Қазақстан Республикасы М.Х.Дулати атындағы Білім және Ғылым министрлігі Тараз өңірлік университеті.
Министерство Образования и Таразский региональный Науки Республики Казахстан университет им. М.Х.Дулати ОСӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік және бірегейлік Орындаған: Сиябекова.А Тобы: Физ22 - 3 Тексерген: Сүлеймен.М
Тараз қаласы, 2023 ж
Глоссарий Әлеуметтік – (социальное– латынның «socialis» – «бірге», «жолдастық», «қауымдық» деген сөзінен шыққан) – социологияның категориясы ретінде: 1) адамның қоғамдық өмірінің мәнін; 2) адамның жануарлардан айырмашылығын; 3) адамның табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін; 4) қоғамдық жүйелер құрылымдарын тиімдірек пайдалану жолдарын көрсету үшін қолданылады.
Әлеуметтену – мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі.
Әлеуметтену мазмұны – тұлға әлеуметтік және мәдени «дәзір» ретінде нені ұсынады және әлеуметтену процесінде индивидтің қандай әлемді суреттеу, мақсаттары, стереотиптері, құндылықтары қалыптасуымен мәнді.
Бірегейлік – [лат. identificare – ұқсастыру, барабарландыру] – біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы.
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің дамуының ең жоғарғы сатысы, қоғамдық тарихи және мәдени субъект.
Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі.
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні.
Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент.
Гендер (ағыл. «gender» - «род», «тек» деген мағ.білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар.
Гендерлік әлеуметтену бұл адамның жынысына байланысты әлеуметтік күтулер мен көзқарастарды үйрену процесі.
Әлеуметтанудың субъектісі -деп өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады.