Тест тапсырмалары
Бұйрықты дайындаудың төртінші кезеңін көрсетіңіз.
А) қажетті мәліметтерді жинау
В) жобаны келісу
С) басшының қол қоюы
D) мәселенің мәнін зерделеу
Е) бұйрықтың жобасын дайындау
Бұйрықтың міндетті түрде қандай сұраққа жауап беретін тақырыбы болады?
А) неліктен?
В) не туралы?
С) қашан?
D) неліктен?
Е) кім туралы?
Бұйрықтың басқару бөлігі қандай сөзден басталады?
А) Тапсырамын
В) Анықталсын
С) Бұйырамын
D) Келісемін
Е) Қарсы емеспін
Тәуелдік жалғауының екінші жағында тұрған сөзді табыңыз.
А) бұйрығы
В) бұйрығың
С) бұйрығымыз
D) бұйрықтарымыз
Е) бұйрықтары
Тәуелденетін сөзді табыңыз.
А) жүр
В) жұмыс
С) істе
D) жоғары
Е) үшін
№ 5 сабақ
Өкімдер
(Распоряжения)
Өкім – кәсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша басшы немесе оның орынбасары шығаратын құжат.
Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерде ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасарлары қол қояды.
Өкімнің мәтініне:
нақты тапсырма (жұмыс);
жауапты орындаушы;
орындау мерзімі кіреді.
Басқару бөлігі әдетте, қазақ тіліндегі мәтінде «Міндеттеймін», «Белгілеймін»деген сөздермен аяқталады.
Өкім үлгісі
(Форма распоряжения)
А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ
№ 567
|
Достарыңызбен бөлісу: |