Әлеуметтік- экономикалық бағыттың "Математика" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы


Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Орыс тілі және әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы



бет15/28
Дата30.09.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146216
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
6. Әлеуметтік-экономикалық (1)

Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Орыс тілі және әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Орыс тілі және әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "Орыс тілі және орыс әдебиеті" оқу пәнін оқытудың мақсаты – көп деңгейлі тілдік құралдар жүйесін меңгеруге, орыс әдеби тілінің ережелері мен нормаларын, сөйлеу этикеті ережелерін сақтауға негізделген сөйлеу іс-әрекетінің дағдыларын жетілдіру, агроөнеркәсіптік салада қолданылатын білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ету.
Орыс тілін меңгеру, орыс және әлемдік әдебиеттермен танысу білім алушыларға тез өзгеретін әлемнің жағдайына бейімделуге, оқу және болашақ кәсіби қызметтегі ситуациялық-сөйлеу мінез-құлқын сәтті реттеуге; өз пікірін білдіру және негіздеу үшін әртүрлі ақпарат көздері мен заманауи ақпараттық технологияларды пайдалануға көмектеседі.
3. Оқу пәнін іске асыру мынадай міндеттерді қарастырады:
1) өмірдің әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, білім беру және кәсіптік салаларында қарым-қатынас жасау үшін қажетті тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу дағдыларын дамыту;
2) орыс тілінің нормалары мен ережелеріне сәйкес тілдік жүйенің бірліктері, оларды біріктіру, жұмыс істеу ережелері, синтаксистік құрылымдарды құрастыру дағдылары мен біліктіліктеі туралы білімді жетілдіру, сондай-ақ теориялық-әдеби ұғымдарды білу;
3) көркем мәтінді талдау, әдеби шығарманың түрі мен жанрын анықтау, бейнелеу - экспрессивті құралдардың рөлін сипаттау, шығарманың идеясы мен проблематикасын тұжырымдау қабілетін дамыту;
4) оқығанына өз көзқарасын білдіру, авторлық ұстанымын анықтау қабілетін дамыту;
5) орыс әдеби тілінің нормаларын ескере отырып, тиісті тақырыпқа үйлесімді мәтін (ауызша және жазбаша) құру дағдыларын жетілдіру;
6) ақпаратты іздеу, өңдеу және тіркеумен байланысты дағдылар мен біліктіліктерді жетілдіру;
7) басқа пәндерден алынған ақпаратты оқу және жазу, зерттеу дағдылары, талдау, синтездеу, бағалау, түсіндіру дағдылары негізінде білім алушылардың дағдыларын қалыптастыруға бағытталған сыни ойлау дағдыларын жетілдіру;
8) коммуникативтік міндеттерге сәйкес оқытудың әртүрлі түрлерін пайдалану;
9) білім алушылардың сөздік қорын кәсіби жоғары арнаулы лексикамен байыту;
10) ақпараттық-коммуникациялық және компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын жетілдіру;
11) Қазақстанда және шетелде тұратын түрлі этностардың тілдері мен мәдениеттеріне толерантты қатынасты қалыптастыру.
4. Пәннің мазмұны 9 бөлімнен тұрады: "Туризм. Экотуризм", "Человек и Родина", "Наука и этика", "Планета. Земля. Океаны", "Литература и искусство", "Тақырып социального неравенства в СМИ и литературе", "Торговля и помощь. Справедливая торговля", "Значение труда в жизни человека и общества", "Показатель развития общества: экология, биоресурсы".
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлықтың бағыттары мен біліктілігіне байланысты 96-120 сағатты (4-5 кредит) құрайды.
7. Оқу пәнін іске асыру кезінде дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылады.
2-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Бөлім,бөлімше және тақырыптардың атауы

Сағат саны

Барлығы

Сабақтар

Теориялық

Практикалық

Введение. В мире языка и литературы.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет