Мақсатты(квоталық)- адамдарды белгілі бір критерийлер б\ша(жасы,жынысы, білімі т.б.) іріктеу; Стихиялық-бей-берекет, кездейсоқ іріктеу. Іріктеу кезінде репрезентативтілікті(іріктеудің дұрыс жүргізілуі) сақталуы керек. 32Әлеуметтанулық ақпарат жинақтаудың негізгі әдістерін атаңыздар Әлеуметтанулық зерттеулер деп біз зерттелетін әлеуметтік құбылыс туралы нақты объективті мәліметтер алу үшін қажетті кезектесті әдіснамалық, әдістемелік, ұйымдастырушылы-техникалық процедуралардың жүйесін айтамыз. Құжаттарды талдау – өткен оқиғалар туралы мағлұматтар алуға мүмкіндік береді. Сауалнама – бастапқы ақпаратты жинақтаудың ең көп таралған әдісі.
Сұхбат алу – зерттеуші сұрақтарды өзі қойып, жауаптарды белгілеу барысындағы сұралушымен жеке байланысуын білдіреді.
Зерттеушілік әңгімелесу – психология мен педогогиканың негізгі әдістерінің бірі, зерттелуші құбылыс туралы логикалық формада зерттеліп отырған тұлғадан, зерттелуші топ мүшелерінен, сондай-ақ қоршаған адамдардан ақпаратты алуды білдіреді
.Биографиялық әдіс – сапалық зерттеушілік парадигмаға айрықша негізделетін әлеуметтануда, этнография мен психологияда дамушы мультиәдістемелік тәсілдеме.
Социометрия – шағын топтарды, ұжымдарды, ұйымдарды олардың мүшелері арасындағы тұлғааралық қатынастар жүйесін суреттеу көмегімен зерттеу әдісі.
33.Әлеуметтанулық ақпарат жинаудың алгоритмін сипаттап беріңіздер.
Әлеуметтанулық зерттеулер деп біз зерттелетін әлеуметтік құбылыс туралы нақты объективті мәліметтер алу үшін қажетті кезектесті әдіснамалық, әдістемелік, ұйымдастырушылы-техникалық процедуралардың жүйесін айтамыз. Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан алгаритімдерден тұрады: — зерттеуге дайындық; — бастапқы ақпаратты жинақтау; — жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау; — өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау. Теория - байқалған үлгілерді анағұрлым кең ауқымда түсіндіретін идеялар жиынтығы. Индукция - эмпирикалық түрде бақыланған заңдылықтарға қатысты теория түзу арқылы деректен теорияға көшу процесі.
Дедукция - теориядан алынған болжамдарды сынау арқылы теориядан дерекке көшу процесі.
Зерттеудің техникасы деп белгілі бір әдісті тиімді қолданудың арнайы тәсілдерінің жиынтығын айтамыз.
Әлеуметтанулық зерттеу әдістемесі бұл әлеуметтік факторларды анықтаудағы операциялар, рәсімдер, әдістер, оларды жүйеге келтіру мен әлеуметтік «диагноз» қою жүйесі . Әлеуметтанулық зерттеудің нақты түрі ондағы алға қойылған мақсаттар мен міндеттердің сипатына байланысты.
Әдістеме бұл әдісті немесе бірнеше әдістер жиынтығын нақты қолдану ережесі.
Зерттеудің әдістері(түрлері):
1)Барлаушы (пилотажды, зондды) - зерттеудің әдістері мен құралдарын сынақтан өткізуге арналған, 20-100 адамдар арасында жүргізілетін байқау зерттеуі.
2) Экспресс-сұрау - бұл қоғамдық пікірдің, қоғамдық көңіл-күйлердің лезде суретке түсірілуі. Көбінесе БКҚ жүргізеді.
28.Негізгі әлеуметтанулық зерттеулер және оларды қолданудың ерекшеліктері.
1) Сипаттамалық (дискриптивтік) зерттеу- зерттелетін құбылыс жайында жалпыламамәліметтер алуға арналған зерттеудің түрі.
2)Аналитикалық(талдама) - құбылысты жай сипаттап қана қоймай, оның негізінде жатқан себептерді анықтау мен мәнін ашуға, талдауға бағытталған зерттеудің түрі.
3) Қайталанған зерттеулер- объектіде, құбылыста, ұжымдық пікірлер мен көңіл-күйлерде болған өзгерістерді тіркеу үшін жүргізіледі. Қайталанған зерттеулерге:
1) Панельдік зерттеулер- бірыңғай уақыт аралығынан кейін сол сұрақтарды қайта беру;
2) Трендтік зерттеулер- нақты бір оқиға б\ша жан-жақты зерттеулер;
3)Лонгитюдтік зерттеулер- бір оқиғаның тек бір бөлігін ғана қарастыратын зерттеу.