Қазақстан халқы Ассамблеясы – этносаралық келісімнің бірегей институты.
2007 жылғы конституциялық реформа Ассамблеяны конституциялық мәртебесі бар мекеме ретінде бекітті. Ассамблеяға кепілдендірілген парламенттік өкілдік қамтамасыз етілген.
2008 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңы қабылданды, ол Ассамблеяның этносаралық қатынастар саласындағы қызметінің нормативтік құқықтық негіздерін анықтайды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ассамблеяның және оның қоғамдық құрылымдарының мәртебесі мен өкілеттіктері бекітілген Ассамблея туралы ереже бекітілді.
2018 жылы оның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Ассамблеяның инфрақұрылымы нығайтылды, оны азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік жүйесіне кіргізу ісі жүзеге асты.
Ассамблея жанынан құрылған қоғамдық қорлар жұмыс істейді, көпфункционалды веб-портал дамуда, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Ассамблеяның депозитарийі құрылды.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша 2009 жылы Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесі құрылды. Барлық өңірдегі жоғары оқу орындарының базасында ғылыми-сараптамалық топтар құрылды.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Орталық Азия аймағындағы этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы құрылды. Ол ғылыми-сараптамалық кеңестің жұмыс органы болып саналады.
Ассамблеяның журналистер клубы құрылды. Өңірлерде оның балама құрылымдары жұмыс істейді.
Барлық өңірде Ассамблеяның қоғамдық келісім кеңестері мен аналар кеңестері құрылған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2014 жылы Ассамблеяның атқарушы органы ретінде Қазақстан Республикасы Президенті жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. Өңірлік деңгейде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының жанынан «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемелері жұмыс істеуде.
Қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық моделі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің 56 тілінде таныстырылды және Қазақстан Республикасының шетелдегі елшіліктеріне таратылды.
ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары, Жаһандық диалог және ынтымақтастық орталығы, бірқатар елдің мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
2014 жылы Ассамблея мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің хатшылығы арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Демография – белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы.
Санақ – атериалдық денелер мен нүктелердің қозғалысын (немесе тепе-теңдігін) салыстырып зерттеуге арналған бір не бірнеше денелерге орналасқан координаттар жүйесі мен сағаттар жиынтығы; әртүрлі уақытта қозғалыстағы денелердің (немесе механикалық жүйенің) салыстырмалы орнын анықтайтын нақты немесе шартты алынған қатты дене.
Миграция – адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.
Диаспора – әлеуметтік ғылымдарда ұлттық ата-жұрты болып табылатын елден тысқары өмір сүретін халықтың бір бөлігі
Репатриация –түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды Отанына қайтару. Әскери тұтқындар жайы туралы Женева конвенциясына (1949) сәйкес соғысушы мемлекеттер әскери қимыл кезінде шені мен санына қарамастан ауыр науқас не ауыр жаралы әскери тұтқындарды жол жүруге жарайтын жағдайға жеткізіп барып отанына қайтаруға міндетті. Әскери қимылдар тоқтаған соң соғысушы мемлекеттер Репатриацияға жатпайтындарынан (қылмыс жасағандары, жазасын өтеп жатқандары) өзгесін сөзсіз Репатриациялауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |