Жаратылыстану институты биология кафедрасы



Дата17.03.2023
өлшемі121,97 Kb.
#75122
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
104-группа.ОңғарбекБақерке.политология


«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ





БӨЖ
Тақырыбы: : Саясат және мораль, олардың өзара байланысы,
категориялары

Тексерген: Жүнісов.Е.А
Орындаған: «6В01509-Биология» білім беру бағдарламасының
1-курс студенті Оңғарбек Бақерке
Алматы, 2022-2023 жыл
Саясат және мораль, олардың өзара байланысы,
категориялары
Жалпы саясат дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы. Саясат бұл тек бір мағынаны, яғни анықтаманы ғана қамтымайды. Оның анықтамалары көп.Саясат бұл өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі болып табылады.Саясаттың негізгі мақсаты - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Мораль– адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады.
Саясат пен мораль терминдерінің ортақ байланысын айтып түстеу оңай емес. Саясат бұл қоғамдық қатынастардың саласы ретінде өзектілігін, мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның игілігі үшін биліктің тетіктерін және ресурстарын тиімді пайдалануды құраса, моральдің негізінде саяси қызмет мақсаттарының адамгершілігін, амалдары мен әдістерін дәлелдеу, тәжірибелік саясатты қоғамдық пікірмен бағалау және оны адамгершілік нормаларымен өлшемдеу.
Бұл екеуі көбінесе бір біріне қарсы ұғымдар болып келеді.Оны біз атақты буржуазиялық саяси ілімнің негізін қалаушы Никола Макиавеллидің еңбектерінен көре аламыз.Ол өз еңбектерінде Макиавеллидің мемлекет және саясат туралы іліміндегі маңызды жаңалығы саясат саласын жеке ғылым ретінде көрсетуге тырысу идеясы болып табылады. Бұл салада орасан зор тәжірибе жинақтаған ол саясат қоғамдық өмірдің бөлек саласы болып табылады деген қорытынды жасайды. Ол қоғамдық өмірді түрлі мақсаттары және оларды іске асырудағы мүмкіндіктері бір-біріне ұқсамайтын көптеген әлеуметтік күштер мен әрқилы мүдделердің қақтығысы ретінде қарастырады. Оның айтуынша саясат - адам еркіне бағынышты жанды қозғалыс, дауылды стихия, күштер арасындағы күрес, олардың үздіксіз қақтығысы, қайшылықтардың шешімі, өзгерістер мен қайта құрулар деді.
Әрине, Макиавеллидің ой тұжырымдамаларының өз кезеңінде де, қазір де мән мағынасын жоғалтпаған. Бірақ мораль мәселесіне келгенде Макиавелли дұрыс тұжырымдай алмады.Ол саясатта әрбір адам алдамшы сипатқа ие деп санайды. Ол билік ұстап қажет билеушісі, әрқашан жалпы қабылданған моральдық нормаларына сай келмейтін кез-келген құралдар, жүгінеді қабілетті болғандықтан. Назар аударыңыз тоталитарлық режимдер жиі пайдаланылады азғындық және азғын саясат болып табылады. Бір қарағанда, бұл өте тиімді және прагматикалық саналады, бірақ уақыт өте келе бұл жағдай қоғам мен саясаткерлердің сыбайлас жемқорлыққа әкеледі.
Сондықтанда мораль мен саясат мәселесі біреуі көтеріліп тұрса екіншісі түсетін таразы секілді деп те айтсақ болады.
Белгілі бір ауқымды терминдердің әлбетте өз категориялары (ұғымдары) болады. Саясат сөзінің өзіне тән категорияларына келсек.Мысалы: “саясат”, “саяси билік”, “саяси жүйе”, “саяси тәртіп”, “саяси партия”, “саяси мәдениет”, “саяси әлеуметтену”, “саяси өмір”, “саяси қатынастар”, “қоғамдық үйымдар”, “мемлекет”, “демократия”, “егемендік”, “құқықтық мемлекет”, “азаматтық қоғам”, “ішкі саясат”, “сыртқы саясат” және тағы да баска категориялар мен түсініктерден құралған.
Мораль мен этика категорияларына:Жақсылық; Жамандық; Махаббат, қамқорлық, қайырымдылық; Әділдік; Борыш; Жауапкершілік; Ізгілік пен жамандық, Ар-ұят; Ұят тағы да басқаларын атап өтуге болады.
Қорытындылай келе саясат бұл мемлекеттің, қоғамның күнделікті басынан өткізіп жүрген мәселелер мен оқиғалар жиынтығы. Ал мораль болса адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида. Бұл екеуі көбінесе бір біріне қарама қарсы орын алып жатады. Саясат және мораль өздеріне тән категориялары мен ұғымдарды құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет