Әлеуметтануда кездесетін терминдер



бет1/5
Дата25.11.2023
өлшемі34,5 Kb.
#126751
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Әлеуметтануда кездесетін терминдер



Мұқаева Саяжан | ДЯ-305

СРО

Әлеуметтануда кездесетін терминдер


Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект. Адам табиғаты біртұтас биоәлеуметтік жүйе болып табылады.
Азаматтық қоғамсаяси құрылымдарымен, соның ішінде мемлекетпен салыстырғанда қоғамдық өмірдің біртұтастығын сипаттайтын ұғым.
Аккультурация — әртүрлі мәдениеттердің өзара әсерін білдіретін ұғым.
Аксиология – (гректің «axia” «құндылық», «logos” ілім деген сөзінен шыққан) құндылықтар туралы ілім.Құндылықтарды жан – жақты зерттеу мәселесін социологияға Макс Вебер енгізген болатын.
Аномия – қоғамдық тәртіпті ретке келтіріп тұрған ережелердің бұзылуы.
Ассимиляция – сан алуан әлеуметтік топтардың әлеуметтік және мәдени негізде бірімен бірінің сіңісіп кетуі.
Ауыл – қоғамдық еңбек бөлінісінің, яғни қол өнер мен ауыл шаруашылығының бөлінуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық өмірдің нақты әлеуметтік кеңістіктік түрі.
Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым.
Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.
Әлеуметтік ақпарат – қоғамдық, сондай-ақ, адам, қоғам және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет