Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу



Дата06.04.2023
өлшемі277,39 Kb.
#79897

Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу

Орындаған : Раушанбек Жасмина

Қабылдаған : Калменова Бақытгүл Тулаковна

Жоспар

  • Кіріспе
  • Әлеуметтану дегеніміз не?
  • Әлеуметтанулық зерттеулер туралы анықтама
  • Негізгі бөлім
  • Әлеуметтанулық зерттеу әдістері
  • Әлеуметтік зерттеулердің мәні
  • Қорытынды

Әлеуметтану дегеніміз не?

  • Әлеуметтану — қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Әлеуметтанулық зерттеулер

  • Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғамдағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы - саясаттану, экономикалық теория, мәдениеттану, әлеуметтік психология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекелеген құрылымдары, бөлігі, саласы қарастырылады.

Әдістері
Құжаттарды талдау
Бақылау
Сұрау
Тәжірибе жүргізу

Сұрау әдісі

Ақпаратты сұрақ алу арқылы алады.Оның ерекшелігі әдіс ұйымдастыру жағынан ,арзандығымен, әмбебаптылығымен, техникалық құрылғыларды көп пайдалануымен ерекшеленеді

Бақылау әдісі

Зерттеу барысында болып жатқан оқиғаларды жазып , тікелей тіркеп отыру әдісін айтады

Эксперимент әдісі

Тәжірибе (эксперимент) – бақыланып және басқарылатын жағдайда жаңа білімдер алудың ғылыми әдісі болып табылады. Тәжірибеде зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады

Құжаттарды талдау әдісі

Құжат деп – адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезінде алып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.

Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегідей бөлінеді:

Жазба құжаттар

Фонетикалық

Иконографиялық.

Қорытынды

  • Әлеуметтік зерттеулер қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;
  • Әлеуметтік зерттеулер экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі
  • Әлеуметтік зерттеулер қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

https://engime.org/1eleumettanu-filim-retinde-obektisi-jene-peni.html?page=6

Әлеуметтану негіздері ;9- басылым; Дэвид Б. ;Роуз У.; Сюзан О.; Астана- 2018



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет