саяси қызмет жеке тұлғаның және олардың қауымдастығының өмірлік қызметінің қоғамдағы өзгерістерге тікелей ықпал ететін негізгі нысандарының бірі болып табылады;
саясат өте кең ауқымды, күрделі және көп қырлы құбылыс ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады және көбіне қоғамның жалпы дамуын анықтайды.
Саясаттану ғаламдық қоғам құрылымының бір ғана саласын, яғни биліктің ұйымдастырылуын зерттейді. Бірақ саясаттану бұл саланы қатаң ғылыми әдістерімен осы құрылымның басқа бөліктерінің байланыстыра қарағанда ғана зерделей алады.Бұл саяматтанудың саяси құрылым мен саяси институттарды, саяси биліктің құрылымдары мен ұйымдастырылуы сипаттамаларын зерделегенде, әлеуметтану ашатын ғаламдық қоғамның құылымына жататын заңдарды ескеруге тиіс екенін білдіреді.Әлеуметтану жеке топтары мен жалпы қоғамның саяси қарым-қатынастары және саяси құрылымын, олардың қоғамдық құбылыстар ретіндегі мән-мағынасын айқындау мақсатында зерттейді.