Ұйымдасқан скептицизм. Бұл норма əр білімге қатысты нақты жəне объективтік талдауды сұраныс етеді жəне сынаудан өткізбей қабылдамайды. Ғылым үшін сыншыл талдаудан тыс «қасиетті» деп саналатын ештеңе жоқ. Ғалымдар үшін ұйымдастырылған скептицизм директивтік талаптар. Əр ғалымның еңбегі алғашқы зерттеулердің нəтижесімен құрастырылса қастықпен немесе қастықсыз жағдайда ақиқаттан бет бұру ғылымның дамуына зиян əкеледі. Осыдан, білімге аманат толық жəне жанжақты тексеріссіз болмайды. Скептицизм нормасы ғалымнан күмəндануды сұраныс жасайды, «жағымсыз фактілерді» мойындауға үйрену қажет, өз жəне басқа ғалымның жұмысына ашық сынаумен қарау керек. «Ғалым өз көршісіне міншіл көңіл бөледі». Ұйымдастырылған скептицизм императивы жауапкершілік атмосферасын, ғалымдардың кəсіби шындығын институционалды түрде анықтайды.
Мертонның пікірінше, осы нормалардың шеңберінен шықса жəне оларды бұзу «білім сапасының» төмендеуіне алып жəне «жалған ғылымға» («псевдонаука») əкеледі. Мертон 1942 ж. идеологияға сатылған «арийлық ғылымды» қатал түрде сынға алған. Мертонның этосына қосымша нормалар кіреді: оригиналдылық, эмоционалдық бейтараптылық, тəуелсіздік, интеллектуалдық қарапайымдылық т.б. Басқа жағынан, осы тұжырымдаманың сынау пікірталасында, эмпириялық тексерісте анық қорытындыға ие болдық - ғалымдардың мінез-құлығы соңғы уақытта «амбивалеттікке» айналған, яғни, норма мен контрнорма компромисі үстемді, партикуляризм, құмарланған баға қою, нəтижелерді тығу, оларды қолдану құқығын қорғау, ұйымдастырылған догматизм т.б. Бірақ, жалпы ғылымда ауытқу «девианттык», нормадан тыс істер сирек кездеседі, ғылым этосы ғылыми іс-əрекеттің тұрақты сипаттамасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |