Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының негізгі векторы. Әлеуметтік жаңғыру: мақсаты, міндеттері, қағидалары


Әлеуметтік-демографиялық үдерістер жағдайындағы егемендік



бет9/10
Дата22.04.2022
өлшемі52,36 Kb.
#31960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Әлеуметтік-демографиялық үдерістер жағдайындағы егемендік.

Егемендіктің алғашқы жылдары кезінде үрдіс алған демографиялық дағдарыстың ең ауыр нәтижесі – Қазақстан халқы 1989-1999 жылдар аралығында 1,5 млн-нан астам адамға, яғни 8,2% азайды, халық саны азаюы 2002 жылға (қоса есептегенде) созылып, 2003 жылдан бастап аз да болса өсе бастады. 2007 жылдың басында 15 млн 394 мыңнан аз ғана асты. Бұл жағдайдың негізгі себебі тек 1991-1999 жж. арасында сыртқа кеткен көші-қон нәтижесінде Республика халқы 1 млн 854 мыңнан астам адамға кеміді. Соның нәтижесінде Қазақстан Республикасы халқының жалпы саны әлі де 1989 ж. деңгейіне (16,5 млн) жете қойған жоқ. Сыртқа кеткендердің басым көпшілігі өз тарихи отандарына қайта оралғандар еді, олардың ішінде тек 1993-1998 жж. – 1 млн астам шығыс славяндар (орыс, украин, беларус), 400 мыңға жуық немістер болды.

Бұл көші-қон толқындары Қазақстан халқының ұлттық құрамына күшті әсер етіп, олардың үлестік ара салмағын күрделі түрде өзгертіп жіберді. Қазақтар 1939-1989 жылдардан кейін, алғашқы рет 1999 ж. өз Отанында көпшілікке айналып, 53,4 пайызға жетті, бұрын басым болған орыстардың үлесі 30,0%-ға тоқтап, төмендей түсті.

2007 ж. басында Қазақстан халқының ұлттық құрамы төмендегідей болды: қазақтар 9,1 млн-нан асып, үлесі 58,6%-ға жетті (1989 ж. – 6 млн 496,8 мың, яғни 40,1%, ал 1999 ж. – 7 млн 985 мың, яғни 53,4%); орыстар – 3 млн 945,1 мың – 25,6% (1989 ж. – 6 млн 062 мың – 37,4%, 1999 ж. – 4 млн 479,6 мың – 29,9%), украиндар – 440,5 мың – 2,86% (1989 ж. – 875,6 мың – 5,4%, 1999 ж. – 547,0 мың – 3,6%); өзбектер – 439,6 мың – 2,85% (1989 ж. – 2,0%, 1999 ж. 370,6 мың – 2,48%), ұйғырлар – 233,2 мың – 1,5% (1989 ж. – 181,5 мың – 1,1%, 1999 ж. – 210,3 мың – 1,4%); немістер – 222,3 мың – 1,4% (1989 ж. – 946,8 мың – 5,8%, 1999 ж. – 353,4 мың – 2,3%). Осы 1989-2007 жж. арасында Республика халқы құрамында қазақтардың үлесі 18,5%-ға өссе, орыстардың үлесі – 11,8%, украиндардың – 2,6%, немістердің – 4,4%-ға төмендеді. Енді, яғни қазіргі жағдайда және болашақта Республика халқының өсіп-өнуі, яғни табиғи өсімі мен көші-қон сияқты оның негізгі екі қайнар бұлағы еліміздің 60% құрайтын қазақ ұлтының демографиялық қасиеттері мен олардың даму үрдісіне байланысты болып отыр. Дәлірек айтқанда, қазақтардың табиғи өсімі мен көші-қоны Республика халқының демографиялық сипатын анықтайтын жағдайға қолымыз жетті.

Қазақтар орыс, украин, неміс және басқа европалық ұлт өкілдеріне қарағанда, табиғи өсімі жоғары саналғанмен, 1990 жылдары олардың арасында 3 және онан көп балалық азая түсті. Тіпті бұл жағдай көп балалық тән Оңтүстік Қазақстан аймағында да байқалуда. Қазақтардың табиғи өсімі төмендеуі рыноктық қатынасқа, ауылдың қиыншылықтарына, қымбатшылық пен жұмыссыздық өрістеуіне, әсіресе қазақтар басым орналасқан ауыл-селоның жағдайының күрт нашарлауына және басқа өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарына байланысты еді. Осының нәтижесінде адам мүмкіндігінің дамуы индексі (қалыптасқан халықаралық есептеу әдістеріне сай) бойынша (бұған өмір ұзақтығы болжамы, жан басына шаққан нақтылы табыс мөлшері мен білім алу мүмкіндігі жатады) Қазақстан 1993 жылы дүниежүзінің 175 мемлекеті ішінде 54 орынға ие болса, 1997 ж. 93 орынға төмендеді. Республика халқы ішінде әйелдер үлесі еркектерден басым болса, қазақтар арасында еркектер көп болып отыр, сонымен қабат республика халқы көбіне қартая түссе, қазақтардың басым көпшілігі жастар мен балалар екені байқалуда. Қазақтардың арифметикалық орта жасы бар болғаны 25 жас, ал некеге тұру мен бала тууға байланысты орта жас -21. Бұл кезеңде ауылдағы жұмыссыздықтан қазақтардың қалаға бет бұрғаны айқын көрінгенімен, олардың әлі де жартысынан көбі (2004 ж. — 51,8%) ауылдық жерде қоныс тепкен. Дегенмен қала тұрғындары арасында қазақтар үлесі 1989 ж. 27,1%-дан 1999 ж. 43,1%-ға, ал 2004 ж. — 48,2% жеткенін басып айту қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет