Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының негізгі векторы. Әлеуметтік жаңғыру: мақсаты, міндеттері, қағидалары



бет4/10
Дата22.04.2022
өлшемі52,36 Kb.
#31960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4.12.2021

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасының басты принципі - «еңбек етсең, жемісін көресің» деген қағидамен ұшпа ұш келеді. Елбасы атап көрсеткеніндей, әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруға болмайды. Ал әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыру мемлекеттің ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің міндеті. Ең алдымен әлеуметтік жаңғыртуды теңестіру, әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді үлгісін жетілдіру, әрбір қазақстандықтың еңбегін еселей отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек құндылығына баса мән беру.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жиырма жылды кейін тастап, бүгінімізге көз жүгіртер болсақ, еліміз талай асуларды бағындырып, үлкен жетістіктерге жетті. Егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанған еліміз біраз қиындықтарды да басынан өткерді. Оған сіз бен біз куәміз. Бірақ уақыт мұнымен тоқтап қалмай, мемлекет басшысы алдымызға мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында белсене еңбек етуіміз керек екенін айқындап берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында еңбек адамның еңсесін көтеретіндігі жөнінде аталы сөздер айтып, әркімнің еңбек етуіне жағдай жасау мәселесі тиянақталып, Үкіметке осы міндетті орындау үшін 20 тапсырма бергені белгілі. Елбасының тапсырмасын орындау барысында өмірге келген «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының халық үшін берер жақсылығы өлшеусіз. Жұмыс­пен қамту бағытында ешбір елде мұндай бағдарлама қабылдаған емес. Еңбек адамына жасалынған қамқорлықты пайдалана білу маңызды.

Ата-бабаларымыздың елдің көсегесі еңбекпен көгеретінін, еңбек арқылы ғана көздеген мақсатқа жететінін келешек ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Еңбек жеке адамның да, елдің де көгеруіне зор ықпал етеді. Соңғы жылдары елдегі өндірістердің көптеп ашылуы жұмыс орындарына деген сұранысты қанағаттандырып келеді. Алайда, кейбір жағдайда маман мен жұмысшы тапшылығына қатысты мәселенің өзекті болатыны да рас. Бұл ретте Елбасының «Егер бізге қабілетті ұлт болғымыз келетіндігі рас болса, бұл псхологиядан арылу қажет! Жаңа біліктілікті меңгеру және зауытқа, өндіріске бару керек. Жас та және ересек те қазақстандық бос отырып, бәрін де сынай бермей жұмыс бар жерге, нәпақа табатын жерге қарай ұмтылулары керек!» дегені дөп айтылған болып отыр. Сондықтан да, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясы – ел игілігі жолында қажырлы еңбек етуге үндеп, қоғам дамуындағы еңбектің роліне аса зор мән беруіміз қажет.

Бүгінде әлеуметтік дамудың жаһандық тренді «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына» өтуге барып тіреледі, сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жүйесін құру Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің бірі.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет