құрайды. Мысал:»N» қаласында 100 мың адам тұрады. Зерттеудің жалпы жиынтығын анықтау үшін қалалықтардың жалпы санынан 18 жастан кіші адам санын алып тастау қажет. Алынған сан аталмыш зерттеудің жалпы жиынтығы болып табылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:, N = B - C, мұнда N - жалпы жиынтық, B - халықтың жалпы саны, ал C - 18 жасқа дейінгі халық. Сонда, мынаны аламыз: 100 000 -35 000 = 65000. Сонымен, жалпы жиынтық 65 000 адам құрайды.
Іріктеу жиынтығы – дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.
Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі – бағдарламаның мақсатымен анықталады.
Іріктеу көлемі – бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі
репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.
Сипатты есептеу
Іріктеудің сипаттылығы – бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі. Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N - жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің
үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.
Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект («N» қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).