Қазіргі заманғы экономикалық жүйелердің – капитализм, социализм, аралас экономика, саяси экономиканың ерекшеліктері
Қазіргі уақытта екі негізгі экономикалық жүйе бар: капитализм және социализм. Алайда экономикалық жүйелер түрлі саяси және та- биғи жағдайларға бейімделуі керек болғандықтан, таза капитализм немесе таза социализм сирек кездеседі. Заманауи экономикалық жү- йелердің көбі осы екеуінің біраз өзгертілген немесе көбіне құрамдас- тырылған нұсқасы ретінде жүзеге асырылады.
Капитализм
Капитализм - көптеген байлық (жер, капитал және еңбек) жекемен- шікте болатын, ашық нарықта саудаланатын және меншік иелерінің жеке пайдасы үшін қолданылатын экономикалық жүйе. Капитализм нарықтағы бәсекеге негізделеді. Капиталистік экономикалық жүйе- де әрбір адам қажырлы еңбек етіп, тауар өндірісінің тиімді әдістерін енгізе отырып, өз табысын арттыруды көздейді. Бұл жүйе адамдарды табанды еңбек етуге, техникалық инновацияларды және тұтынушы- ның сұранысын тудыру мен қанағаттандыру тәсілдерін терең түсіну- ге ынталандырады. Өйткені жеке бастың мүддесін ойлаған адамның талпынысы да мықты болады; ал бүл жағдай экономикаға жаңа сер- пін береді.
Алайда капиталистік экономиканың да кемшіліктері бар. Бұл кемшіліктер ресурстарды бөлісуге байланысты туындайды. Бірін- шіден, капиталистік жүйе бәсекелестікке негізделгенімен, жұмыс- шы және капиталист (салалардың иелері) арасындағы сәйкестік тең емес. Жұмысшыларға қарағанда капиталистердің мүмкіндігі бірдей емес. Осының салдарынан жұмысшылар кедей өмір сүруі мүмкін, ал капиталистердің жағдайы патшадан кем түспейді. Екіншіден, жұмысшылар да, ешқандай жүмыс істемейтіндер (балалар, кәрілер, жұмыссыздар) өмірде жиі ұтылып қалады. Олар басқалардан көмек күтуге мәжбүр болады. Үшіншіден, көшелер мен саябақтарды абат- тандыру және сумей жабдықтаудың санитарлық жүйесі сияқты қоғамдық қызмет түрлері мардымды пайда әкелмейтін болғандық- тан, мұндай салаларға капиталистер қызыға бермеуі мүмкін. Алай да олар болмаса, қоғам да қызмет ете алмайды. Демек, капиталистік жүйенің өзінде қажетті тауарлар мен қызметтерді бөлісудің бірқа- тар амалдары болуы тиіс.
Социализм
Социализм
Капитализмде өндіріс бөлістен жоғары болса, социализмде бөліс өн- дірістен жоғары болады. Социализм - қоғам немесе үкімет өндіріс
құралдарын баршаның игілігі үшін қолданатын экономикалық жүйе. Күнделікті өмірде социализм мен коммунизмді жиі шатастырады: коммунизм - өндіріс құралдары мен барлық мүлік мемлекет менші- гінде болатын және әрбір адам еңбек етіп, өз қабілеті мен сұранысына қарай жалақы алатын экономикалық жүйе. Карл Маркстің есептеуін- ше, коммунизм социализмнен дамып шығады, бірақ заманауи әлемде коммунизм қоғамы ешқашан болтан емес.
Теориялық тұрғыдан социализмнің капитализма қарағанда бір- неше артықшылығы бар. Біріншіден, әлеуметтік ресурстар бай адамдар үшін ғана емес, бүтіндей қоғамның игілігіне қолданылуы мүмкін. Мы- салы, социалистік жүйе корпорациялардың бас пайдасы үшін қорша- ған ортаны ластауына жол бермей, табиғатты қорғай алады. Дәл осылай, социалистік экономика ресурстарды телевизия өнімі сияқты табысты салалардан, білім беру, ауыл шаруашылығы немесе болат өндірісі сияқты келешекте жалпы халыққа пайда әкелуі мүмкін ұзақ мерзімді бағыттарға бұра алады. Бастысы, социализмде әрбір адам өмір сүруі үшіы өзіне керегін алуы тиіс. Сонымен бірге әр адам оргақ мақсатқа жету жолында мүмкіндігінше жұмыс істеуі керек.
Аралас экономика
Аралас экономика
Қазіргі кезде батыс қоғамында капиталистік және социалистік эконо- микалық қүрылымдар қатар жүреді. Көптеген елдерде пошта, темір жол және негізгі энергетика салалары сияқты қызметтер әлеумет- тендіріліп джагыр. Бүл - соцализмнің таза идеализмнен туындауы емес. Мемлекеттік меншік көп жағдайда өмір сүруге қажетті, бірақ тиімділігі төмен қызметтердің жалғасуын қамтамасыз етудің үздік тәсілі ретінде қарастырылады. Мысалы, денсаулық сақтау мен білім беру сияқты өзге қызметтер іиіінара әлеуметтендірілген. Өйткені қоғам бұл қызметтердің кедейлер үшін қол жетімді болмауы этикаға сай келмейді және оларды ашық нарықта қамтамасыз ету тиімсіз деп санайды.
Норвегия және Швеция сияқты бірқатар елдерде әлеуметтік қыз- мет көрсету «әркімнен қабілеті жеткенше, әркімге сұранысына қарай» деген қагидадан ілгері жылжыды. Әлі күнге дейін денсаулық сақтау мен білім беру саласында теңсіздік бар, бірақ бұл салалардағы ақылы қызметтерге қарағанда, бұл теңсіздік елеусіз болып көрінеді.
Басқа Батыс елдерімен салыстырғанда, АҚШ капиталистік эко номика жүйесіне жақын. Республикалық партия әлеуметтік қыз- меттердің үкімет
тарапынан көрсетілуін қысқартуды талап етті. Ал Демократиялық партия, керісінше, көбейту керек деді. Болашақта социалистік және капиталистік қағидалардың үйлесуі тек экономикалық жағдайды ғана емес, сонымен қатар саяси жағдайды да көрсетеді.
Саяси экономика
Саяси экономика
Саяси экономика елдегісаясижәнеэкономикалықнысандардыңөза- ра әрекеттесуін білдіреді. Капитализм де, социализм де авторитарлық немесе демократиялық саяси жүйелерден көрініс табуы мүмкін. Батыс Еуропаның Біріккен Корольдіктер, Швеция сияқты көптеген мемле- кетінде социализм мен демократия біріктірілген.
(Шведтік жүйе «Жанандық көрініс: Швециядағы демократия- лық социализм» тарауында толығырақ талқыланады). Қытай мен Куба сияқты басқа мемлекеттер социализмді авторитарлық саяси жүйемен қиыстырып отыр. Социалистік экономикасын саяси эли та басқарып, әскери элита мәжбүрлеп отырған қоғамдарға сілтеме жасағанда, біз «коммунист» терминін жиі (тіпті шектен тыс) қол- данамыз. Мұндай елдерде социализмнің мақсаттары (теңдік және тиімділік) әлі де бар, бірақ саяси басқару түрі демократиялық емес.