Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасы


Ғылымның екі негізгі ұстанымдары



бет2/7
Дата31.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#22712
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ғылым этосы

Ғылымның екі негізгі ұстанымдары

ақиқаттың өзіндік құндылығы жаңалық құндылығы

Ғылымның құңдылық ұстанымдары оның этосының негізін құрастырады, оны əр ғалым меңгеріп, жəне олардың шығармашылығы новаторлықтың жəне адамзат ұрпақтарына ақиқатқа жұмыс атқарудың үлгісі болып табылады. Адамзат тарихында əйгілі ғалымдардың қызметінде қағидалылық үстемді болған, олар ешқашанда тұлғалық жəне өзіндік мақсатқа құл болмаған. Ғылымның идеалы ретінде қағида ұсынылған - ақиқаттың алдында бəрі тең, мəселе ғылыми дəлелге тірелсе, ешқандай алғашқы еңбектері назарға алынбайды

Ғылымның идеалы ретінде қағида ұсынылған - ақиқаттың алдында бəрі тең, мəселе ғылыми дəлелге тірелсе, ешқандай алғашқы еңбектері назарға алынбайды. Ғылыми этостың тағы бір маңызды қағидасы бар - өз зерттеулерінің нəтижесін жариялағанда ғылыми шындық қажетті. Мүмкін ғалым қателеседі, бірақ ешқашанда өз жаңалығына лайық нəтижелерді енгізбеу керек, яғни, ол плагиатпен айналыспау керек. Дəйексөз институты ғылыми монография мен мақалаларды құрастырғанда ғалым үшін міндет, ол тек авторлық құқықты белгілемейді, сонымен, жаңа нəтижелердің селекциясын жасайды. Осы селекциядан тыс жаңасын іздеуге ықпал болмас еді жəне ғылымда тек қайталанатын нəтижелер үстемді болар еді, түбінде, ғылыми білімнің өсуі тоқталады

Фальсификация мен плагиаттың болмауы ғылымның құңдылық нормасына айналып, бірақ, реалдық өмірде бұзылады. Əртүрлі ғылыми ұжымдарда этикалық қағидаларды бұзған үшін əртүрлі қатал санкциялар қойылады.

Қазіргі ғылымның өміріне бір мысал көрсетейік, 1970-шы ж. биохимиктер мен нейрофизиологтардың ортасында Галлис атты жас ғалым өз жаңалығын жариялады. Ол шындыққа ұқсас болжау ұсынды, өсімдік қасиеті бар морфиндер жəне мидің ішкі морфиндері жүйке талшықтарға біркелкі əсер етеді. Бірақ сонша өткізілген эксперименттер осы болжауды дəлелдей алмады. Басқа зерттеушілер оның алдына шығатындықтан қауіпсізденіп, Галлис фальсификацияға бет бұрды. Сөйтіп, ол жалған нəтижелерді жариялады. Галлистің жаңалығы бəрін қызықтырды, 1977 ж. Мюнхенде арнайы симпозиумда оған өз теориясы бойынша эксперимент өткізуге ұсыныс жасалады. Сонда Галлис өзінің фальсификациясын ашық жариялайды. Бүкіл ғылыми ұжым оған бойкот жариялап, ғылыми контакт жəне бірлестік мақалалардан бас тартты. Галлис əріптестерінен өзінің ашық хатында кешірім сұрайды.

Идеалдық жағдайда ғылыми ұжым қасақаналық немесе ғылыми нəтижелердің ниеттілік фальсификацияға əрқашанда жол жабу керек. Осы идеалға табиғаттану ғылымдардың зерттеушілері жақын, ал гуманитарийлерге саяси жəне идеологиялық құрылымдар жағынан қысым болған соң, оларға санкциялар жұмсарған

Ғылым этосы келесі мəселелерді қамтиды:

  • Ғылым этикасы профессионалдық этиканың түрі ретінде.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет