Халықтың көші-қонын жекелеген елдердің, аймақтардың және жалпы әлемнің экономикалық-демографиялық дамуына елеулі әсер етеді.[1] Халықаралық миграцияның қазіргі үрдістері:
Заңсыз миграцияның өсуі;
Мәжбүрлі миграцияның өсуі (ең көбі Африкадан, Таяу және Орта шығысқа; әлемде қарулы қақтығыстардың өсуінен, ұлтаралық қатынастардан 80% босқындар дамыған елдерге ағылады; қаражат шығындарын қажет ететін әйелдер мен балалар қабылдаушы елге қосымша экономикалық жүктеме түсіреді);
Халықаралық миграцияның демографиялық маңыздылығының аруты (Ресейде халықаралық миграция елдің демографиялық дамуында жетекші рөл атқарады; дамыған елдерде де осы үрдіс басым);
Әлемдік миграциялық ағындардың жаһандық сипат алуы(барлық елдер кіреді; имииграциясы басым елдер мен эмиграциясы басым елдер анықталды);
Миграция ағындарындағы сапалық өзгерістері (білім деңгейі жоғары азаматтардың үлесінің артуы, көп елдерде адамзат ұзағырақ қалуы үшін арнайы бағдарламалар енгізген - АҚШ, Франция, Канада, Швеция).
Урбандалу (Урбанизация) (лат. urbs - қала, urbanus - қалалық) – еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы "қалалық" деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл – қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы.
"Урбанизация" ұғымын "урбанизациялану" ұғымынан ажыратып қарау керек. Біріншісі процесті білдіреді, екіншісі - процесс барысында қол жеткен көрсеткіш денгейі. Урбанизацияның негізгі көрсеткіші - елдегі қалалық тұрғындардың үлес салмағының арту қарқыны ("урбанизация қарқыны")
Урбандалудың оң және теріс салдары бар. Ол - күрделі әрі қарама-қайшылықты үдеріс. Оның теріс салдарына экологиялық жағдайлардың біршама төмендеуі, автокөлік газдарымен қала ауасының ластануы, жұмысқа орналасу қиындығы, қаладағы шаң, қала шуы, қала құрылысының мәселесі және т.б. жатады.