Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Сөж .
Тексерген: Тойкина Г.Н Орындаған: Дуйсенбеков Р. Тобы: ВМ - 503 Семей қаласы 2018 жыл Экстракттарды дайындау технологиясы және жалпы сипаттама
Экстрактар, медицинада – дәрі-дәрмектің сұйық түрі. Оларды дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентратты суда еріту немесе су моншасымен қыздыра отырып сумен экстракциялау арқылы алады. Қайнатпаны сұйық дәрі ретінде ішеді (жүрек, бауыр, бүйрек, т.б. ауырғанда) және денеге шыққан жараны жуып, шаю үшін пайдаланады. Қайнатпаны дайындау үшін өсімдіктердің жапырақтары мен, гүлдерінің ірілігі 5 мм, сабағы, қабығы, тамыры мен тамыршаларын 3 мм, жемістері мен тұқымдарын 0,5 мм-дей, ал қабаты қалың өсімдік жапырақтарын 1 мм-ден артық болмайтындай етіп ұсақтайды. Ұсақталған өсімдік шикізатын фарфор, эмаль немесе тотықпайтын металдан жасалған ыдысқа салып, үстіне салқын (бөлме темп-расындағы) су құйып, ыдыстың қақпағын жауып, оны қайнап тұрған су моншасында 30 мин қыздырады. Алынған қайнатпа суығаннан кейін (10 мин-тай) сүзіліп, ыдыста қалған өсімдік шикізаты арнайы түтікше үстінде (воронка) сығылады. Сұйықтықтың көлемі рецептте көрсетілген көлемге жеткенше таза қайнаған су қосады. Қайнатпаны экстракт концентратты еріту арқылы дайындайтын болса, онда экстракт концентрат мөлшерін рецептте көрсетілген өсімдік шикізатының мөлшеріне тең етіп алады. Егер рецептте дәрілік шикізат мөлшері көрсетілмесе, онда өсімдік шикізатының 10 салмақ бөлігінен 100 көлем бөлік қайнатпа дайындалады. Күшті әсер ететін дәрілік өсімдік шикізаттарынан қайнатпаны тек дәрігер жасаған рецепт бойынша дайындайды. Жанаргүл, меруертгүл, мекет, шүйгін шөп, т.б. өсімдіктер тамыры мен тамыршасынан Қайнатпаны 1:30 қатысында дайындайды. Сироптар, тұндырмалар және сұйық экстракттар алдын ала дайындалған Қ-ға қосылады. Құрамында алколоидтар болатын өсімдік шикізатынан Қайнатпаны дайындағанда, оған лимон, шарап немесе сутек хлор қышқылын қосады. Қышқыл мөлшері өсімдік шикізатының құрамындағы алколоидтың салмақ мөлшеріне байланысты қосылады. Емдік мақсатта жаңа дайындалған Қайнатпаны пайдаланады. Оны қолданар алдында шайқайды және салқын жерде сақтайды.
Бактериальді сілтісіздендіру – байытатын фабрикаларда, минералды концентарттарда, сондай –ақ тау жыныстарында кездесетін минералды экстракттар немесе металл еріту процесін сипаттауда қолданылатын термин. Экстракттар-дәрілік өсімдік шикізатынан алынған концентрлі сығынды болып табылады. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!