Қурылымдық-функциялық теория: технология және эволюциялық әлеуметтік өзгерістер
Құрылымдық-функциялық теория, ең алдымен, әлеуметтік құрылымның ұйымдасқан тәсілмен бір қалыпта сақталуын, қоғам мен мәдениеттің өзгеруін зерттейді;
әлеуметтік өзгерістерді ретті және жалпылай келісім деп қарастырады.
Құрылымдық-функциялық теория бойынша өзгеріс эволюция арқылы жүзеге асады: әлеуметтік құрылымдар жаңа сұраныстар мен талаптарға кезең-кезеңімен бейімделеді, ал ескірген үлгілер, ойлар және құндылықтар біртіндеп жойылады, эволюцияға түрткі болатын жаңа сүраныстар мен талаптар технологиялық жетістіктер болып саналады.
Өзгерістер эволюциялық жолмен жүргенімен әрдайым біркелкі болмайды, себебі – мәдениеттер өзгерістерге бейім келеді, бірақ бейімделу белгілі бір уақытты қажет етеді, соның салдарынан қоғамдар «мәдени кешігуді» сезінеді.
Мысалы, 1870 жылы фабрикалардың көбеюі өндірістік апаттарды көбейтті, бірақ жүмысшылардың өндірістік жарақатына өтемақы төлеу туралы заңнамалар 1920 жылға дейін қабылданбады, яғни 50 жылға жуық мәдени кешігу байқалды.
Мәдени кешігу - әлеуметтік құрылым жаңа технологияларға бейімделіп жатқан кезде болатын уақытша кезең.
Конфликт теориясы: технология, билік және әлеуметтік өзгеріс
Конфликтология теорияшылары технологиялық өзгерістер бәсекелес мүдделер арасындагы шиеленістерді көрсетеді және солармен шарттас деп тұжырымдайды, әлеуметтік өзгерістерден зардап шеккен немесе пайда табатын адамдар мен топтардың қалыптасқан жағдайды сақтап қалуда немесе түрлендіруде үлестері бар.
Торстейн Вебленнің (1919) айтуынша, қалыптас қан жағдайдан пайда тауып отырғандар оны сақтау үшін бар күшін салады, заңды мүддені көздеушілер қалыптасқан жағдайды сақтауға немесе өзгертуге тырысады, әлеуметтік өзгерістен залал көрген топтар мен адамдар қалыптасқан жағдайды сақтағысы келеді, ал өзгерістен пайда табатындар, керісінше, жаңашылдықты қолдайды. Технологияның артықшылықтары сияқты шығындары да тең бөлінбейді, әдетте шығынға әлсіздер ұшырайды дейді.
Мысалы: электр компаниялары электромобильдерді сатуға мүдделі, бірақ бұл жанармай компанияларының мүддесіне сай келмейді; колледж студенттері ғаламтордан оқулықты тегін жүктегісі келеді, ал баспаханаларға бұл тиімді емес.