесу, дидарласу мәдениеті төмен.
Саяси жүйенің бір құрамдас бөлігі ретінде БАҚ, ең алдымен, азаматтық қоғам институты, ол – билік институты емес. Оны тікелей коммерциялық құрылым деп те қарауға болмайды, оның басты функциялары – қоғамды интеграциялау, ұйымдық, ақпараттық – әлеуметтендірушілік қызмет атқару. БАҚ қоғамда болып жатқан маңызды үрдіс – құбылыстармен, азаматтарды толғандырып жүрген проблемалармен билікті ақпараттандырып отыруы керек. Саясаттану теориясындағы саяси институттардың міндеті мен функциялары тұрғысынан қарасақ, БАҚ Қазақстанның саяси жүйесінде мынадай: ақпараттық, қоғамды топтастыру және әлеуметтендіру, танымдық, білім берушіліқ, қоғамдық мүддені қалыптастырушылық сияқты аса маңызды функцияларды атқарады. Ақпараттық жүйенің мемлекеттік шеңберден асып, трансұлттық сипат алып, өз мемлекетінің бақылауынан және оның заң жүйесінің ықпалынан шығып та кетіп жататыны болады.
БАҚ-ты «биліктің төртінші тармағы» деп атау конституциялық нормаларға сай келмейді. Себебі – еліміздің Конституциясында билік тармақтары анық көрсетілген. БАҚ-ты ақпараттық, тәрбиелік, қоғамдық бақылау, инновациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт ретінде қарастыру керек. БАҚ-тың заңсыз жолмен сот, прокуратура, ішкі істер органдарының қызметіне араласуына болмайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының күші – биліктің беделінде емес, өз беделінің билігі мен күшінде. Дәл қазіргі жаһандану заманында ақпаратты ауыздықтап ұстау мүмкін емес. Ақпарат мемлекеттік биліктің шеңберінен шығып та кетіп жатады. Ақпараттар тасқынының күшеюі – Парламенттің әлі де айрықша көңіл бөліп, заңнаманы жетілдіруін қажет етеді. Бүгінде БАҚ-тың маңызының артқандығы сондай, оларды мемлекеттің толық бақылауына алу мүмкін емес. Және, сонымен қатар, оны жекеменшік капиталдың қолына беру де дұрыс емес.