Тест тапсырмалары
1. Қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат.
А) қаулы
В) бұйрық
С) өкім
D) жарғы
Е) шешім
2. «Ереже» сөзінің орыс тіліндегі аудармасын табыңыз.
А) приказ
В) доказателство
С) положение
D) протокол
Е) распоряжение
3. Бұйрық райдың І жағында тұрған сөзді табыңыз.
А) жаз
В) жазылсын
С) жазайын
D) жазғыз
Е) жазсын
4. Қате жазылған сөзді табыңыз
А) бұрыңғы
В) қазіргі
С) кешегі
D) былтырғы
Е) биылғы
5. «Бекіту» сөзінің орысша баламасын табыңыз.
А) установить
В) закрыть
С) утвердить
D) постановить
Е) принимать
№4 сабақ
Бұйрықты дайындау
(Подготовка приказа)
Бұйрықты дайындаудың мынадай кезеңдері болады:
мәселенің мәнін зерделеу;
қажетті мәліметтерді жинау;
бұйрықтың жобасын дайындау;
жобаны келісу;
басшының қол қоюы.
Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерінде дайындалады.
Бұйрықта құжат түрінің атауы, күні нөмірі болуға тиіс. Бұйрықтың шыққан күні – басшының қол қойған күнінен басталады. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар нөмірленеді және жеке құрамға арналған бұйрықтардан бөлек жүргізіледі.
Бұйрықтың міндетті түрде «не туралы?» деген сұраққа жауап беретін тақырыбы болады. Мысалы, «Кәсіпорынды тарату туралы», «Жұмысқа қабылдау туралы», «Басқа жұмысқа ауысу туралы» т.б.
Бұйрықтарда негізгі жүкті басқару бөлігі атқарады, ол «Бұйырамын» деген сөзден басталады. «БҰЙЫРАМЫН» сөзі бас әріптермен жазылады.
Бұйрықтың басқару бөлігінде кімге (орындаушыға немесе құрылымдық бөлімшеге) не жүктеледі (нақты жұмыс түрі көрсетіледі), күні (оның мерзімінің аяқталу күні) сияқты мәселелер көрсетіледі.
Құжаттың осы тармағында ерекше анықтық, нақтылық сияқты қатаң талаптар қойылады.
Тапсырмалар бірнешеу болса, бұйрықтың мәтіні бірнеше тармақтарға бөлінеді. Әрбір тармақ қызыл жолдан басталады. Тармақтар араб сандарымен нөмірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |