Әлеуметтану пәні бойынша дәрістер кешені


Дәріс №15. Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар



бет20/20
Дата19.12.2023
өлшемі348,5 Kb.
#141102
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
леуметтану п ні бойынша д рістер кешені

Дәріс №15. Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар
Мақсаты:
Қоғамның саяси өмірі мен түрлі жақтарын сипаттау мазмұнын ашу
Дәріс жоспары
1 Саясат әлеуметтануының мәні, заңдары, категориялары
2 Қоғамның саяси жүйесі және функцияларының формалары
Дәріс тезистері:
Саяси әлеуметтану – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін әлеуметтанудың саласы. Саяси өнер халықты бейбітшілік ішінде бірлікте өмір сүруге үйретеді; ал өздері жалпылықты (саяси өнер) бейбітшілікте немесе соғыста өмір сүруді үйретеді.
Саяси социология – саясат пен саяси қарым-қатынастарды зерттейтін социологияның саласы. Оның пәндік құрылымы және саясаттың социологиялық көрінісін ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель анықтап көрсетіп берген. Мемлекеттік социология теориясының негізі мен идеясының қалыптасуына, және кейбір саяси ғылымдары принциптерінің – саяси социологиялық пәндердің төркіндес жақтарының қалауына маңызды үлес қосқан адам – Аристотель. Алғашқы саяси социология екі пәннің проблематикасы мен тәсілін байланыстыратын ғылыми білім саласы ретінде көрінеді. Саяси әлеуметтанушылар мен социологияның бағдар тұтқан политологтар саясатты заңсыз әлеуметтік институттар және әлеуметтік құрылым талдамасы перспективасында қарастыруды ұсынды. Олар зерттеудің қажет екендігіне назар аударды, мысалы,тек қана мемлекеттік формалар емес, саяси тәртіп; сондай-ақ тек қана мемлекеттің сыртқы саясатын және олардың халықаралық саясат төңірегіндегі байланысын ғана емес, халықтың қарым-қатынасын, халықаралық ортаның жағдайын, аймақтық және ғаламдық мәселелердің де зерттелуін қолдады. Саяси социологияның ең бір маңызды мәселесі ретінде халықаралық қатынастар социологиясы мен сыртқы саясат мәселелеріне тоқталып өтсек.
Саяси әлеуметтану. Адамдар туғанынан саяси сауатты, саяси өмірге бейімделіп тумайды. Олар біртіндеп, өмір бойы саяси білімін кеңейтеді, толықтырады. Саяси мәдениеттің үлгілері бір дәуірден екінші дәуірге мұра ретінде қалып, соңғы ұрпақ алдыңғы ұрпақтың үлгі-өнегесінен үйреніп отырады. Мұндай процесті ғылыми тілде саяси әлеуметтену дейді. “Әлеуметтену” деген ұғымды ХІХ ғ. аяғында американдық әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы әрі психологы Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтты.
ХХ ғ. 50-60 ж. осы ұғым негізінде, американдық әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар “саяси әлеуметтену” деген ұғымды ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдаланылды. Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Ресей саясаттанушысы Е.Шестопал саяси әлеуметтену деп тұлғаның саяси санасы мен іс-әрекетінің қалыптасу, саяси рөлдеоді қабылдау мен орындау, саяси белсенділік таныту процесінің барлық жиынтығын айтады. Саяси әлеуметтену ХХ ғ. 50 ж. кеңінен көтерілді.
Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:
І. Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу.
ІІ. Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау.
ІІІ. Саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту.
Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады.
Саяси әлеуметтену инстиуттарына мыналар жатады: отбасы, білім жүйесі, ақпарат құралдары, мемлекет, партия, діни ұйымдар және саяси оқиғалар. Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі – мектеп. Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі, алғашқы әлеуметтік тәжірибелер алады. Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 16-40 жас аралығы. 16 жастан адам сайлауға қатыса бастайды, азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Жастардың әлеуметтік мәртебесі өзгереді.
Саяси әлеуметтенудің келесі кезеңі 40-60 жас аралығы. Бұл – адамның есейген шағы. Адамдардың саяси іс-әрекетіне өмір тәжірибесі, балалалры мен немерелерінің тұрақты көзқарасы әсер етеді. Ең соңында зейнеткерлердің саяси әлеуметтенуі. Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң, саяси мәселелермен нақты айналыса бастайды. Саяси әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Баспасөз, радио, теледидар, кино адамға тікелей ықпал етеді және саяси құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады.
Ғалымдар саяси әлеуметтенуді мынадай типтерге бөледі: үйлесімді, гегмонистік, плюралистік, дау-жанжалдық. Саяси әлеуметтенудің үйлесімді түрі адам мен билік институттарының арасында қолайлы психологиялық қатынастар қалыптасқанда пайда болады. Мұнда құқықтық тәртіп орындарына, мемлекетке, өзінің азаматтық міндеттеріне құрметпен қарайды. Жеке адам мен билік органдары арасындағы сыйластық, туындаған мәселелерді өзара келісім арқылы шешетін жағдай қалыптасады. Ал гегемонистік түрі басқа жүйелерге жат көзбен қарап оларды жақтырмайды.
Мұндай саяси әлеуметтену бір таптық, діннің немесе идеологияның негізінде қалыптасады. Плюралистік түріне адам басқа адамдардың құқығы мен еркіндігін, теңдігін мойындайды, құрметтейді. Мұнда өзінің бұрынғы саяси көзқарасын өзгертіп, басқа саяси құндылықтарды басшылыққа алу әбден мүмкін. Ал, дау-жанжалдық түрі топаралық күрес, қарама-қайшы мүдделер негізінде қаланады. Мысалы, Ауғанстан елін алсақ, онда пұштындар, өзбектер, тәжіктер және т.б.әрқайсысы өз салтын, дәстүрін, ұлттық құндылықтарын жоғары қойып, әртүрлі тайпалардың бастары бірікпеуде. Соның негізінде ел ішінде кикілжің әлі де жалғасын табуда.
Сыртқы саясат және халықаралық қатынастар
Халықаралық қарым-қатынасқа жеткілікті тәуелсіз, өздеріне деген толық сенімдері бар субъектілер ғана кіреді.Мәселен, Қазақстан ССР – өзінің Сыртқы істер министрлігі бар мемлекет болды, бірақ ол өз бетімен шешім қабылдай алмады, барлық жоспарларды Одақтың министрлігі бекітеді. Бүгін Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет және өз аумағында тұратын барлық халықтардың мүддесін халықаралық арендада көрсете алады.
Әлемдік аренаға Қазақстанның барлық қиыншылықтарды бұзып өтуі, ең алдымен мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметінің белсенді орындалуына байланысты. 1990 жылдан бастап осы кезең ішінде ҚР Президенті әлемнің ірі деген 138 елінде мемлекеттік, жеке жұмыс бабы мен болды.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Будапешт меморандумына қол қойылуына қол жеткізді. Осындай кепілдік Франция және Қытай Халық мемлекеттерінен де алынды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 100 әлем мемлекеттерінің бірі ретінде танылды және олармен белсенді дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан, БҰҰ-ның және оның құрылымының толық құқығы бар және белсенді мүшесі.
Қазақстанның жариялаған және көпғасырлық әлемдік саясатта жүргізген бағыты өзінің сенімді нәтижесін көрсетті.Бұл жоспарда ерекше орын алатын нәрсе ретінде АҚШ-пен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімдерді, «шанхай бестігі» жобасы төңірегіндегі шекара маңындағы сенімділік жөніндегі келісімді, Ресей,Өзбекстан, Қырғызстан және Украина елдерімен достық жөніндегі келісімдерді атап өтуге болады. Қазақстан мен ҚХМ шекарасындағы демаркация және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан шекарасындағы делимитация мәселелері бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі және әскери доктринасы жөніндегі әзірленген стратегиясы – ең алдымен, көрші елдермен бейбіт қарым-қатынасты дамытуға, халықаралық мәселелердің мәдениетті түрде шешілуіне, күш және қару-жарақ пайдалану ұстанымынан бас тартуға бағытталуы бейбітшілікке деген ұмтылыстың анық дәлелі болды.
Он жыл ішінде Шығыс және Батыс Еуропа, Шығыс Араб, Үндіқытай, Корей жарты аралымен, Түркия, Иран және Пәкістан елдерімен туыстық қарым-қатынас жөнінде келісімге қол қойылды. Келісім осы аталған елдермен экономикалық қарым-қатынаста табысты түрде орындалып жатыр. Қазақстан мен германия арасында ұзақ мерзімді және белсенді түрде қарым-қатынас дамып келеді, сондай-ақ Балтық және Балтық жағалауы елдерімен де қатынас орнатылған.
Қазақстанның ірі әлемдік қаржы-экономика институттары – Еуропалық Бірлестік, ХВҚ, Халықаралық және Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия банктерімен де қарым – қатынасы нығайды.
Қазақстанда кәсіпкерлердің Алматы инвестициялық саммиті мен форумы өткізілді, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі белсенді іс жүргізуде.
Халықаралық қатынас жүйесінде халықаралық қатынастардың мынадай түрлері бар
 Саяси
Экономикалық
 Әскери – стратегиялық
 Мәдени
 Қоғамдық
 Идеологиялық
 Ғылыми-техникалық
Халықаралық қатынастың әр түрі қарым-қатынастың тәсілін анықтайтын әрқилы формада жүреді: Мәселен, мемлекет арасындағы қатынасар өзін мынадай формада:
 Дипломатиялық
 Хаттамалық
 Құқықтық
 Насихат және сол сияқты қатынастар түрінде көрсетеді.
Өз кезегінде, экономикалық халықаралық қатынастар мынадай формаларда:
 Сауда-саттық
 Қаржылық
Кооперативтік
 Өндірістік
Бұл пәнді енгізген орыс социологы П.Сорокин (1889-1968жж). 1990 жылдан бастап КСРО-да, кейіннен басқа республикаларда оқытылу басталды. Саясат әлеуметтану пәні таптардың, мемлекеттердің, қоғамдық топтардың, партия мен кәсіби бірлестіктердің арасындағы саяси қатынастарды зерттейді.
Саясат әлеуметтануы - саясаттың, қоғамдық өмірдің барлық саласымен қарым-қатынаста бола отырып, әлеуметтік-саяси қажеттілік пен жеке тұлғалардың әрекеті, қоғамдық ұйым-қозғалыстардың әрекеттесу процесін , байланыстық мәселелеріне араласады.
Оның категориялары (ұғымдары): қоғам, саясат, билік, реформа, плюрализм, жеке тұлға (лидер) т.б. Әдістері: әлеуметтік-саяси оқиғалардың даму, өзгеру, әсерлі факторлардың мәселелерін зерттеу, сараптау. Мысалы бихевиористтік әдіс – адамдардың мінез-құлқын талдау кезінде топтардың әлеуметтік-саяси рольдерін зерттейді. Онда статистикалық деректер пайдалану, құжаттарды талдау, анкеталық сауал алу, диалог жүргізу т.б. адамдарға деген сенім, консенсус, әлеуметтік психологияға ерекше мән беру керек екендігін ескертеді.
Саяси өмір мәселелері қоғамда бірінші орында. Себебі оның ілгерілеуі де, тоқырауы да мүмкін. Саяси өмірдің мәні – адамдардың билік жөніндегі қарым-қатынастары, яғни басқару мен билік ықпал ететін салалардың барлығы да осында. Барлық қажеттілік екіге бөлінеді: табиғи және рухани .
Әлеуметтануда саясат дегеніміз - адамдарды басқару қызметі, билік істеріне қатысуы, өкіметтің дұрыс басқару жөніндегі қызметі. Саясаттың әлеуметтік қызметтері – адамдарға жетекшілік ету, билік көмегі, қажеттілігі мен әлеуметтік топтардың көзқарастарын үндестіру.
«Саяси қатысу», «саяси мінез-құлық» ұғымы бір-бірімен байланысты. Қоғамның саяси өмірінің басты құрамды элементі – саяси жүйе. Ал саяси режим – саяси жүйенің қызмет ету тәсілі.
Әлеуметтік-саяси өмірдегі идеология - қоғамның дамуын дүние туралы адамның рөлі мен білім және идеясы жүйесіндегі анықтайтын ілім. Идеология қоғамға тиімді адамдық жалпы адамдық бірліктің рухани билігі мен үстемдігін көрсетеді, қоғамның даму және қызмет етуін анықтайды. Ұзақ уақыт мемлекеттік идеологияда дін жетекші орында болды, қазір жеке тұлғалардың қалыптасуында идеология дүниетанымды, сенім мен сананы орнықтыруды, жеке тұлғалардың қоғамдық мінез-құлқын бағыттауды туғызды.
Жеке тұлға өзін-өзі билеуші тұлға, өз жетегімен шығар жолды таңдайды. Адамдардың саяси мінез-құлқының типтері:
1.Саяси конформизм
2.Саяси индифференттілік
3.Саяси активизм
4.Саяси жетекшілік
Әлеуметтік инститтуттың жетекшісі-әлеуметтік механизмдердің көмегі арқылы топты басқарады.
Бақылау сұрақтары:
1 Қоғам саяси элементтерін атаңыз?
2 Саяси партияны қалай түсінесіз?
3 Саяси әлеуметтанудың рөлі?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет