Әлеуметтік институт – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі. Әлеуметтік ғұрыптар мен санкциялар арқылы әлеуметтік институттар қоғамда ұйымдастырушы, реттеуші, басқарушы, тәрбиелеуші қызметтерін атқарады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар — әлеуметтік субъектілердің қоғамдағы жағдайы мен қоғамдық роліне байланысты туатын, олардың өзара қатынас, қызметін білдіретін, салыстырмалы түрде анықталатын тәуелсіз, ерекше қарым-қатынастардың бір түрі.
Әлеуметтік қауымдастық– (социальная общность) әлеуметтік ішкі байланыстардың негізі тұратын аймағы бір және бірлескен өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан материалдық және мәдени құндылықтары ортақ адамдардың тұрақты бірлестігі. Әлеуметтік қауымдастықтың негізгі белгілері: ынтымақтастық, келісім, жоғары дәрежедегі бірлік.
Әлеуметтік құбылыс — әлеуметтік қасиеттері мен белгілері бар әлеуметтік шындықтың көрінісі. Әлеуметтік өмірде айқын байқалып, бірден аңғарылытынның бәрі әлеуметтік құбылыс болып табылады.
Әлеуметтік құрылым – қоғамдағы еңбектің күрделенуіне, оның бірлігіне, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейіне байланысты болатын өзгерістерді көрсететін, сонымен бірге нақты кезеңдегі әлеуметтік жүйенің элементтері арасындағы тұрақты қалыптасқан құрылым. Әлеуметтік құрылымның негізгі түрлері: макроқұрылым, микроқұрылым.
Әлеуметтік мәртебе – көпшілік мойындаған құндылықтар жүйесі тұрғысынан қарағандағы қоғамдағы әр түрлі объектілердің, құбылыстардың әлеуметтік маңыздылығына берілетін баға.
Әлеуметтік мобильділік – адамның, әлеуметтік топтың әлеуметтік құрылымдағы өз орнын ауыстыруы, адамның бір әлеуметтік топтан екінші бір әлеуметтік топқа өтуі немесе сол топтың ішінде орнын өзгертуі.
Әлеуметтік орта – адамдардың қалыптасуына, өмір сүруіне, дамуына және қызмет етуіне қоғамдық жағдай туғызатын адамды қоршаған нақты әлеуметтік әлем.
Әлеуметтік прогресс – қоғамдық өмірдің күрделенуі, өндірістің, мәдениеттің, әлеуметтік еркіндік, теңдік, әділеттіліктің өркениетті бағытпен дамуы.