Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені



бет1/20
Дата19.12.2023
өлшемі348,5 Kb.
#141102
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
леуметтану п ні бойынша д рістер кешені


4.9.6. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені
Тақырып № 1. Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану.
Мақсаты: Студенттерді әлеуметтанудың пәнімен, объектісі мен, негізгі ұғымдық ақпараттарымен таныстыру. Олардың арасындағы байланысты түсіндіру. әлеуметтанудың міндеттері мен қызметтеріне, әлеуметтанудың гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі орнына аса назар аудару қажет екенін түсіндіру. Оларды әлеуметтанудың даму тарихымен таныстыру, сонымен қатар Қазақстанның әлеуметтік жағдайын талдау.
Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
2.Әлеуметтанудың құрылымы мен білім деңгейлері.
3.Әлеуметтанудың атқаратын қызметі.
4.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мен арақатынасы.
Дәріс тезистері:
«Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады. Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің , ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын ХIХ ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы О.Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарын алмастырып алмауымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.
Объект дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтану пәні шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет