Әлеуметтану теорияларына кіріспе



Дата04.11.2023
өлшемі70,93 Kb.
#121976
Байланысты:
Әлеуметтану теориялары

Әлеуметтану теорияларына кіріспе

Әлеуметтанулық теория. Макро және микро деңгейлер

  • Әлеуметтанулық теория. Макро және микро деңгейлер
  • Әлеуметтік тәжірибедегі себеп-салдарлық байланыстар
  • Жеке мектептер мен бағыттардың дамуы (О.Конт, Э. Дюркгейм, Г.Спенсер)
  • Құрылымдық функционализм, Қақтығыс теориялары, Рөлдік теориялар

Әлеуметтану ғылымы ғылыми білімнің күрделі құрлымданған саласы ретінде 3 деңгейден тұрады

  • Жалпы әлеуметтанулық теория (жалпы әлеуметтану)
  • Жеке әлеуметтанулық теориялар (орта деңгейдегі)
  • Нақты (эмпирикалық) әлеуметтанулық теориялар

Жалпы әлеуметтанулық теория

  • Социумның қызмет етуі мен дамуының жалпы заңдылықтарын түсіндіруге арналған. Бұл деңгейде әлеуметтанудың негізгі категорияларын, түсініктерін және заңдарын талдау жүзеге асырылады

Жеке әлеуметтанулық теориялар (орта деңгейдегі теориялар)

  • Іргелі теориялар мен нақты әлеуметтанулық зерттеулер ортасындағы аралық жағдайға ие
  • Орта деңгейдегі теория ұғымын американдық әлеуметтанушы Р.Мертон (1910-2003) енгізген.
  • Бұл теориялар әлеуметтік өмірдің жекелеген салаларын зерттейді

Орта деңгейдегі теориялардың шартты түрде 3 бөлімге бөлуге болады

  • Әлеуметтік институттарды зерттеу (отбасы әлеуметтануы, білім беру әлеуметтануы, мәдениет, саясат, дін әлеуметтануы және т.б.)
  • Әлеуметтік қауымдастықтарды зерттеу (шағын топтар әлеуметтануы, этносоциология, территориялық бірлестіктер әлеуметтануы)

Әлеуметтік процестерді зерттеу (дау-жанжалдар әлеуметтануы, мобилділік пен миграция үдерістерінің әлеуметтануы, бұқаралық коммуникациялар әлеуметтануы)

  • Әлеуметтік процестерді зерттеу (дау-жанжалдар әлеуметтануы, мобилділік пен миграция үдерістерінің әлеуметтануы, бұқаралық коммуникациялар әлеуметтануы)

Нақты (эмпирикалық ) әлеуметтанулық зерттеулер

  • Әлеуметтік фактілерді орын алған қандай да бір оқиғаларды тіркеу арқылы анықтайды және жинақтайды
  • Нақты әлеуметтанулық зерттеулер нәтижесінде алынған фактілер жүйесі әлеуметтанулық білімнің эмпирикалық базасын құрайды

Әлеуметтік үдерістерді талдау күрделілігінің деңгейлеріне қарай макро және микросоциологияға бөлінеді

  • Макросоциология ірікөлемді әлеуметтік қауымдастықтардың өзара қарым-қатынас процестеріндегі мінез-құлықты зерттейді, мысалы этностар, ұлттар, әлеуметтік институттар, мемлекеттер, . Макросоциологиялық проблематика негізінен құрылымдық функционализм мен әлеуметтік дау-жанжал теорияларында қарастырылады

Микросоциология

  • Индивидтерге көңіл бөледі, шағын топтардағы адамдар арасындағы (отбасы, еңбек ұжымы, замандастар топтары) қарым-қатынастар мінез-құлық ерекшеліктерін зерттейді. Символикалық интеракционизм, айырбас теорияларын жатқызуға болады

Зерттеу мақсатына қарай әлеуметтану 2 бөлінеді

  • Іргелі әлеуметтану ғылымның зерттеу пәні, объектісін анықтауға бағытталған, негізгі әлеуметтанулық әдістерге сүйенеді
  • Қолданбалы әлеуметтану әлеуметтік өмірді түрлендіру мәселелерін шешу, әлеуметтік басқару үшін нақты ұсыныстар дайындау, әлеуметтік саясатты қалыптастыру, болжау, жобалаумен айналысады

Жалпы әлеуметтік теориялар

  • Қоғам, қоғам дамуын суреттеп, түсіндіруге, біртұтас жүйе ретіндегі әлеуметтік қатынастардың дамуының негізгі тенденцияларын ашып көрсету. К.Маркстың қоғамдық-экономикалық формациялар теориясы, М.Вебер негіздеген әлеуметтік әрекет теориясы, П.Сорокин ұсынған әлеуметтік ұтқырлық теориясы, Э.Дюркгейм, Г.Спенсер, Т.Парсонс және т.б. теориялар

Негізгі категориялары: қоғам, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік стратификация, әлеуметтік әрекет.

  • Негізгі категориялары: қоғам, әлеуметтік құрылым, әлеуметтік стратификация, әлеуметтік әрекет.
  • Бұл деңгейде қоғамның экономикалық, саяси, рухани және басқа салаларының қарым-қатынастары зерттеледі

Жеке (арнайы) теориялар

  • Әлеуметтік институттар теориясы (отбасы, армия, еңбек, саясат әлеуметтануы)
  • Әлеуметтік қоғамдастықтар теориясы –шағын топтардан әлеуметтік таптарға дейін қарастырады, мысалы шағын топтар, таптар, ұйым әлеуметтануы
  • Арнайы әлеуметтік процестер теориялары (дау-жанжалдар, урбандалу, коммуникациялар әлеуметтануы)

Әлеуметтанулық теориялардың типтері

  • Жалпы қоғамды жалпы, біртұтас қарастыруға бағытталған
  • Арнайы тікелей әлеуметтану пәні болып табылатын және әлеуметтік категорияларға қатысты зерттеу жүргізетін
  • Салалық немесе толықтырушы бұл теориялар әлеуметтанудың басқа ғылым салаларымен байланысынан туындайтын теориялар, экономикалық әлеуметтану, құқықтық әлеуметтану, саяси әлеуметтану


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет