«Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы» Презентация Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы жастардың электроалдық белсенділігін арттыру жолдары



бет5/5
Дата13.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#73856
түріПрезентация
1   2   3   4   5

Мақсат

Мұндағы мақсат — жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыруға қолдау көрсету, сол арқылы еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру ісіне қызмет ету. Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту.

Жастар саясатын жүзеге асыруда неге басымдық берген жөн?

  • Жастар саясатын жүзеге асыру үшін ең алдымен жастардың өзін осы іске тарту керек. Жастарға көбірек көңіл бөлінгені жөн. Бізде жастарға арналған көптеген бағдарламалар жүзеге асырылуда. Елімізде жастар саясатын жүзеге асыратын арнайы министрлік те бар. Сонымен қоса арнайы комитет құрылған, өңірлік жерлерде басқармалар мен жастар ұйымдары топтастырылған. Бірақ қазіргі тәжірибеге қарап отырсақ, осы жастар саясатын іске асыратын адамдар жастардың арасынан емес, үлкен буынның немесе ересек азаматтардан құрылған. Сол себепті осы жұмыстардың басы-қасында болуға, тізгінін ұстауға, маңызды мәселелерді шешуге, жастармен жұмыс істеуге жастардың өзін араластыру керек.

Қорытынды

  • Ғылым өрісін кеңейтуге бағытталған шаралардың қатарында жылда қордың ұйымдастыруымен өткен халық аралық жастар форумын айтуға болады. Жүздеген жас ғалымдар қатысқан бұл ғылыми жиын тақырып ауқымдығын, талқыға түскен мәселелердің өзектілігін, еліміз бен шетелдік ғылыми ортаның белсенді ынтымақтастық байланыстарының нәтижелілігін көрсетті. Елбасы жетекшілік жасайтын «Нұр Отан» ХДП елімізді көшбасшылыққа және өркениетті мақсаттарға қол жеткізуге дайындықты өз бойымызда қалыптастырып, жастарымызды отан сүйгіштікке тәрбиелеуге айрықша күш салып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Ғабитов Т.Х.,Муталипов Ж.М.,Құлсариева А.Т..Мәдениеттану.-Алматы:2005.
  • З.Ғабитов Т.Мәдениеттануға кіріспе.-Алматы,1996.
  • 3.Ғабитов Т.Қазақ мәдениетінің сөздігі.Алматы
  • Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану: оқу құралы – 2-ші басылымы – А.: 2001
  • Тұрғынбаев Ә.Х. Философия тарихы – А.: 2001


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет