Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері. Қазіргі заманның әлеуметтік-экологиялық проблемалары.
Қазіргі заманның әлеуметтік экологиясының нүктесі деп Р. Карсонның 1962 жылы ДДт-ны қолданудың теріс экологиялық зардаптарын талдауға арналған «үнсіз көктем» кітабын атауға болады. Бұл кітапты жазудың алғы тарихы айтарлықтай көрнекті. Бір жерге орын ауыстырмай егін салуға (мономәдениетке) көшу ауыл шаруашылығының зиянкес атаулылармен күресу үшін улы химикаттарды қолдануды қажет етті. Химикатармен алынған тапсырыс орындалды, ал қалаулы қасиеттері бар қатты әсер еткіш дәрілік зат (препарат) жинақталып күрделі қоспаға айналдырылды (синтезделді). Өнертабыстың авторы швейцарлық ғалым Мюллер 1974 жылы Нобель сыйлығын алды, бірақ көп ұзамай ДДТ-ның тек қана зиянды түрлерді ғана емес, сонымен бірге тірі тканьдерге жиналып алу қабілетін игере отырып, адам ағзасын қоса есептегенде барлық тіршілік иесіне жойғыш әсер көрсетеді. Үлкен кеңістіктерге еркін қозғала алатын және оңайшылықпен бұзылмайтын дәрілік зат тіпті Антарктида пингвиндерінің бауырынан табылған болатын.
Р.Карсонның кітабынан біздің ғаламшарда экологиялық тоқыраудың опрын алып отырғанын көрсеткен НТР-дың теріс экологиялық зардаптары туралы мәліметтерді жинау кезеңі басталды. Әлеуметтік экологияның бірінші кезеңін адамдық тәжірибеге ғана негізделген (эмпирикалық) деп айтуға болады, өйткені зерттеулерде бақылау арқылы алынатын эмпирикалық мәліметтер басымдылық көрсетті. Экологиялық зерттеулердің бұл бағыты ақыр соңында ғаламдық мониторингке, яғни біздің бүкіл ғаламшардағы экологиялық жағдай туралы мәліметтерді бақылауға және алып келді.
1972 жылы әлеуметтік экологияның екінші үлгілік кезеңін бастап берген, тұңғыш аталмыш «әлемдік үлгілерді» жасап шығарған Д.Медоуза тобымен дайындалған «Өсу кемелдері» кітабы шықты. Аталған үлгілерді құрастырған кезде пайдаланылған жүйелі қозғалыс әдісінің негізін қалаушы Д.Форрестер былай деп жазған: «Біздің әлеуметтік жүйелеріміз технологиялық жүйелерге қарағанда анағұрлым күрделірек және түсінуге қиын». Біз неге нақтылы өмірге жаңа заңдар мен үкіметтік бағдарламаларды енгізбес бұрын біздің жүйелерді зерттеу үшін үлгілендірудің сол әдісін пайдаланбаймыз және осы үлгілермен зертханалық тәжәірибелер өткізбейміз? Көбінесе біздің әлеуметтік жүйелер туралы біліміміз пайдалы үлгілерді жасап шығару жеткіліксіз деген жауап естиміз. Мен біздің біліміміз әлеуметтік жүйенің пайдалы үлгілерін жасау үшін жеткілікті деген ойды ұстанамын. Және керісінше, олар барынша тиімді әлеуметтік жүйелерді тікелей алдын-ала тәжірибелік үлгілендіру кезеңінсіз, жасап шығару үшін жеткіліксіз (Д.Форрестер. Әлемдік қозғалыс.-М.1978-138бет).
«Өсу кемелі» кітабының ерекше жетістігі оның футурологиялық бағытымен және таңқаралық қорытындылармен қалай анықталса, адамдар іс-әрекетінің әралуан тұстарына қатысты материалдың тұңғыш рет немқұрлым үлгіге жинақталуымен және ЭЕМ-ның көмегімен зерттелгендігімен де анықталады.
Д.Медоуза тобының жұмысы бәрінен де бұрын методологиялық тұрғыда қызығушылық туғызады, өйтені ол арқылы тұңғыш рет ғаламдық деңгейде ЭЕМ-ларына үлгілендіру сияқты күрделі қозғалыстық жүйелерді зерттеудің осындай қуатты әдісі қолданылған еді. «Өсу кемелі» кітабы Д.Медоуза тобының бастапқы негіздері мен қорытындыларын қалай талдаса олар қолданған математикалық аппараттың мүмкіншіліктерін де солай талдаған сыншы әдебиеттің таусылмас ағынын алып келді.
Сыншылардың көпшілігі ЭЕМ-ларына қатысты алдында әлеуметтік-экологиялық жүйелерді ғаламдық аймақтық деңгейде зерттеу ісінде үлкен болашақтан көрініп тұрғанына бірауыздан келісті.
20 жылдан артық уақытта әлемнің әртүрлі мемлекеттерінде бірнеше ғаламдық үлгілер жасалды. Бұл бағыттың келешегі аса зор. Д.Медоуза тобының үлгісі тура және кері байланыстардың ілмектерінен құрылған, олардың бүгінгі болмысқа құрған аулары іспеттес шілтерден тұрады. Месарович пен Пестельдің үлгісі- бұл көптеген салыстырмалы дербес бөлшектерге жарылған пирамида. Мен. Тинберген Месарович пен Пестельдің жұмысын органикалық өсудің «тоғайы» қалай болып көрінетінін анықтауға талпына отырып жалғастырдым. Болашақта анағұрлым өміршең және адамды қанағаттандыратын басқа да «тоғайлардың» «өсірілетінін» күтуге болады. Бұл, бәрінен бұрын мағыналы мақсат, және де дәл осы бағытта ғаламдық үлгілендірудің алдағы қадамдарын болжауға болады. Оның алдын-ала қорытындыларын жасай отырып, аталған әдістің тек оған ғана тән айрықша ерекшеліктері бар болашақты жобалаудың маңызды құралы екендігін айтуға болады. Әзірге ғаламдық үлгілер бар болғаны «өсу кемелінің», «органикалық өсудің» және тағы басқаларының негізгі үлгілерінің (концепцияларының) ашық суреттемесі ғана.
Дегенмен де, тіпті бұл жағдайда да олардың мағынасы тиімді нәтижеге қол жеткізу мақсатында ойдағы және компьютерлік үлгілер синтезінің тұрғысында ерекше үлкен.
1992 жылы тұрақты дамудың басты үлгілерінің негізінде тұңғыш рет әлемдік қауымдастық үйлесімді стратегияны жасап шығарған және 179 мемлекеттің басшылары қатысқан Рио-де-Жанейроны дамыту мен ондағы қоршаған орта бойынша халықаралық конференцияны өткізгеннен кейін, әлеуметтік экологияның үшінші, ғаламдық-саяси кезеңінің басталғанын айтуға болады.
Мәдениет жүйесіндегі әлеуметтік экологияның орны.
Әлеуметтік экология олардың әрқайсысымен тығыз жанасатын әлеуметтану, экология, философия және мәдениеттің басқа да салаларының тоғысқан жеріндегі жаңа ғылыми бағыт болып табылады. Жоба түрінде мұны былай көрсетуге болады:
1)табиғат пайдалану экономикасы; 2)адам экологиясы; 3)экологиялық идеология; 4)экологиялық этика; 5)»тереңдік» экологиясы; 6)экологиялық саясат; 7)экологиялық құқық; 8)экология; 9)геологиялық экология; 10)антропогеография.
Негізгі мағынасы адамның табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттеу болып табылатын көптеген ғылымдардың аттары ұсынылады, олардың тұтастықтарында натурсоциология, ноология, генетика, ғаламдық экология, әлеуметтік экология, адам экологиясы, әлеуметтік-эконмикалық экология, қазіргі заманғы экология, үлкен экология және т.б. Қазіргі кезде үш түрлі бағыт туралы аз да болсын көп болсын сенімді түрде айтуға болады.
Біріншіден, әңгіме қоғамның табиғи ортамен қарым-қатынасын ғаламдық деңгейде, ғаламшардың көлімінде зерттеу жайында, бір сөзбен айтқанда, адамзаттың тұтастай жер биосферасымен қарым-қатынасы туралы болып отыр. Аталған саладағы зерттеулердің нақтылы-ғылыми негізгі ретінде Вернадскийдің биосфера жайындағы оқытуын айтуға болады. Мұндай бағытты ғаламдық экология деп атауға болады. 1977 жылы М.И. Будыконың «Ғаламдық экология» монографиясы шықты. Өзінің ғылыми көзқарастарына сәйкес, біздің ғаламшар қорларының саны, табиғи ортаның ластануының ғаламдық көрсеткіштері, химиялық элементтердің әсерлесу кезіндегі ғаламдық айналымдары, ғарыштың Жерге әсері, атмосферадағы озон қалқанының ахуалы, Жердің біртұтас дене ретінде жұмыс істеуі және т.б. сияқты мәселелердің маңызы үлкен болса да, Будыконың ғаламдық экологиялық проблеманың ауа-райлық тұстарына көбірек көңіл бөлгендігін айта кеткен жөн болады. Бұл бағыттағы зерттеулер белсенді халықаралық қарым-қатынасты болжап отыр.
Екінші бағыт болып халық пен қоғамның әртүрлі топтарының адам түсінігінің көзқарасымен қарағанда қоғамдық тіршілік иесі ретінде тұтастай алғанда табиғи ортамен қарым-қатынастарын зерттеулер болады. «Адамдардың табиғатқа деген шектелген қарым-қатынастары олардың бір-біріне деген шектелген қарым-қатынастарын түсіндіреді, ал олардың бір-біріне деген шектеулі қарым-қатынастары-олардың табиғатқа деген қарым-қатынастарын түсіндіреді». (К.Маркс Ф.Энгельс, Шығармалар.-2-ші шығарылым. –т.1.-29 бет). Аталған бағытты, әртүрлі әлеуметтік топтар мен класстардың табиғи ортаға деген зерттеуші қарым-қатынасын және олардың детерминирленген қарым-қатынастарын ғаламдық экологиядан бөліп қарау үшін оны тар мағынада әлеуметтік экология деп атауға болады. Бұл жағдайда әлеуметтік экология, ғаламдық экологиямен салыстырғанда жаратылыстанудан гөрі гуманитарлық ғылымдарға жақын болады. Мұндай зерттеулерге деген қажеттілік аса зор, ал олар әлі де болса өте шектелген көлемде өткізіледі.
Ақырында, адам экологиясын үшінші ғылыми бағыт деп есептеуге болады. Оның, тар мағынада, ғаламдық экология мен әлеуметтік экологияның мән-жайымен сәйкес келмейтін мән-жайы адамның немесе жеке тірі ағзаның табиғи ортамен қарым-қатынас жүйесі болып табылар еді. Бұл бағыт әлеуметтік және ғаламдық экологияға қарағанда медицина жақын. В.П. Казначеевтің анықтамасы бойынша, «адам экологиясы»-бұл әсерлесу заңдылықтарын, Homo sapiens түрін жетілдіруді зерттейтін ғылыми бағыт. Адам экологиясының мақсаты адам (популяция) денсаулығының сипаттамасындағы сыртқы ортаның әсер етуінен болуы мүмкін өзгерістерді болжауларды және өмірді қамтамасыз ету жүйелерінің тиісті бөліктеріндегі ғылыми негізделген түзету мөлшерлерін жасап шығару болып табылады.