2. Ғылым этосының қалыптасу факторлары.
3. Р. Мертонның «ғылымның нормативтік этосы» атты тұжырымдамасы.
4. Ғылыми іс-əрекетте этикалық нормалар жəне контр-нормалар.
5. Ғылым этосын бұзуда білім сапасының төмендеуі.
6. Ғылыми ұжымның автономиясы жəне оның тоталитаризмде құлдырауы
Қазіргі (жаңаеуропалық) ғылыми этостың қалыптасуы:
1) объективтік білім амуақтың кеңеюі жəне алуы - əмбебап мақсат;
2) протестантизмнің діни-құндылық ұстанымдардың əсері (вебер-мертон гипотезасы);
3) жаңа заманда дəлелденіп жайылған демократиялық мінез-құлықтың зиялы нормасы, оның ішінде - толеранттылық нормасы;
4) əлеуметтік фактор: ХVІІ ғ. ғылымға адамдар қала буржуазия жіктен шығады; ғылымдағы карьера ұзақ жолдан тұрған соң, утилитарлық емес, жоғары интеллектуалдық құңдылықтар үстемді болған. сонымен қатар, «өз атын» сақтау, ғылыми шындық деген сұрақтар жалпы қоғамға жайылып өз орынын алды. ХХ ғ. жағдай өзгерді, себебі, ғылым «бай» болды
Кең танылған ғылым этосының «классикалық» тұжырымдамасы Роберт Мертондікі (1910-2004 жж.). 1942 ж. өзінің шығармасында ол былай деген: «Ғылымның моральдық нормалары методологиялық тұрғыдан рационалды, бірақ оларды процедуралық эффективтілігінен емес, əділетті жəне игілікті болған соң. Ол нормалар біркелкі моральды жəне техникалық ережелер. Қазіргі ғылымның этосының компоненті: универсализм, коллективизм (коммунизм), бейтарап, ұйымдасқан скептицизм
Универсализм (маңызды норма) - ақиқаты, ғылыми білімнің нақтылығы оны ашқан ғалымның тұлғасынан тыс - ұлтынан, ғылыми иерархиядағы жағдайынан, жасынан т.б. Ақиқаттың алдында бəрі тең - академик жəне аспирант. Бəріне ортақ дəлелдеудің əмбебап белгілері, білімді бағалау ережелері т. б. қолданылады. Универсализм императиві ғылыми білімнің тұлғадан тыс сипаттаудан басталады. Жаңа білімге сенімдік тұлғадан тыс белгілермен анықталады: бақылауға жəне əуелі дəлелденген білімге сəйкес. Универсализм барлық ғылыммен айналысу жəне əр ұлттың жəне əр əлеуметтік топтың өкілі ғылыми карьера жасауға тең құқығы барын жариялайды. Ол ғылымның ұлтаралық жəне демократиялық сипатын негіздейді
Достарыңызбен бөлісу: |