Әлеуметтік арақашықтық – (социальная дистанция) әр алуан топтардың, таптардың бір – біріне деген қарым – қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді.
Әлеуметтік байланыс – (социальная связь) жеке адамдардың немесе топтардың бір – біріне деген кез келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік. Бұл түсінікті социологияға Э.Дюркгейм енгізген болатын.
Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс — әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.
Әлеуметтік бейімделу – (социальная адаптация) адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрінен игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.
Әлеуметтік ғадет– (социальное поведение) адамдардың субъективті мінездемелерінен және іс-қимылдарынан, әлеуметтік белсенділіктерінің нәтижесінен көрінетін әлеуметтік ортаның сипаттамасы. Әлеуметтік ғадеттің негізгі түрлері: еңбектік, өндірістік, ұйымдық, функционалдық, демографиялық, экономикалық, қоғамға жат т.б.
Әлеуметтік ереже – адамдардың мінез-құлқын және олардың топтағы қарым – қатынасын реттейтін тарихи қалыптасқан әдет.
Әлеуметтік жоспарлау — әлеуметтік процестердің дамуы мен жүзеге асырылу жолдарының ғылыми негізделген мақсаты мен міндеттері, көрсеткіштері. Әлеуметтік институттардың, саяси партиялардың немесе ұйымдардың белгілі мерзімге жоспарланған қызметінің негізгі қағидаларының мазмұны әлеуметтік бағдарламалар деп аталады.
Әлеуметтік жіктеу – (социальная стратификация) стратификация термині латынның «statum” жік, қабат және «facere”-«жасау” деген сөздердің қосындысынан алынған. Әлеуметтік жіктеудің негізін салған М.Вебер.
Әлеуметтік идеал – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағығ болашақтағы бейнесінің көрінісі.