Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының негізгі векторы. Әлеуметтік жаңғыру: мақсаты, міндеттері, қағидалары


Қазақстанның халқы, ұлттық құрамы (1897 ж. - 1917 ж.). Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуының ерекшеліктері (1917-1939 жж.)



бет5/10
Дата22.04.2022
өлшемі52,36 Kb.
#31960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
4.12.2021

Қазақстанның халқы, ұлттық құрамы (1897 ж. - 1917 ж.). Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық дамуының ерекшеліктері (1917-1939 жж.)

Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің халқы өзінің этникалық аумағын және демографиялық құрамын құру процесінде күрделі, ауыр тарихи жолдан өтті.

XV ғ. ортасында жинастыру кезеңінде Қазақ хандығындағы тұрғындардың санын 200 мыңдай адам құрды.Келесі 70 жыл бойы қазақ халқын және оның аумағын жинау арқылы тұрғындардың үдемелі өсуі жүрді.XVI ғ. басында Қасым хан құзырындағы азаматтар саны 1 млн. адамды құрды.

Қазақстан халқы көп ұлтты құрамының құрылу басына орыс үкіметінің қудалауынан қашқан орыс, украин, татарлар және басқа ұлт өкілдері казак еркіндігіне біріккен кездегі XVI ғ.-на жатады. 1890-шы жж. Ресей және Украинадан шыққан шаруа отарлауы күшейеді. Ресейдің әскери және көші-қон экспансиясы барысында құрылған, бекініс негізінде орыс, украин және татар басымдылығы бойынша орналасқан алғашқы колониалдық қалалар пайда болды. 1881-1883 жж. Синьцзяннан (Қытай) 50 мыңға жуық ұйғырлар мен дүнгендер көшіп келді, олардың көбі Қазақстан аумағында орналасты.

1897 ж. Ресей империясы халқының есеп-санағы деректері бойынша Қазақстан аумағында үш аса ірі этникалық топтар ерекшеленді: халықтың 81,7% құрған қазақтар, орыстар — 10,9 және украиндықтар —1,9%. Бірақ 1914 ж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 65,1-ге дейін төмендеді, ал шығыс славяндар (орыс, украин, белорустар) саны 29,6%2 өсті.Демек, 1897-1914 жж. қазақтардың салыстырмалы салмағы 16,6 пунктіне төмендеді, ал славян халқының саны 16,8 пунктіне дейін өсті.

Орыс және украин халқы көші-қонның оң айырмасы байырғы халықтар салыстырмалы салмағы төмендеуінің басты себебі және оның басқа этникалық топтарымен қатынасы болып табылды. ХІХ ғ.соңғы он жылдығында – ХХ ғ. басында столыпин аграрлық реформаға байланысты Қазақстаның шаруалық отарлауы ерекше күшейді.  46 жыл ішінде (1871-1917 жж.) өңірде  1,6 млн. астам адам мекендеді, олардың басым көпшілігі 1907-1916 жж. келді. Осының нәтижесінде ХІХ ғ. соңында – ХХ ғ. басында Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының құрылу процесі жылдамдатылды3. ХХ ғ. басында өңірде 60-қа жуық ұлттардың өкілдері өмір сүрді, олардың арасында түркі тілдес халықтан басқа (өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт және т.б.), немістер, поляктар, мордавалар, дүнгендер, тәжіктер,еврейлер және т.б. болды

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақтардың саны қысқарды, бұл табиғи  және өлім-жітімнің өсу деңгейінің төмендеуімен түсіндіріледі. Жүздеген қазақтар жазалаушылар қолынан қаза тапқан және империя шегінен қашуға мәжбүр болған кездегі  1916 ж. көтерілістің жеңілу салдары болды. Тек 1916 ж. Жетісу облысынан 150 мың қазақ қоныс аударды. Осылай өзінің ежелгі аумағында қазақтардың азшылыққа ауысу негіздері салынды.

1920 ж. қазан айында астанасы Орынбор қ. болған Ресей Федерациясының құрамындағы Қазақ Автономдық Кеңес Социалистік Республикасы жарияланды. Бұл ұлттық мемлекеттік білім құрамындағы қазақтардың этникалық аумағының көп бөлігін біріктіруге мүмкіндік берді.

1924 ж. Орта Азия республикаларының ұлттық-аумақтық межелеуі өтті, оның нәтижесінде Түркістан АКСР-дің қазақ аудандары (Сырдария және Жетісу облыстары) Қазақстан құрамына кірді. Орынбор губерниясы Ресей Федерациясына берілді. Республиканың демографиялық жағдайында белгілі өзгерістер пайда болды.

1926 ж. санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мыңнан астам адам өмір сүрді, олардың ішінде қазақтар - 58,5%, орыстар – 20,6, украиндықтар – 13,9, өзбектер – 2,1, татарлар – 1,3, ұйғырлар – 1,0, немістер – 0,8 және т.б. Егер 1897 ж. Бүкілресейлік санақтың деректерімен салыстыратын болсақ, осы 29-30 жыл ішінде республиканың тұрғындары шамамен 1,5-ке өсті, соның ішінде орыстар – 2,8-ге, басқа ұлт өкілдері – 4,3-ке, қазақтар тек – 234,8 мың адамға өсті, яғни 7%. Қазақтардың салыстармалы салмағы 23,2 пунктіне төмендеді, орыстар -9,6 пунктіне, басқалары – 13,7 пайыз пунктіне дейін өсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет