«Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы» Презентация Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жастардың электроалдық белсенділігін арттыру жолдары


Жалпы сарапшылар жастардың электоралды белсенділігіне байланысты саяси мінезқұлқына әсер етуде сайлауға қатысуының екі түрлі факторын көрсетеді



бет4/5
Дата13.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#73856
түріПрезентация
1   2   3   4   5

Жалпы сарапшылар жастардың электоралды белсенділігіне байланысты саяси мінезқұлқына әсер етуде сайлауға қатысуының екі түрлі факторын көрсетеді:

  • Прагматикалық дәлелдемелер — өз жағдайларын қоғамдық институттарға әсер ете отырып жақсарту. 
  •  Идеологиялық – мемлект саясатына бағыт-бағдар ұстану.

Жастардың электоралды белсенділігі.

Жастардың электоралды белсенділігі бірінші кезекте құқықтық санасына бағытталуы керек. Бұл олардың құқықтық мәдениетін көтереді. Екінші кезекте дұрыс ақпарат алуына жағдай жасау қажет. Сайлау алдында ақпараттар ағыны келіп түседі, бұл сайлау жүйесі туралы білмейтін жастарға үлкен қиындықтар туғызады. Сондықтан оны жүйелендіру керек және ол үшін үнемі ағарту жұмыстарын жүргізу керек. Ол үшін, саяси жүйе, сайлау жүйесі туралы мемлекеттік мекемелер, оқу орындары, жастар ұйымдары, сайлау комиссиялары т.б. тарапынан алуан түрлі іс-шаралар кешенін үнемі өткізіп тұруы қажет. Сондықтан мемлекеттiк құрылым, сайлаулар, саяси жүйенi талқылайтын және сайлаушымен манипуляциялау әдiстерi, «қара пиар» түрлері және тағы басқа мәселелерді талқылайтын арнаулы жастарға арналған жобалар көбейту қажет. Тіптен жоғарғы оқу орындарында таңдау пәні ретінде сайлау құқығы пәнін енгізсе де артықтық етпейді.

Электоралды белсенділікті зерттеудің маңызы сайлау нәтижесі елдегі әлеуметтікэкономикалық, саяси, мәдени-демографиялық үдерістердің, мемлекеттің саясатына халықтың жауап беруінің көрінісі болып табылады. Сайлаулар — азаматтардың саяси шешім қабылдауға қатысуында мемлекеттің ұстанған саясаты мен саяси элитаға деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан электоралды белсенділік саяси үдерістің барлық субъектілеріне қызығушылық тудырады.

  • Электоралды белсенділікті зерттеудің маңызы сайлау нәтижесі елдегі әлеуметтікэкономикалық, саяси, мәдени-демографиялық үдерістердің, мемлекеттің саясатына халықтың жауап беруінің көрінісі болып табылады. Сайлаулар — азаматтардың саяси шешім қабылдауға қатысуында мемлекеттің ұстанған саясаты мен саяси элитаға деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан электоралды белсенділік саяси үдерістің барлық субъектілеріне қызығушылық тудырады.
  • Сайлаулар мен электоралды белсенділікті зерттеудің нәтижелері тек мүдделі саяси күштерге ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік және жергілікті билік органдары мен сайлау заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс істейтін заң шығарушылар үшін де, әлеуметтікэкономикалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруда, сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіруге арналған жергілікті билік пен сайлау комиссиялары үшін де құнды ақпараттық-аналитикалық ресурс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет