Әлеуметтанулық зерттеулер


– сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.)



бет2/4
Дата26.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#87107
түріБағдарламасы
1   2   3   4

– сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.);

– сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).

  • 3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:
  • – алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу);

    – сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;

  • 4кезең. Алынған мәліметтерді талдау:
  • – Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);

    – Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);

    – Зерттеудің соңғы есебін дайындау;

    – Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;

    Социологиялық зерттеудің бағдарламасы

    Бағдарлама – эмпирикалық социологиялық зерттеудің негізгі құжаты. Социологияның теориясы мен методологиясы жөніндегі әдебиетте оның мынадай құрылымы көпшілік мақұлданған болып табылады:

    • 1. Зерттеу тақырыбын, проблемасын, пәні мен объектісін тұжырымдау;
    • 2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою.
    • 3. Негізгі ұғымдарды операциялық анықтау және эмпирикалық түсініктемелеу. Өлшем шамасын құру.
    • 4. Зерттеу болжамдарын ұсыну.
    • 5. Зерттеу жоспарлары.
    • 6. Бақылау бірлігін таңдау әдісін анықтау.
    • 7. Алғашқы эмпирикалық мәліметтерді жинау және талдау әдістерін сипаттау.

    Іріктеу жиынтығы

    Іріктеу жиынтығын есептеу. Біздің ойымызша, ең алдымен қарастырылатын

    мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратын анықтап алу қажет.

    Жиынтық – оларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы .

    Іріктеу – талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген тобы. Жалпы жиынтық – талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет