Әлеуметьану және психология. Егер әлеуметтану өзінің пәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды,яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді.Психологияның пәні болып табылатындар-адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері.
Әлеуметтану да, психология да адамды және оның мінез-құлқын зерделейді.Алайда олар мұны өз пәндерінің ерекшеліктері тұрғысынан әр түрлі жасайды. Дегенменде олар өз пәндерін зерделеген кезде үйлесімді бағыт ұстанады және олардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас бар деп айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |