«Әлеуметтану» пәні «Әлеуметтік өзгерістер: жаңа әлеуметтанулық пікір-таластар»


Әлеуметтік қозғалыс пен ұжымдық мінез-құлықтың байланысы



бет3/7
Дата16.03.2023
өлшемі290 Kb.
#74827
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Әлеуметтік өзгерістер жаңа әлеуметтанулық пікірталастар

Әлеуметтік қозғалыс пен ұжымдық мінез-құлықтың байланысы

  • Әлеуметтік қозғалыс ұжымдық мінез-қүлық сияөты қалыптасқан жағдайды өзгертуге ұмтылады, сол себепті олар бір-бірімен байланысты болады:
  • біріншіден, халықтың көз алдында болу үшін әлеуметтік қозғалысқа ұжымдық мінез-қүлықтың қолдауы қажет. Заңсыз наразылық білдірушілер мен оларды тоқтатуға шыққан полиция қызметкерлері сияқты ешбір оқиға адамдардың назарын аударта алмайды.
  • екіншіден, үжымдық мінез-құлық әдетте белгілі бір уақытпен және жермен шектеледі. Алайда күндердің күнінде жағдай ушығып кетсе тағы да қайталануы мүмкін. Мұндай әрекет төменгі деңгейде болса да қоғамдық қозғалысқа септігін тигізе алады

Әлеуметтік қозғалыстарға теориялық көзқарастар

  • Салыстырмалы депривация теориясы:
    • адамдар қолында бары мен ойдағы үміті арасындағы зор айырмашылықты сезінген кезде әлеуметтік қозғалыстар пайда болады
    • ойдағы үміт басқа топтармен және басқа кезеңдермен салыстырудан туады
  • Ресурстарды жұмылдыру теориясы:
    • депривацияга ұшыраған адамдар күресу үшін қажетті ресурстарды біріктіре алса, әлеуметтік қозғалыстар пайда болады
  • Саяси процесс теориясы:
    • саяси мүмкіндіктер мен ресурстардың қолжетімділігін қарастырады
    • сәтті қозғалыстар өзгерістердің қажеттігі мен мүмкіндігін қатысушыларға сезіндіруі керектігін мойындай отырып, ресурстарды жұмылдыру теориясына сүйенеді
  • Үш теория да әлеуметтік қозғалыстар теңсіздіктен, қоғамның ыдырауынан пайда болады деп санайды, бірақ олар әлеуметтік қозғалыстың әдістерін, пайда болу себептерін және маңыздылығын әртүрлі пайымдайды.

Әлеуметтік қозғалыстар теориялары

  • Теория
  • Негізгі болжам
  • Әлеуметтік қозғалыстардың себептері
  • Қүрылымдық- функциялық теория:
  • салыстырмалы депривация теориясы
  • Әлеуметтік қозғалыстар - қоғамның қалыптан тыс бөлігі
  • Әлеуметтік өзгерістер тәртіпсіздік пен наразылық тудырады
  • Конфликт теориясы: ресурстарды жұмылдыру теориясы
  • Әлеуметтік қозғалыстар - әлеуметтік өзгерістердің бастамасы
  • Әлеуметтік қозғалыстар ұйымдасқан топтар арасындағы бәсекелестікке жауап ретінде пайда болады
  • Символдық интеракционизм теориясы:
  • саяси процестер теориясы
  • Адамдар әлеуметтік қозғалыстарға қатысады, себебі олар «көтерілісшіл сананы» дамытты
  • Саяси мүмкіндіктер, жеке мақсаттармен қоса алғанда қажет және мүмкін өзгерістер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет