Әлеуметтану және экономика ғылымы. Экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады,экономика өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді. Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғандай,экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттармен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі. Бұл да экономикалық және әлеуметтік ғылымдардың өзара әрекетін нығайта түсуді талап етеді.
Егер де экономика ғылымы қоғамдық өмірдің бір ғана, мейлі өте маңызды саласының заңдылықтарын зерттейтін болса, әлеуметтану қоғамның тұтас дамуының негізінде жататын және оның барлық, соның ішінде экономика салаларында ерекше көрініс табатын неғұрлым жалпы және кең ауқымды заңдылықтарын зерттейді.
Сонымен әлеуметтану мен өзге қоғамдық ғылымдардың арақатынасы туралы мәселеде, солардың өзара тығыз байланысы, қоғамдық өмірді шынайы зерттеуде бұл ғылымдардың пәндік шекаралары сақталумен бірге, бір-бірімен қабысуы, бірақ әлеуметтанудың бұл ғылымдарды жұтып қоймайтыны сөз болуы керек және солай болуға тиіс те.
Қолданған әдебиет:
1-кітап:Оқулық\Жалпы ред.басқ.М.М.Тәжин.
Қанапия Ғабдулина. «Құқық социологиясы». Алматы – 2003ж.
Аристотель. Социология. – М., 1983, т.4, 384-бет.
Аристотель. Социология. – М., 1983, т.4, 396-бет.
Энциклопедический социологический словарь. – М., 1995.
Дюркгейм Эмиль. Социология. – М., 1995.
Достарыңызбен бөлісу: |