Әлеуметтанудың объектісі және пәні


Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады



бет2/3
Дата18.12.2023
өлшемі52,52 Kb.
#140736
1   2   3
Байланысты:
әлеуметтану 1 дәріс (1)

Қоғам әлеуметтік жүйеден тұрады. Әлеуметтік жүйе өзінің негізгі элементтері адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар, үдерістер арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастық.
Әлеуметтік байланыстар – белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақыт пен кеңістікте бірлесе қызмет ету.
Әлеуметтік қарым – қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің отбасымен, туысқандарымен туыстық қарым – қатынаста болса, құрбыларымен достық, жолдастық қатынаста, өндірісте еңбек қатынасында, билік орындарымен саяси қатынас орнатады.
Әлеуметтанудың объектісі дегеніміз – бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет және т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс - әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Ал, әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс - әрекеттерін, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір – бірімен әрекетін, түрлерін жан – жақты, терең танып білуді айтамыз.
2. Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің өзара іс – қимылын көрсетеді.
Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бұған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік байланыс», «әлеуметтік қатынас», «әлеуметтік процесс», «әлеуметтік тұлға», «әлеуметтік бірлік», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік стратификация», «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік мәртебе», «әлеуметтік мүдде», «әлеуметтік белсенділік», т.б. категориялардың көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады. Категориялардың негізінде әлеуметтанудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің бес негізгі заңы тұжырымдалған:
  • Әлеуметтік құбылыстардың бірімен – бірі байланыста қатар өмір сүретінін анықтаушы заңдар. Мысалы, өнеркәсіптің дамуы қаланың халқын көбейтіп, ауыл шаруашылығын қысқартуға әкеледі, ал қала халқының бала саны азаяды, ажырасу көбейеді.
  • Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстар мен қарым-қатынастардың себептерін анықтайтын заң.
  • Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң.
  • Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі ықпалдастықты анықтайтын заң.
  • Әлеуметтік құбылыстардың арасындаы болуы мүмкін ықтимал байланыстарды білдіретін заңдар.

Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан – жақты байланысы мен қатынасы оның оның атқаратын қызметінен айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылау қызметін атқарады. Ол болмаса, әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс пен катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің болашақ дамуын, бағытын анықтайды, яғни болжау қызметін атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыстар мен ақпараттарды болжап шешуде әлеуметтанудың маңызы зор.
Әлеуметтану қоғамның экономика, саяси, рухани, т.б. салаларында әлеуметтік

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет