Білім жүйесінің мазмұнын жаңарту
Республика мектептерiнде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгiзуде де оң қадамдар ӛрiс алды. 2001 жылы елде орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың бiрiншi кезеңi негiзiнен аяқталды, нәтижесiнде 58 оқушыға бiр компьютерден келген. "Интернет – мектепте" бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның iшiнде 868 ауыл мектебi ақпарат желiсiне қосылған. Үкiметтiң 2002-2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегi бiлiм беру, оқытудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру, оқу-әдiстемелiк кешендi қалыптастыру, мектепке дейiнгi балалар мекемелерінің санын арттыру кӛзделген. Ауылдық жерлердегi мұғалiмдердi тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың бiлiктiлiк деңгейiн кӛтеруіне жағдай жасау, тағы да басқа iстердi жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бiрге кәсiптiк мектептер мен колледждерге керектi оқулықтар және оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу жайы да жан-жақты қарастырылған.
Елiмiз егемендiк алған он жылдан астам уақыт iшiнде республика жоғары және орта арнаулы бiлiм беретiн оқу орындарында да бiрсыпыра жаңа ӛзгерiстер орын алды. Республиканың жетекшi оқу орындары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттiк университетi, Абай атындағы Алматы университетi, Қазақ ұлттық техникалық университетi және басқалар Қазақстанның тәуелсiз iшкi және сыртқы саясатын жүргiзуге қабiлеттi маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркiстандағы Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрiк университетi, Сыртқы Iстер Министрлiгi жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс iстейдi. Бұлардан бiлiм алып, дайындалып шыққан кадрлар, Тәуелсiз Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрi дамытып, бiлiктiлiкпен жүргiзуде ӛздерiнiң лайықты үлесiн қосатынына сенiм артты. Ӛйткенi олар қазақ, орыс тiлдерiнен басқа шет елдермен байланыс жасауда аса қажеттi ағылшын, немiс, француз, араб, қытай, хинди және тағы басқа да тiлдердi меңгерiп бiлiм алады. 1997 жылы елiмiзде мемлекеттiк 53 жоғары бiлiм беретiн және 40-тан астам жеке меншiк жоғары оқу орындары жұмыс iстедi. 2002 жылы мемлекеттiк жоғары оқу орындары 47-ге дейiн азайды, оған керiсiнше ақы тӛлеп оқитын жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Бiлiм және ғылым минситрлiгiнiң шешiмiмен 43 мемлекеттiк, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды.
Қазақстанның тәуелсiздiк алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халықаралық қарым-қатынасы кеңейдi. 1991 жылы жүздеген республика оқушылары, студенттерi мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, қазiрде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазақстан Президентi жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор құрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның iшiнде АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жiберiледi. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден бiлiм алып келдi. Ал 2003 жылдың басында республикалық арнайы комиссияның шешiмiмен 25 жас жiгiттермен қыздар шет елге оқуға жiберiлетiн болды. Егемендiк алған жылдары елiмiздiң ғылымын дамыту салаларында үрдiс өзгерiстер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми iзденiстерiнiң тақырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институт, Ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесi кеңейтiлдi. Қазақстан Республикасының Инженерлiк академиясы жұмыс iстейдi, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық академиясының құрамына енгiзiлдi. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекiту үшiн республика Жоғары аттестациялық комитетi құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |