2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз (Раскройте скобки, выбрав подходящую форму слова)
Басшының өкімі (ойдағымен, ойдағыдай, ойдағылар, ойдағысын) орындалды. Біз мемлекеттік тілді (құрметтесің, құрметтесе, құрметтейміз, құрметпен). Директордың орынбасары кезекті өкімін (шығарысты, шығарды, шықты, шығарылды). Өкім – басқару (құжаттарының, құжаттарына, құжаттарын, құжаттарында) бір түрі. Бүкірдің арманы (шалқасында, шалқасының, шалқасын, шалқасынан) жату.
3-жаттығу. Қарамен белгіленген сөздердің дұрыс мағынасын беріңіз (Определите правильное значение выделенных слов).
Билікті уысынан шығармады.
_________+___________ қолынан
_____________________ саусағынан
Бай мен кедейдің арасы алшақтап барады.
_____________________ алыстап барады
_____________________ анықталып барады
Заңның сақталмағаны жанына батады
_____________________ қиналтады
_____________________ жанданады
Өкімді орындамау - өрескелдік
_____________________ тәртіпсіздік
_____________________ өркөкіректік
Дағдарыстан шығудың қандай жолы бар?
_____________________ күйзелістен
_____________________ толғаныстан
Ел мүддесін ойлау – ер жігіттің белгісі
_____________________ қамын
_____________________ жолын
Жинақтаушы қорға орасан зор табыс түседі
_____________________ пайда келеді
_____________________ ұтыс түседі
Жер байлығына ауыз сала бастады
_____________________ қолдау
_____________________ қол сұғу
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауларын қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз. Жоғарыда көрсетілген кестеге сүйеніп, жіктік жалғауының түрін анықтаңыз (Окончите предложения, вставив вместо многоточий личные окончания. Опираясь на вышеприведенную таблицу, определите вид формы спряжения).
Мен мемлекеттік қызметкер… . Біз сабақта отыр… . Сен қазақ тілін жақсы біле… бе? Айгүл іс қағаздарын жүргізе… . Сендер ертең театрға бара… ма? Мен бұл кітапты бұрын оқып… . Біз бүгін жиналыс өткізді… . Сендер ертең жұмысқа ертерек кел… . Біз тапсырманың ойдағыдай орындалғанына қуанды… . Бастық бүгін тағы бір өкім шығарып… . Қазақ тілінде дұрыс жазуға ұмтыла… . Біз жұмыстан шықса…, далада қар жауып тұр екен. Сіздер үйге кір… . Сіз төрге шық… . Сен бастыққа не үшін барды…? Мен қазақ мектебін бітірді… .
5-жаттығу. Төменде берілген сөздердің мағынасын анықтаңыз (Определите значение нижеприведенных слов).
Қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдай, алшақтау, салы суға кету, мүдде, қанағат тұту, ығыстыру, беті бері қарау, жөн көру, түн қату, қоян қолтық жұмыс істеу, көз ілмеу, мұрты қисаймау, қомсыну, күпірлік ету, тәубесіне түсу.
6-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз (Прерведите на казахский язык).
Распоряжение – это правовой акт, издаваемый по оперативным вопросам управления. Оно подписывается заместителями директора, руководителями структурных подразделений в пределах их полномочий. Текст рапоряжения имеет те же составные части, что и приказ.
Достарыңызбен бөлісу: |